Қарттарым – асыл қазынам
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, 27-қазанда өзіміздің Дөңгілағаш ауылында «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік кеш өткізілді. Бұл кештің ашылу салтанаты мерекелік концертпен басталды.
Өз өнерлерін биші қыздарымыз да, әнші балапандарымыз да көрсетуге қысылмай ата-әжелерімізді таңқалдырды.
Кешіміздің қонақтары Қонысбай округінің әкімі Сабуров Серік Манапұлы, мектебімізге демеушілік көрсетіп жүрген ағамыз Бақытжан Жанайдарұлы, ауыл ағасы Жахин Аптар Айтанұлы және ауылымыздың ардагерлері, қарт зейнеткерлеріміз Мырзағали атай мен Жолдаңғар аталарымызға сөз берілді.
Кешіміз осымен аяқталмай, қасиетті қарияларымызға арналып жайылған дастарханның қадірлі қонағы болуға мектеп асханасына шақырылды.
Қыркүйек айының 24-і күні мектебімізде «Айт қабыл болсын!»
тақырыбында танымдылық сабақ ұйымдастырылды.Жауапты мұғалім Калиева Гульсум Талапқызының дайындауымен өткізілген танымдылық сабақтан оқушылар құрбан айттың тарихынан және құрбандықтың шалыну тәртібінен мағлұматтар ала білді.Сабақ барысында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар алып,түсініктерін ортаға салып,талқылады.
Оқушылырдың жол тәртіптерін сақтап,өз өмірлерінің қауіпсіздігін ұстана білуге тәрбиелеу мақсатында «Жол ережесін білу өмір қауіпсіздігі»
тақырыбына мектебіміздің тәлімгері Иватқызы Гүлден тәрбие сағатын өткізді.Тәрбие сағатының барысында мұғалім балаларға ойындар мен жұмбақтар жасырып,суреттер салғызды.Бастауыш сынып оқушылыры ойын барысында бағдаршамның қандай түсіне жүріп,қандай түсіне жүрмеу керектігін игерді.Жол белгілерінің топтарына тоқталып,суреттер арқылы оқушыларға көрсетіп, түсіндіріп өткен мұғалім,балаларға белгілерге байланысты түсініктерін тексеру үшін сурет салу тапсырмасын беріп, қорытып отырды.
Күзгі мерекелік «Алтын күз» балы өтті.Жауапты Кайрбекова Калима Беркинбайқызының жауапкершілігімен өткізілді.І-шара өте жоғарғы деңгейде өтті,өз мақсатына жетіп,оқушыларды қызықтыра білді.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру мақсатында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық пен балалардың құқықтары туралы Конвенцияның негізгі ережелері» туралы сауалнама алынып,қорытындысы жасалып,олқылығы бар жерлерімен жұмыс жасау жоспары жасалды. Қазан айындағы жоспарланған бақылау мен басқару ісінің қорытындысына тоқталар болсам ,жоспарланған тексерулер уақытылы,кесте бойынша өткізілді.Қорытынды жасалып,ескертпелер тиісті сынып жетекшілерге жазбаша түрде таныстырылды.Күнделіктер мен мектеп формасының сақталуы және сынып жоспарлары мен сынып журналдарының сәйкестігін бақылау жоспарланан болатын.Тоқсанына бір рет бақыланатын сынып жиналысының өткізілу деңгейіде бақыланып, қорытынды жасалды.
1-9 сыныптардың сынып жетекшілер І тоқсанның аяқталуына орай сынып ішілік ата-аналар жиналыстарын өткізді.Ата-аналар жиналыстары әртүрлі үлгіде жүрілді. Кейбір сынып жетекшілер сыныпішілік ата-аналар жиналыстарында ата-аналарға балаларының мектеп өміріне, қоғамдық іс-шараларына қаншалықты араласатынын, тәртіптері, оқу үлгерімдері туралы мәліметтер берді. Ата-аналар жиналыстарында қазіргі таңдағы маңызды мәселелер жайында баяндамалар оқылып, әртүрлі тақырыптарда практикалық тапсырмалар орындалды. Сынып жетекшілер ата-аналар жиналыстарының хаттамаларын уақытында толтырған. Барлық сынып жетекшілерде І тоқсанның аяқталуына орай өткізген ата-аналар жиналыстарының хаттамалары толықтай бар. Талапқа сай, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жазылған. Күзгі демалыс кезіндегі оқушылардың қауыпсіздігінің алдын алу мақсатымен «Мұздағы қауыпсіздік» тақырыбына қысқаша есте сақтау керек атты ескерттпелер оқылып,таратылды.Ауа-райының төмендеуіне байланысты температуралық кестеде таныстырылып,ескертілді.
