Оқу жылының I жартыжылдығындағы Дөңгілағаш негізгі мектебінде өткізілген тәрбие жұмысының есебі



бет1/3
Дата04.01.2022
өлшемі3,89 Mb.
#10241
  1   2   3

2015-2016 оқу жылының  I жартыжылдығындағы Дөңгілағаш негізгі мектебінде өткізілген тәрбие жұмысының есебі

Тәрбиенің мақсаты: Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтар мен рухани-адамгершілік қасиеттерді дарытып,жан-жақты дамыған заман талабына сай тұлғаны тәрбиелеу.

Осы мақсатқа жету үшін мектебіміздегі тәрбие жұмысын жоспарлау үшін 2015-2016 оқу жылына арналған 8 бағыттан құрылған тәрбие жоспары құрылды.Тәрбие жоспары кезекті тамыз айының пед.кеңесінде таныстырылып,бекітілді.Сынып жетекшілерге ағымдағы жылғы жұмыстар жүктемелері таныстырылып,бекітілді.

Азаматтық-патриоттық,құқықтық тәрбие бағыты бойынша өткізілген іс-шаралардың бірі - 1қыркүйек күні 1-9 сыныптар арасында өткізілген Қазақстан -2050 стратегиясы бойынша «Менің Қазақстаным» тақырыбына арналған сынып сағаты болды.Сынып сағатына оқушылар, ата-аналар қатысты.

Сынып сағатының мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасының көп ұлтты мемлекет екендігі туралы түсініктерін кеңейту,есту,есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, оқушыларды мемлекеттік құндылықтарды құрметтеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу, қызығушылықтарын арттыру.



Мектебіміздің барлық сыныптары балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру үшін безендіріліп,мерекеге сай жабдықталды.

Сынып бөлмесі шарлармен безендіріліп, қанатты сөздер ілініп, бүктемелер қойылды.5,6-сыныпта өткен сынып сағатының барысына тоқталар болсам. Сынып сағаты оқушылардың шаттық шеңберін құру арқылы басталып, әнұран айтылды.Сынып жетекшісі Каирбекова К.Б. ұйымдастыруымен өткен сабаққа оқушылар өте жоғары қызығушылықпен қатысты.



Мемлекеттік құндылықтар туралы өлең-шумақтар оқылып,өлеңде не туралы айтылғаны жөнінде оқушылардан сұрақ-жауап арқылы толықтырылды.

Қазақстан Республикасының елі,рәміздері,әнұранының жаңартылуы жайлы мағлұмат беріліп, оқушылар тәрбие сағатына арналған өлең-жырларын жатқа айта білді.Одан әрі оқушылардың хормен «Туған жер» , «Гүлжазира Қазақстан», «Астана», Саржайлау, Отан, Достық туралы әндері шырқалды.

Сынып сағаты қанатты сөздермен қорытындыланды.

-Еліміздің егемендігі жасай берсін !

-Туы асқақтап, Әнұран шырқалып,келешегі еркіндей берсін!

-Еліміз әрқашан тыныш болсын!

«Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет» дей келе мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, мақтан тұту, әрбір азаматтың міндеті.

Сынып сағатына қатысқан оқушылар мен ата-аналарға рақмет айтылды.

Бастауыш сыныптарында балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, сабақ ойын түрі мен топтық жұмыстарға сай таңдалып алынды. Сабақ барысында мұғалімдер балаларға сабақтың тақырыбын ойын түрінде ашып,талдап, түсіндірді.Сабақ жоспарға сай,тартымды өткізілді.Сабаққа қатысқан ата-аналар балалар мен ұстаздарын білім күнімен құттықтап,сөз сөйледі. Мектебіміздің 7,8-сыныптарында балаларға сабақ лекция түрінде берілді. Балалар бірнеше мәліметтерді алып,соңынан түсініктерін сұрақ-жауап әдісі арқылы көрсете алды.Мұғалім өз мақсатына жетіп, тақырыпты кеңінен аша алды.9-сынып үшін сынып жетекшісі Иватқызы Гүлден дамытушылық сабақ түрін таңдап алып,өткізді. Сабақ өте қызықты және түсінікті түрде өтті.Сабақтың негізгі мақсатқа жетті.Балалар өз ойларын ортаға салып,тақырыпқа сай ой толғауларын жазып,сабақты аяқтады.