Аудандық білім бөлімінің нұсқауымен өткізілген кезектен тыс ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыс барысында Калиева Гүлсім Талапқызы оқыды. «Жаман әдеттерден сақтаудағы ата-ананың рөлі» - баяндамада отбасындағы, қоғамдағы қоршаған ортадағы тәрбие жөнінде кеңінен баяндады. Тәрбиенің басты құндылығы адам. Адамды тәрбиелеудің сара жолдары сан алуан екенін, оны сан-салалы жолдармен таныстыра отырып, тәрбиенің басты ерекшелігі Ұлттық тәрбиеде екенін, ұлтымыздың бай мол,қажетті тәрбие теориясын бойына сіңіріп өскен жас ұрпағымыз, болашақта іргелі елдің тірегі бола білетіні нақты дәлел. Қазіргі заманның жылдам дамуына байланысты жас ұрпақтың санасына жат қылықтардың белен алуына байланысты,наркомания,ерте жүктілік,алкогольдік ішімдіктерді ерте жастан пайдалану мектеп жасындағы балалардың бойынан табылып жатқанына тереңірек тоқталып ,мысалдармен ділелді түрде ата-ана санасына жеткізе отырып,осының барлығына себебі баланың бос уақыты дұрыс ұйымдастырылмағандығы мен ғаламтор жүйесін шектеусіз қолдануы да әсер етілетіні айтылып өтті. Бұдан соң баяндамада ұлттық тәрбие жөнінде және жалпы тәрбие жөнінде ұлы даналардың нақыл сөздерін айтқан шешендік үлгілерінен мысыл келтіре әңгімеледі. Б. Момышұлы «Тәрбие-туралы бесік жырын айта алмаған анадан ,балаға ертегі айта алмаған әкеден қорқамын» дегені бекер емес. Баяндама хаттамаға қоса берілгендіктен қысқа-нұсқа түсірілді.
Қарашаның 4-і күні кестеден тыс ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыстың тақырыбы: Нашақорлық ,жұқпалы ауырулар, ерте жастағы жүктілік пен жыныстық тәрбие. Осы аталған тақырыптың алдын алу мақсатында ата-аналармен кездесу жұмыстары өткізілді.
Оқушылардың күзгі демалыстарындағы уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектебіміздегі мұғалімдер жоспар құрып,сол жоспар бойынша балалардың бос уақыттарын қызықты ұйымдастыру жұмыстарын уақытылы өткізді.Балалардың уақытын тиімді пайдалану үшін Калиева Г.Т.ұйымдастыруымен «Ертегілер елінде»атты қойылым өткізілді.Оқушылар өздерінің ұнатқан ертегілерін қойылым ретінде көрсетіп,мазмұндап берді.
Жакупова С.Т.ұйымдастыруымен «Шебер қолдар»атты іс-шара жоспарланып,өткізілді.Қатысқан оқушылар қатырма қағаздан бірнеше бұйымдар жасап үйренді.Әр бала өзінің жасап шығарған бұйымын қорғап,әңгіме немесе өлең шумақтарын айту арқылы сайысты.
Каримова А.А. жаупкершілігімен балалар үшін «Қызықты ырғақтар»
атты би қимылдарын үйрету үшін іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шара барысында балалар музыка ырғағына қарай дене қимылын жасап үйренді.Жоспарланған іс-шаралардың бірі-мектеп кітапханашысы Турлубекова Р.А. өткізген «101жұмбақ,1001 мақал»сайысы болды.Сайыс барысында жақсы жұмбақтар жасыра білген және тақырыпқа сай мақалдар айтқан 2-сынып оқушылары марапатталды.Күзгі демалыстың соңғы жоспарланған іс-шараларының бірі- «Көңілді старт» атты спорттық ойындарынан құрылған жарыс ұйымдастырылды.Жарыс барысында оқушылар қызыға жарысып,ойындар ойнап,тарқасты.