Білім күніне арналған салтанатты саптүзеуге жауапты мұғалім Жакупова Сәуле Тоқпайқызы болып бекітілді және жоспар құрылып,музыкамен әрлендіру жұмысын тәрбие ісінің орынбасары Калиева Гульсум Талапқызына жүктелді.Безендіру жұмысы тәлімгер мен тәрбие ісінің орынбасарына жүктелді. Мектептің сырты мен сыныптар іші мереке күніне сай безендірілді.Саптүзеуді ауылдық мәдени ошағында өткізуді жоспарладық.Саптүзеуде негізге алға қойылған мәселелердің бірі-алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған 1-сынып оқушыларына назарды көбірек аудару болды.

Мектеп оқушыларынан құрылған «Сәлем,алтын ұя мектебім!»атты монтаж бен мектебіміздің биші қыздарынан құрылған ұлттық билеріміз саптүзеуді ажарландыра түсті.



Ауылымызда егіншілік шаруашылығымен айналысып жатқан «Ұмай-Жер»шаруашылығы 1-сыныптың төрт оқушысына арнап шағын сыйлықтарын табыс етіп,қуанта түсті. Саптүзеу барысында шақырылған қонақтарға құттықтау сөздері беріліп,ата-аналар тарапынан балалардың аттап отырған қадамдарына арнап,шашу шашылды.Саптүзеу соңында 1-сыныпқа қадам басып отырған бүлдіршіндеріміз 2015-2016 оқу жылының алғашқы қоңырауын соғу рәсімін орындап,қоңырау соғып, оқушылар мен ата-аналарды алғашқы сабаққа шақырды.Барлық сыныптарда алғашқы сабақтар жоспар бойынша,тақырыпқа сай өткізілді.



«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек

аралығында






Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кезекті жаппай оқу айлығы мен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізілді.

ҚР «Білім беру туралы» заңына сәйкес, жаппай білім берудің негізгі мақсаты – Қазақстандық барлық балалардың тегін орта білімге қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету.

Акция шеңберінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және Қазақстан Республикасы заңнамасымен анықталатын басқа да санаттағы балаларға жаңа оқу жылына дайындық қарсаңында материалдық көмек көрсетіледі.

Осы заңнаманы іске асыру мақсатымен біздің



мектебімізде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы жүргізілді.

Осы акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, акция бұрышы жасалды.

Жасалған акция бұрышына «Қамқорлық» қайырымдылық акциясына қатысты мәліметтер ілінді. Бұл өткізілген  «Қамқорлық»қайырымдылық акциясына мектеп мұғалімдерінің түгел қатысуымен өткізілді. Өздеріне тиісті шағын аудандарды, яғни мұғалімдер аралап мектептен тыс қалған балалардың бар,жоқтығы анықталды. Сабаққа келмей, оқумен қамтылмай жүрген оқушылар жоқ.

Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларына барып, жағдайларымен танысып, үй актісі жасалынды.

Жалпы оқыту қорынан 3 аз қамтылған отбасының балаларына киім-кешектей көмек берілді.

Жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Қамқорлық» акциясын өткізуге мектеп мұғалімдері мен оқушылары және ата- аналарда ат салысып түгелдей тегіс қатысып тұрады.

Денсаулық фестиваліне арналған «Денсаулық-зор байлық» атты ауызша журнал өткізілді.Спорттық жарыстар: мұғалімдер мен оқушылар арасында волейболдан, үстел теннисінен, баскетболдан сайыс өткізілді..

Тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі ұжымдық-шығармашылық іс болып саналады. Мектепте келесі іс-шараларды жүргізу  дәстүрге айналды:

            «Орынды тамақтан, спортпен өмір сүр, денсаулығыңды сақта!» ұраны негізінде «Денсаулық Фестивалі» өтілді. Ауылдың медбикесі келесі тақырыптарда оқушылармен әңгіме жүргізді: «Дұрыс тамақтанудың 9 қағидасы». Мектеп кітапханашысы «Әдемілік және денсаулық үшін пайдалы кеңестер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.Отбасы күніне арналған іс-шараларға жауапты мұғалімдер бекітілді.  Қазақстанда Отбасы күнін тойлау отбасы, адамгершілік, рухтандырушылық институтының нығаюына, жауапты зайыптылықтың маңыздылығын танып-білуге үлес қосады.