Қарашаның 15-і күні бастауыш сыныптарының арасында «ҚР. Рәміздерін білесің бе?»атты сайыс ұйымдастырылды.Сайыстың барысында оқушылар екі топқа бөлініп еліміздің рәміздерінің авторлары мен мағынасына сай сұрақтарға жауап берді және эсселер жазып,сайысты.Сайыстың қорытындысы бойынша екі топтыңда ұпайлары бірдей болды.Жауапты мұғалімдер оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатымен қосымша деректер беріп отырды.
Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу негізінде өткізілген «Рухани жұтаңдық қайдан пайда болады?»атты дөңгелек үстел жосапрға сай өткізілді.Қарашаның 21-і күні өткізілген дөңгелек үстелге жауапты мұғалім Кайырбекова Калима Беркинбаевна болды.Қатысқан 5-9 сынып оқушылары тақырыпқа сай өз ойларын ортаға салып,пікірлесті.Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін не істеу керектігіне тоқталып,жолдарын анықтай түсті.
Қараша айында аудандық жоспарға сай «нашақорлық пен темекіден сақтан!»тақырыбына апталық жоспарланып,өткізілді.Апталықтың барысында «Темекісіз өмір-үнемді өмір»атты пікірталас ұйымдастырылды.Оқушыларға темекінің зияны айтылып,қорғану жолдары яғни кеңестер берілді.Ауылдық мед.бөлімшесінің қызметкерімен кездесу ұйымдастырылып,оқушыларға қосымша материалдар берілді.Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алып,ойындар ойнады.Мектебіміздегі наркобекеттің мүшелерінің ұйымдастыруымен тренингтер мен сауалнамалар алынды.Сыныптар үшін сынып сағаттары өткізіліп,деректер беріліп,зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбымен спорттық сайыс өткізілді. Сонымен қатар мектебімізде «Нашақорлық шын қорлық» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды, шығармалар жазды. Апталық барысында жақсы қатысқан сынып оқушыларын мақтау қағазымен марапаттап, шағын сыйлықтар берілді.
Газеттер шығарылды, сонымен бірге жоспар бойынша жоспарланған жұмыстар толығымен орындалды.
Қорыта айтқанда, мектепте оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға үйрету мақсатында үзбей әртүрлі жұмыстар жүргізілді. Алдағы оқу жылында да осындай жұмыс түрлерін кең көлемде жүргізу жоспарланып отыр.
Қарашаның 27-і күні оқушылардың интелектуалды дамуын жетілдіру мақсатында «1001 мақал,101жұмбақ»сайысы 5-9 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды.Оқушылар әдебиет пәнінен алған білімдерін ортаға салу арқасында сайысқа түсіп,5,6 сынып оқушылары жеңімпаз атанды.
Еңбек және экономика тәрбиесін жетілдіру мақсатында бастауыш сыныптар үшін «Еңбек бәрін де жеңбек»тақырыбында тәрбиелік сағат өткізілді.Оқушылар еңбек арқылы неге қол жеткізуге болатынына жауап бере отырып,өлең-жырларын айтып,мамандық түрлерін таныстырып өтті.Тәрбиелік сағат өте жақсы өтті,ата-аналар өз мамандықтары туралы ортаға салып,қоғамға деген пайдаларын айтып берді.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойының тойлануына арналып құрылған іс-шаралардың есебі
Мақсаты : Оқушыларға қазақтың басын қосқан ұлы хан туралы деректер бере отырып,қазақ тарихын талдап,түсіндіру.
Тарихтағы ұлы тұлғалардың ерлігін үлгі тұтатын, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу .
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мектеп ішінде жоспары құрылып,бекітілді.Жоспар жауапты мұғалімдер мен оқушыларға таныстырылып,әдістемелік көмектер берілді.
Сынып сағат барысында балаларға қазақ хандығы туралы қысқаша деректер таныстырылды.суреттер көрсетіліп,талдаулар жасалды.
Әр сынып сағаттарында Абылай ханға арналған сынып сағаттары өткізілді.Сынып сағаттарға сыныптар бір-біріне қонақ ретінде қатысып,пікірлесіп отырды.
Д
Қараша айының 1-нен, 19-на дейінгі аралықта «Зорлықсыз балалық шақ»атты айлық жоспарланып,өткізілді.Оқушыларға зорлықсыз өмір сүру үшін нені білу керек деген сұраққа жауаптар алынды.Балалардың құқықтарымен таныстырылып,заңнан түсініктер берілді.Барлық сыныптар үшін сынып сағаттары өткізілд. Осы тақырыпқа байланысты көптеген іс-шаралар болып өтті. Соның ішінде өткен іс-шараның бірі «Қатыгездік пен зорлықсыз әлем құру» тақырыбында шығарма жазу жұмысын жүргіздім.
Шығарма жазу негізінен 5-9 сынып арасында өтті. Сынып оқушылары түгелімен қатынасты. Сол жазған шығармалары тақырыпқа сай жазылып әр оқушы өздерінің пікірлерін толығымен жүйелі және сауатты жазып берді.
Көптеген оқушылар негізінен қатыгездік дегеніміз не? Қатыгездік іс-әрекетіне нелер жатады? деген сұрақтар төңірегінде жазды. Қатыгездікті болдырмау үшін не істеу керек деген сұраққа да өз пікірлерін толығымен жазып берді.
Жалпы шығарманы тексере отырып ең жақсы ең үздік жазылған шығарманы атап өтсем ол.8-сынып оқушысы Жолдаңғар Алтынай деген оқушының шығармасы өте жақсы жазылған. Негізінен шығарма жазу оқушылар үшін өте қажет деп ойлаймын. Өздерінің ойларын қағаз беттеріне түсіре отырып шығармаларын жазып жақсы деген нәтижеге ие болды. Жалпы шығарма жазу оқушылар арасында жоғары деңгейде болып өтті.
Мектебімізде тәртіп-бұзушылықтың алдын алу шараларына арнап жоспар құрылып, сынып жетекшілері таныстырылды.Әр сынып бойынша тәрбие жұмысы жоспарының салауатты өмір салтын насихаттау бағытына енгізілді. Сынып жетекшілерінің әдіс бірлестігінде сынып бойынша тәрбие жұмысының жоспары бекітілді.Мектеп бойынша 29 оқушының барлығы дерлік осы іс- шараларға қатысады.Мектепте өрескел мінез көрсетіп, жаман қылық жасаған оқушы жоқ. Мектепішілік бақылауда тізімде тұрған оқушы жоқ. Түнгі тексерістердің кезекшілік графигі құрылып, жауапты сынып жетекшілеріне таныстырылды.
Діни сауаттылықтарын дамыту үшін оқушыларға арнап лекциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып тұрды.9-сыныптар үшін дінтану сабағы сабақ кестесі бойынша өткізіліп тұрды. Мектептің аға тәлімгерінің жауапкершілігімен "Дін сауаттылығы" тақырыбына кеңестер өткізілді. 5,9-сыныптар үшін "діннің тарихын білу керек пе?"атты пікірталас өткізілді. Оқу жылының аяғында ауыл имамымен кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар ала алды.
Дөңгілағаш негізгі мектебінде бірнеше жылдан бері ата-аналар комитетімен тығыз байланысып, жұмыс істеуде.
Ата-аналар комитетінің міндеті мектеп мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен бірлесе отырып әртүрлі жұмыстар жүргізу арқылы бала тәрбиесіне ат салысу.
Мектептегі өтілетін жалпымектептік мерекелерге барлық ата-аналар жақсы қатысады.
Тоқсан сайын,яғни осы уақытқа дейінгі аралықта жоспарланған жалпымектептік ата-аналар жиналыстары өткізілді және жаңа технологияларды пайдалана отырып,жиналысты түрлендіріп өткізуді негізгі мақсат ретінде қойып,өткіздім және жиналыс барысында оқушылардың оқу көрсеткіші, тәртіптері, сабаққа қатысуы жайлы ата-аналар жиналысы өтіледі.Ауданнан келген нұсқаулықтармен және білім заңындағы өзгерістермен ата-аналарды жиналыс барысында таныстырып,құлақдар еттік. Мектептегі өтетін Қарттар күні, Алтын күз, Жаңа жыл мерекелері ата-аналардың қатысуымен жақсы нәтижелер көрсетуде.
Ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту мақсатымен ашық есік күндеріде жоспарланып,ата-аналарға таныстырылып,кездесулер өткізіліп тұруда.
Желтоқсан айында өткізілген іс-шаралардың бірі Президент күніне арналған шаралар болды.
Іс-шаралардың мақсаты: Балаларға қазақтың тұңғыш президенті туралы мәліметтер бере отырып,елін,жерін және тарихын жақсы білетін ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Аудандық білім бөлімінен келген аудандық жоспарға сүйене отырып,мектепішілік жоспар құрылып,жауапты мұғалімдер бекітілді.
Қарашаның 19-ы күні 5-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазағымның мақтанышы» атты суреттер байқауы ұйымдастырылды.Сурет пәнінің мұғалімі Арыков Н.Т. жауапкершілігімен өткен байқаудың қорытындысы бойынша жақсы салынған суреттер таңдап алынып,мақтау қағазымен марапатталды.Жеңіп шыққан суреттер мектеп ішінде ілінді.
Қарашаның 21-і күні «Біздің Елбасы» тақырыбында мектебімізде мәнерлеп оқу байқауы өтті,жауапты мұғалім бастауыш сынып жетекшісі Жакупова Сәуле Тоқпайқызы болды. Байқауды мұғалім өз кіріспе сөзімен бастады. Келесі кезек оқушылардың жаттап келген өлеңдерін оқуға берілді. 9-сынып оқушысы Досаева Орынжанның оқыған өлеңі ауқымды болды. Ал өлеңді оқу нақышы басқа оқушылардан жақсы, бірақ әлі де болса артистік, дауыс ырғағын келтіруді жетілдіру керек екені байқалады. Сонымен қатар өз өлеңдерін бастауыш сынып оқушылары Турлыбеков Айдын 3-сынып, Мырзағали Мейірлан 1-сынып оқып берді. Мырзағали Мейірлан 1-сынып оқушысы болса да жоғары сынып оқушыларымен салыстырғанда көлемді өлең жаттап келгені үшін мақталды.
Қарашаның 22-і күні 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Елбасы және тәселсіз Қазақстан»атты шығармалардың қорытындысы шығарылып,үздік жазылған шығармалар таңдалып,марапатталды.
Мектебіміздің кітапханашысы Турлубекова Р.А ұйымдастыруымен «1желтоқсан Қазақстан Республикасының Президентінің күні» атты кітаптар көрмесі мен бұрыш жасалып,оқушыларға таныстырылып өтті. Бұл көрменің айдың аяғына дейін тұратындығын айтып,балаларға қосымша деректер мен кітаптар жайлы мәліметтер берілді
Қарашаның 23-і күні «Президен.Қазақстан және жаһандық әлем» атты баяндама оқылды.Баяндама барысында балаларға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елімізді әлемге таныту барысындағы жасап жатқан жұмыстары жайлы мәліметтер берілді және ел дамуының басты бағыттары мен даму стратегиялары таныстырылды. Еліміздің мақтанышы бас қаламыз Астана қаласына саяхат жасалды.Астана қаласының көрікті жерлері суреттер арқылы көрсетіліп өтті. «ЭКСПО-17» көрмесіне тоқталып,балаларға түсінік берілді.Балалар Астана қаласына барғандағы әсерлерімен бөлісті және болған жерлерін суреттерден көрсетіп,суреттеп берді.
Қарашаның 28-і күні жоспар бойынша бастауыш сынып арасында көңілді старт ойындары өткізілді.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Арыков Н.Т. жауапкершілігімен өткен спорттық ойындар өте көңілді өтті.
Қарашаның 29-і күні 5-9 сыныптар арасында спорттық ойындар жоспарланып,өткізілді.Балалар екі топқа бөлініп, әртүрлі спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.
Қарашаның 19-нан,29-на дейінгі аралықта сынып жетекшілер «Біздің Елбасымыз» тақырыбының аясында сыныптардың ішінде жоспарлы түрде сынып сағатарын өткізді.Сабақтар әр түрлі,өте қызықты және тақырыпқа сай жүрді.
Тұңғыш Президентіміздің өмірі мен еңбек жолын таныстыру үшін мектеп дәлізіне стенд жасалды.Балалар өздеріне керек деректемелерді оқып,біліп алу мақсатымен жасалған стендке балаларға қажетті деректер жазылып,ілінді.
Мектептің кіре берісіне Қазақстанның мақтанышы болған «Алтын адам» мен « Бәйтерек» монументінің суреті ілініп, жарықпен безендірілді.Мектеп ішінде Президентке арналған кітаптар көрмесі мен Қазақстанымның Тұңғыш Елбасы атты стенд жабдықталды.
2015 жылғы 30 қараша күнгі Елбасының кезекті жолдауын таныстыру жұмыстарының есебі
«ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты кезекті жолдауын талдау,таныстыру мақсатымен отырыс ұйымдастырылды.Жолдау негізгі бес бөлімнен тұратындығы айтылып,әр бөлімге тереңірек тоқталып, таныстырылып
өтті.Негізгі көзделген мәселе дағдарыстан аман-есен өту сатыларын нақты анық көрсете білді.Осы жолдауды негізгі бағдар беруші құжат ретінде ұстануға болатыны жайында да ойлар айтылып кетті.Отырысқа мектеп оқушылары мен ұстаздары және жұмысшыларда қатысып,өз ойларын ортаға салды.Әр бөлім бойынша түсіндірме жұмыстар мұғалімдерге бөлініп беріп,баяндамалары жинақталды.
№
|
Қатысқан ұстаздар саны
|
Қатысқан оқушылар саны
|
Қатысқан жұмысшылар саны
|
Өткізілген орны
|
1
|
10
|
29
|
5
|
Спорт зал
|
Елбасының білімге қөніл болуі мұғалімдер мен оқушылардың көңіліне қуаныш ұялатады.
Қазіргі еліміздегі білім негізгі мектепке дейінгі мекелемерден бастау алуы керек және мектепке дейінгі мекелер «Балапан», «Болашақ» бағдарламасы бойынша іске асыл жатыр . Мектепке дейінгі мекемелерден бастап үш тілдік оқытуда қолға алу керек, себебі елдің болашағын қазіргі балабақшаға баратын балалар жасайтынын айтып кетті.
Әр адам өзінің білімін үздіксіз жетілдіргін отыруы керек.
«Білім-ғалым жолының негізгі» екендігін ұғындық. Келешекте білімді қуған ұрпақтың өмірі ертегідегідей болатыны оқушыларды қызықтырды, бірақ соған қол жеткізу үшін ғылымға жақын болу керек. Ғылым жобалармен айналысып, көп еңбек ету керек. Тікелей теледидардан көрсетілді.
Мектебіндегі 16желтоқсан тәуелсіздік күніне орай өткізілген іс-шаралардың есебі
Мақсаты:Оқушыларға тәуелсіздікті алу жолындағы тарихи деректерді түсіндіре отырып,Отанға деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету үшін .
Желтоқсанның 9-ы күні іс-шаралардың ашылуына арналған ауызша журнал өткізілді.Ауызша журнал барысында мектебімізде іс-шаралар жоспары желтоқсанның 9-нан,14-не дейінгі аралыққа жоспарланып,құрылды және жауапты мұғалімдер бекітіліп,таныстырылды оқушыларға тәуелсіздіктің мән-мағынасын ашып,тәуелсіздік ұғымының түсінігі беріліп,іс-шараның соңында оқушылардың өлең-жырлары тыңдалып,Қазақстан туралы әндер айтылды.
Ай бойы мектептің кітапханасында «16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні» тақырыбына кітаптар көрмесі жасалып,оқушылар өздеріне керекті мәліметтерді қандай кітаптардан алуға болатындықтарын біле алды.
Тәуелсіздік тақырыбына «Қазақстан-тәуелсіз ел»атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды,көрмеге жауапты сурет пәнінің мұғалімі Арыков Нурмағамбет Тиешұлы болып бекітілді.Сурет арқылы оқушыларымыз туған елге деген сүйіспеншіліктерін жеткізуге тырысты.Сурет байқауы болғандықтан жеңімпаздар анықталып,қорытынды саптүзеуде марапатталды.
Желтоқсанның 10-ы күні «Әлемдік саясатты өзгерткен желтоқсан көтерілісі»тақырыбында 5-9 сынып оқушылары үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстел барысында оқушылар желтоқсан оқиғасы туралы өз ойларын ортаға салып,қыршыннан қиылған желтоқсан боздақтары жайлы толығырақ мәліметтер алды.
Сабақ кестесі бойынша сынып сағаттары өткізілді.Сынып сағаттарында сынып жетекшілер оқушыларға желтоқсан және тәуелсіздік туралы мәліметтер беріп,сабақтарын түрлендіріп өткізді.Бастауыш сыныптарында «Менің тәуелсіз елім» аясында өткен сынып сағаттарына оқушылар белсене қатысып,өз шығармашылықтарымен әрлендіре түсті. Жоғарғы сыныптарда сынып сағатары жарыс түрінде және дөңгелек үстел түрінде өткізілді.
Желтоқсанның 12-сі күні бастауыш сыныптарға арналған «Көңілді старт»спорттық ойын түрлері өткізілді.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Арыков Н.Т. ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға оқушылар қуана қатысты.Іс-шара өте жақсы деңгейде өткізілді.
«Терроризм мен экстремизмге қарсымыз»атты ата-аналар жиналысының есебі
Ауданнан келген бұйрықтың негізінде кезектен тыс ата-аналар жиналысы желтоқсанның 21-і күні ,сағат 16.00-де ата-аналар жиналысы өткізілді.Ата-аналар жиналысына 15 ата-ана қатысты,қатыспағаны 4 ата-ана.Жиналыс барысында ата-аналарға терроризм мен діни экстремизм туралы анықтама мен түсініктер беріліп,баланың тәрбиесі отбасынан басталатыны айтыла отырып, терроризм мен экстремизм туралы өз балаларына отбасылық отырыстарда түсінік беріліп,оның жақсылыққа апармайтын жол екендігіне балаларының көз жеткізу.Бұндай істерден аулақ болу арқылы еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігін берік ұстай алатынымызды да түсіндіру керектігі айтылып өтті.Жиналыс барысында ата-аналар өз ойларын ашық айтып,ел бірлігі басты мақсат деген ойға тоқталды.
Жылда жаңа жылға арналған мерекелік кештер өткізілді.
Бастауыш сыныптар үшінде жаңа жылға арналған ертеңгіліктер қойылды.
Оқушылардың қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру ұшін жоспар құрылып,балалармен қысқы ойын түрлері өткізілді.Көбіне спорттық ойын түрлері қамтылды.
Отбасылық спорттық сайыстарда жоспарланып өткізілді.
Мектеп ішіндегі «Бүлдіршін»шағын орталығының жасаған тәрбиелік шараларына тоқталар болсақ,олар мынандай қорытынды жасап отыр.
Қыркүйек айында « Бір халық,бір ел,бір тағдыр» сап түзеу өтті. Қыркүйек айында « Ұстазым,менің ұстазым»атты ертеңгілік өткіздік. Денсаулық күніне арналған фестиваліне байланысты « Темекі зиянды зат» атты ертеңгілік өтті.
Қазан айында алтын күзге арналған «Қош келдің,алтын күз» атты мерекелік концертіміз өтті. Қазан айында өтілетін қарттар күніне арналған ертеңгілігіміз « Ата мен әжеге» арнау атты ертеңгілік өтті. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы президент күні қарсанына байланысты « Біздің – Нұрсұлтан ағамыз» атты ертеңгілік өтті. Жаңа жыл мереке қарсанына байланысты « Жайна, жаңа жыл» атты концертімізді өткізуді жоспарланды. Онда баллардың жаңа жылға арналған киімдер киіп, өз өнерлерін көрсетеді. Өлеңдерін, тақпақтарын, көріністерін көрсетіп, билерін биледі. Концерттің сонында әр балаға сыйлықтар берілді.
Екінші тоқсанға жоспарланған бақылау мен басқару жұмыстары да,жоспар бойынша тексеріліп, қорытындысы жазбаша және ауызша сынып жетекшілермен жекеше мұғалімдерге таныстырылды.Нұсқаулар бойынша жұмыстардың жасалуы тексеріліп,есептері жинақталды.Оқушылардың сыртқы киімі мен оқу құралдарына жүргізілген рейдтердің қорытындысы жасалып, сынып жетекшілерге таныстырылып тұру жұмыстары да, алға қойылып,жүргізілуде.
Аптаның бірінші күндері екінші сабақтан кейін апта сайын саптүзеу өткізіліп,апталық қорытынды жасалып тұруда.Күнделікті сабақ басталмас бұрын оқушылар дене жаттығуларын жасайды.Осы жұмыстардың уақытылы өтуін мектептегі Жас Ұланшылар қадағалайды.
Дайындаған:Тәрбие ісінің меңгерушісі Калиева Г.Т.
«Дөңгілағаш негізгі мектебі»ММ.
Дөңгілағаш негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылындағы I-жарты жылдықта жасалған тәрбиелік жұмыстың қорытынды есебі.
Дайындаған :Тәрбие ісінің меңгерушісі Калиева Г.Т.
2015-2016 оқу жылы.
Достарыңызбен бөлісу: |