Отбасылық құндылықтарды, жауапкершілікті дәріптеу, әсіресе, отбасылық-демографиялық саясатты құрайтын көпбалалық аспектісі – басты мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылады.

Мектебіміздегі «Болашақ»балалар ұйымының жоспарлары талқыланып,

бекітілді.Отырыстарының тақырыптары анықталып,Қыркүйектің 6-сы күні балалар ұйымының сайлау күні болып бекітілді.Бұл күні оқушылар балалар ұйымының президентін сайлап алды.Президенттікке үміткерлердің ішінен көп дауыспен 8сынып оқушысы Жолданғарова Алтынай сайланды.Сайлау жабық түрде ұйымдастырылып,өткізілді.Сайлау соңынан оқушылардың қатысуымен шағын концерт қойылды.Республикалық Бірінғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Жас ұлан» мен «Жас қыран» топтарының жылдық жоспарлары талданып,бекітілді.Осы топтағы белсенділердің отырыстарында жылдық жұмыс жоспары таныстырылып,жауапты оқушылыр өз қызығушылығына қарай іс-шараларды бөлісіп алды.Жыл бойғы жұмыстарды ұйымдастыру барысында ұйымдардың белсенділері анықталып,жүктеме міндеттері таныстырылды.Өз қызығушылықтарына қарай таңдап алған жұмыстарына оқушылар белсене қатысады деген оймен осындай әдісті таңдап алуды жөн көрдік.Жыл бойғы жұмыстардың ағымы бойынша «Жол реттеуші»отряды құрылып,қатары анықталды. «Жас ұлан»ұйымының белсенділерінің қатысуымен мектеп алаңындағы гүлдердің тұқымдары жинап алынды және сынып бөлмелеріне гүлдер отырғызу акциясы өткізілді.Акция барысында оқушылар мен биология пәнінің мұғалімі бөлме гүлдерін егу жолдарын бастауыш сыныптарға көрсете отырып,отырғызды.Негізгі мақсаты балаларды еңбекке баулу және бөлме гүлдерін күте білуге тәрбиелеу.

Мектебімізде даярлық сыныпты қосқанда қосылған сыныптардың саны алтау болып бекітілді.Осы сыныптарға сынып жетекшілер бекітіліп,мектептің жылдық тәрбие жұмысымен сайкестендіріліп,сыныптардың тәрбие жұмыстары талқыланып,бекітілді.

Сыныптың тәрбие жұмысының жоспары 8 бағыт бойынша құрылып,бекітілді. Мектептегі мұғалімдер санының аздығы жылдық жұмыстарды ақсатпау үшін,жылдық жоспармен сайкестендірілді.Сынып жетекшілердің отырысында жылдық жоспар талқыланып,таныстырылды және жауапты мұғалімдер бекітілді.Жоспарды талқылау барысында айлық басқару мен бақылауларға тоқталып,таныстырылып отырды.Осы айда жоспарланған сынып сағаттардың бірі-аналар күніне арналған ашық сынып сағаттар болды.Барлық сыныптарда аналармен кездесу сабақтары өткізілді.Мектебіміздің 2,4-сыныптарында аналарға арналған «Асыл жан»атты кездесу сабағы өткізілді.Сабақтың барысында сынып жетекшісі Калиев Гульсум Талапқызы «Асыл жан-ол менің Анам» тақырыбына түсірілген видеосы арқылы әр баланың күнделікті айталмайтын ішкі сезімдерін аналарына тыңдатты.Осындай жаңашыл әдістер арқылы сбақты түрледіре түсті.Сабақ өз мақсатына жетіп,аналар балаларына баталарын беріп тарқасты.Бұндай сынып сағаттары 5,6-сыныптарда да,жоғары деңгейде өтті.1,3-сынып жетекшісі Жакупова Сәуле Тоқпайқызының ұйымдастыруымен өткізілген сабақ аналар үшін қуанышқа толы кездесу сабағы болды. 7,8-сыныптарда өткен сабақта өз мақсатына жетті және өте мағыналы диспут сабақ болды деп айтуға болады.Осындай сабақтар арқылы балалардың бойына үлкенге құрмет пен отбасылық құндылықтарды қадірлей білуге тәрбиелеу жүзеге асатыны белгілі.Аналар күніне арналған сабақтың көріністері.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет