Оқу жылының қысқы емтихан сессиясының жазбаша емтихан сұрақтарының тізімі «Информатика және білімді ақпараттандыру»



бет3/3
Дата30.01.2020
өлшемі235,29 Kb.
#56813
1   2   3
Байланысты:
пед.менеджмент.60с.


55

Менеджер қызметінде жетістіктерге жету мүмкіндіктерін тежейтін факторлар

Кәсіптік педагогика-233 бет

-Көп жағдайда өзін- өзі басқара алмауы

-жеке құндылықтарын жайып жіберуі

Жеке құндылықтарын жете түсінбеу;

Өзін-өзі дамытуды тоқтату;

-дұрыс шешім қабылдай алмау;

-творчестволық мүмкіндігінің жетімсіздігі;

Адамдармен тіл табыса алмауы;

-басқару жұмысының ерекшеліктерін жеткілікті дәрежеде ұғырбауы;

-басшылық дағдысының жетімсіздігі;

-Үйретуге қабілетсіздігі;

-ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі;

-педагогикалық және әкімшілік басқару қабілетінің жоқтығы



«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»

ПОЗ

56

Жоғары оқу орның құрылымы

      1. Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм туралы құжат беретiн және бiлiм беру, кәсiптiк ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыратын, заңды құқы бар мекеме- жоғары оқу орыны болып табылады. Жоғары оқу орындары өзiнiң iс-әрекетiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм туралы", "Жоғары бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасының ғылым мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" заңдарына, жоғары бiлiм беру саласын реттейтiн заң актiлерiне, осы Ережеге, сондай-ақ өз құзырына қатысты Жоғары оқу орындарын (ЖОО) басқарудың басқа да нормативтi актiлерiне сай жүзеге асырады. 


      Қазақстан Республикасына мемлекеттiк ЖОО мен қатар мемлекеттiк емес те (жекеменшiк) ЖОО жұмыс iстей алады. 
      Мемлекеттiк ЖОО үшiн мамандар құрамын және материалдық-техникалық базасын, олардың мәнiн және тағы басқа жағдайларын есепке ала отырып:

Жоғарғы, бiрiншi және екiншi - үш дәреже белгiлендi. 
     ЖОО дәрежесi туралы Ереженi Республика Үкiметi бекiтедi. 
     Құрылтайшы мемлекеттердiң бiрлесiп қаржыландыру келiсiм-шарттары негiзiнде мемлекетаралық органдар мен бiрлесiп басқарылатын халықаралық ЖОО ұйымдастырылуы мүмкiн. 
      2. Мемлекеттiк ЖОО Жоғары бiлiм беру туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бiлiм беру министрлiгiнiң және тиiстi орталық атқарушы органдарының ұсынуымен Республика Үкiметi құрады, қайта құрады және таратады. 
      3. Әрбiр жоғары оқу орны (ЖОО) осы Ереже негiзiнде ЖОО қызметiн реттейтiн өз Жарғысы мен Iшкi тәртiп ережелерiн дайындайды және бекiтедi. 
      Жоғары оқу орынының Жарғысы белгiлi тәртiп бойынша ЖОО бағынышты басқару органдарында тiркеледi. 
      Жаңадан құрылған мемлекеттiк жоғары оқу орындарында Жарғыны 1 жылға дейiнгi мерзiмге ғылыми кеңес қалыптасқанша құрылтайшы бекiтедi. 
      Халықаралық ЖОО Жарғысы құрылтайшы мемлекеттердiң үкiметтерiмен бекiтiледi. 
      4. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленетiн бiлiм беру қызметi мен жеңiлдiктерiнiң құқысы ЖОО лицензия берiлген күннен бастап есептеледi. 
      ЖОО бiлiм беру қызметiн жүргiзу лицензиясы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тәртiбiне сәйкес берiледi және керi шақырылады. 
      5. ЖОО бiлiм беру, ғылым және мәдениеттiң орталығы ретiнде басты мiндеттерi мыналар: 
      - жеке адамның мәдени және рухани дамуы, жоғары бiлiм мен таңдаған кәсiби қызметiне сай мамандығын алу қажеттiлiгiн қанағаттандыру; 
      - қоғамның жоғары бiлiмдi мамандарының әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiгiн қамтамасыз ету; 
      - кәсiби және жоғары бiлiмдi ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау; 
      - iргелi, iзденгiш, қолданбалы ғылыми және тәжiрибе құрастырушылық жұмыстарды, сондай-ақ әдiстемелiк зерттеулердi ұйымдастыру; 
      - басқарушы қызметкерлермен әртүрлi бағытты мамандардың бiлiмiн жетiлдiру мен көтеру; 
      - қоғамның iзгiлiк, мәдени және ғылыми құндылықтарын жинау, сақтау және көбейту; 
      - жұртшылық арасында бiлiм тарату, оның бiлiмдiк және мәдени деңгейiн арттыру; 
      6. Өзiнiң Жарғысына сай мемлекеттiк Жоғары оқуының құрамына ЖОО немесе заңды тұлға құрылымдарының бiрлiк статусы бар оқу, ғылыми, өндiрiстiк және басқа да бюджеттiк, шаруа есептiк бөлiмшелер кiруi мүмкiн. ЖОО оқу тәрбие кешендерiн, оқу-ғылыми өндiрiстiк бiрлестiктер, ассоциацияларды республикадағы, сондай-ақ шетелдердегi басқа да бiрлестiктердi құруға немесе соларға енуге құқылы. 
      Жоғары оқу орны барлық құрылымдармен бiрге бiлiм мекемесi - бiртұтас оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешен ретiнде жұмыс iстейдi. 
      7. Мемлекеттiк ЖОО (филиалдар, оқу және ғылыми институттардан басқалары) құрылымдық бөлiмшелерiн құру Бiлiм министрлiгiн хабардар ете отырып және қалыпты тәртiп бойынша ЖОО Жарғысына түзетулер енгiзе отырып, сол оқу орынының өзi шешедi. 
      Мемлекеттiк кәсiпорындар, мекемелер және ұжымдарды (бюджеттiлердi қоса отырып), соның iшiнде заңды тұлға статусы бар мемлекеттiк ЖОО жанында немесе құрамында құруды құрылтайшы қалыпты тәртiп бойынша жүзеге асырады. 
      ЖОО заңды және қаржылық дербестiгi бар аймақтық жекеленген оқу-ғылыми құрылымдарының бөлiмшелерiн құру жергiлiктi атқарушы үкiмет органдарымен келiсу арқылы, Қазақстан Республикасы Бiлiм Министрлiгiмен немесе оның келiсiмiмен өзi бағынатын ведомстволық басқару органымен келiсу арқылы iске асырылады. 
      8. Мемлекеттiк ЖОО өзiндегi мемлекеттiк емес ЖОО, сондай-ақ барлық ұйымдық құқылық формалары бар басқа кәсiпорындарға, мекемелер мен ұжымдарға негiзгi де құрылтайшы бола алады. 
      9. Жоғары бiлiм алу мақсатымен оқу төмендегi жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады: университет (классикалық, салалық университет), академия, институт (және соларға теңдестiрiлген ЖОО-лар). 
      Университет (классикалық) - қызметi iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу және жоғары, жоғары оқу орынынан кейiнгi және қосымша бiлiмнiң барлық деңгейiнде ғылымның, техника және мәдениеттiң табиғи-ғылыми, гуманитарлық және басқа бағыттарын кең көлемде оқыту арқылы бiлiмнiң, ғылымның және мәдениеттiң дамуына бағытталған жоғары оқу орыны. Университет, халық арасында мәдени-ағартушылық қызмет атқаратын және ғылыми бiлiмдi таратуға мүмкiндiк туғызатын, бiлiм, ғылым және мәдениеттi дамытудың жетекшi орталығы болып табылады. 
      Академия (салалық университет) - қызметi ғылыми зерттеулер жүргiзу және жоғары, жоғары мектептен кейiнгi және қосымша бiлiмнiң барлық деңгейiнде ғылым, техника, мәдениет салаларының бiрiн басым оқыту арқылы бiлiмдi, ғылымды және мәдениеттi дамытуға бағытталған университеттiк типтегi жоғарғы оқу орыны. Академия өзiнiң қызмет өрiсiнде жетекшi ғылыми және әдiстемелiк орталық болып табылады. 
      Институт - ғылымның, мәдениеттiң, техниканың бiрнеше бағыттарында бiлiми-кәсiптiк бағдарламаларды жүзеге асыратын және ғылыми-зерттеулер жүргiзетiн дербес жоғары оқу орыны немесе университеттiң бөлiгi (құрылымдық бөлiмшесi).

«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»

ПОЗ

57

Педагогикалық кеңес - басқаруды ұйымдастырудың бір формасы, түрі

Педагогикалық кеңес -мектеп, техникум, училищелердегі ұжымды басқару органы.

Құрамына оқу орнының директоры, педагогтар, кітапханашы, дәрігер, ата-аналар комитетінің төрағасы енеді.

Кеңес төрағасы сол оқу орнының директоры болады және жыл сайын бір мұғалім хатшылыққа сайланып отырады.

Педагогикалық кеңестің жоспары жалпы жұмыс жоспары негізінде жасалып, сол оқу орнының басты, көкейтесті мәселелерін қамтиды.

Кеңесте әкімшіліктің есебі тыңдалады, оқытушылардың баяндамалары, ұжымның пед. мәселелер бойынша жүргізген жұмыс қорытындылары, т.б. талқыланады.

Педагогикалық кеңес әр оқу тоқсанында кем дегенде бір рет өткізіледі.



Кеңестің негізгі міндеттері:

1) оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру;

2) білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға жоспарлауды, сараптаманы және ұсынымды ұйымдастыру;

3) білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;

4) оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді қорыту және тарату;

5) біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау;

6) сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісін әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау;

7) білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;

8) білім беру ұйымдарында білім беру үдерісінің жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

9) оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық (тұрақты және уақытша) орталықтарының жұмысын ұйымдастыру;

10) педагогтік ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды басқару;

11) білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру және оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

12) білім беру саласындағы қызметкерлерді аттестаттауға қатысу.

Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру;

2) құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестердің жұмыс жоспарларын қарау және келісу;

3) жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және қолдау;

4) білім беру ұйымдарда оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;

5) білім беру ұйымдарда әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық түрде және дидактикалық материалдар ұйымдастыру;

7) өндіріс пен ғылыми технологиялардың басым бағыттарын болжау негізінде білім беру мамандарының (кәсіптерінің) тізбесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талқылау;

8) оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және педагог қызметкерлеріне, білім беру ұйымдарына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау; жекелеген пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын талқылау және бекіту;

9) элективті пәндер каталогын қарау және бекіту;

10) пререквизит және постреквизиттерді бекіту;

11) әдістемелік бірлестіктер қызметінің жылдық жоспарларын келісу және бекіту;

12) білім алушылардың білімін бағалау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін әзірлеу және сараптамадан өткізу мәселелері;

13) білім алушылардың өздік жұмысын және оқытушының қолдауымен өткізілетін өздік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету;

14) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу


«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»

ПОЗ

58

Әдістемелік бірлестік - басқаруды ұйымдастырудың бір формасы, түрі

Әдістемелік бірлестік -мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу-тәрбие, әдістеме, тәжірибе – эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық бөлімшесі. Әдіс бірлестігі бір немесе сыбайлас бірнеше пәннен, құрамында кемі бес мұғалім болған жағдайда, сәйкесті орынбасарының ұсынысы бойынша, мектеп директорының бұйрығымен құрылады және таратылады. Пәндік әдіс бірлестігі тікелей оқу-тәрбие (не әдістемелік жұмыс) ісі меңгерушісіне бағынады.

Әдістемелік бірлестіктің негізгі міндеттері мен бағыттары

1. Оқушылардың ақыл-ой, мәдени, адамгершілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру; 2. Бір немесе бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістеме және эксперимент жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде дайындау және өткізу;

3. Әр түрлі сабақтар мен іс-шараларды өткізу әдістемесін жетілдіру мен оларды оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

4. Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық біліктілігін көтеру;

5. Педагогикалық эксперименттер жүргізу;

6. Мектеп бітірушілермен кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастыру;

Әдістемелік бірлестік жұмысы Әдістемелік бірлестікті тәжірибелі мұғалімдердің ішінен бірлестік мүшелерімен келісе отырып, мектеп директоры тағайындаған адам басқарады. Әдістемелік бірлестік жұмысы бірлестік жетекшісі мектептің жылдық жоспарына сәйкес жасаған жоспарға сай жүргізіледі. Жоспар әдістемелік жұмыстар меңгерушісімен келісіледі, мектеп директорына бекітіледі. Әдістемелік бірлестік отырыстары тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі. Өтетін орны мен уақыты мектеп әкімшілігіне алдын ала хабарлануы тиіс. Қаралған әр мәселе бойынша жазбаша нұсқаулар жасалып, орындалу барысы қадағаланады.

Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс формалары

- Эксперименттер, байқау-сынақтар жүргізу;

- Дөңгелек столдар, семинар-конференциялар дайындау;

- Шығармашылық және тәжірибелік есептер өткізу;

- Әдіс бірлестігі отырыстарын өткізу;

- Пәндік ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу;

- Лекция, баяндамалар, пікірталастар өткізу;

- Озат тәжірибе мен қажетті құжатта зерттеу, жүзеге асыру;

- Пән және әдістеме апталықтарын өткізу;

- Өзара тәжірибе алмасу және сабаққа ену;

- Сабақтар мен шараларды өткізу сапасын қадағалау;

- Ұстаздар мен оқушылардың білім-біліктілігін тексеруге қатысу,



Әдістемелік бірлестіктің негізгі іс-әрекет бағыттары

- Пәндер бойынша оқыту нәтижелерін талдау;

- Оқу бағдарламаларының өзгермелі бөлігін дайындауға, оқу мазмұны мен қойылатын талаптарға өзгерістер енгізуге қатысу;

- Пәндер бойынша жинақталған, кіріктірілген оқу бағдарламаларын дайындау;

- Пәндер бойынша оқу-әдістемелік құралдар, үлестірме материалдар жасау, талқылау;

- Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, кәсіби байқаулар өткізу,

- Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу;

- Жаңа ақпараттық және оқыту технологияларын іздеу, мектеп практикасына ендіру бағыттарындағы эксперименттерді ұйымдастыру;

- Көрнекі құралдар жасау мен жетілдіру, оқу-лабораториялық базаны нығайту жұмыстарын жүргізу;

- Жас мамандарға тәлімгерлік жасау, арнаулы оқулар ұйымдастыру, курстарға жіберу жұмыстарына қатысу;

- Байқаулар мен олимпиадалар өткізу туралы ережелер жасауға қатысу;

Кез келген әдiстемелiк бiрлестiктiң жұмыс жоспары төмендегідей бөлімдерден тұрады:

- Әдiстемелiк бiрлестiктiң әдiстемелiк тақырыбы.

- Жаңа оқу жылындағы бiрлестiк алдындағы мақсат-мiндеттер.

- Облыстық, аудандық, мектепiшiлiк іс-шаралар.

- Әдiстемелiк бiрлестiктiң оқу-тәрбиелiк жұмыстары.

- Бiрлестiктегi әдiстемелiк жұмыстар.

- Әдiстемелiк қызметті оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету.


«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»

ПОЗ

59

Педагогикалық менеджменттегі психологтің қызметі

Қазірігі білім беру жүйесінде мектептің психологиялық қызметті жаңа дамып келе жатқан саланың бірі. Осыған байланысты шешуді талап ететин көптеген мәселелер бар. Біріншіден ол психологтың мектептегі статусы, оның құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі мен этикасы, жұмыс бағыттар мен құжаттары мәселесі толық белгіленуі тиіс.



Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).

2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.

4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.

Психологтың құқықтары:

1. Оқу-тәрбиелеу процесіндегі барлық субьектілермен жұмыстың формасы мен әдісін және белгілі бір кезеңде маңызды деген бағыттарды таңдай алады.

2. Әкімшілікке психологиялық қызметтің іс-әрекетінің нәтижелі, әрі өнімді іс-әрекетіне мүмкіндік беретін ұсыныстарды айта алады.

3. Оқыту - тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға байланысты мектеп құжаттарын қарастыра алады.

4. Оқыту-тәрбиелеу процесіне байланысты кеңестерге, жиналыстарға белсенді қатыса алады.

5. Мектепте психологиялық зерттеуді және әдістерді жүргізеді, түзетеді.

6. Психолог өзінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әртүрлі конференцияларға, семинарларға қатыса алады; психологиялық орталықтармен ассоциациялармен, практик-психологтармен, сонымен қатар оқу орындарындағы психология кафедраларымен іскер байланыс жасай алады.

7. Арнайы дайындығы жоқ адамдарға, психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстарды жүргізуіне тыйым сала алады.

8. Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тарта алады.

Психологтың міндеттері:

1. Жұмыс барысында ҚР БжҒМ бекіткен нормативтік актілерге, құжаттарға, бұйрықтарға негізделуі керек.

2. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз іс-әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек.

3.  Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек.

4. Мектептегі құжаттарға психологиялық талдау жасауы керек (тәрбиелеу жоспарлары, оқыту бағдарламалары, педагогикалық кеңестің шешімдері және т.б.).

5. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық  қатынастарға өз бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы).

6. Психологиялық құжаттарды ерікті формада жүйелі түрде жүргізіп сақтауы керек (диск, магнитофондық жазбалар және т.б.).

7. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы керек.



Мектеп психологының жауапкершілігі:

1. Психолог психологиялық диагноздың дұрыс қойылуына, қолданылатын диагностикалық және коррекциялық әдістердің нақтылығына және берілетін ұсыныстардың ғылыми негізділігіне жауапты.

2. Психолог жүргізілген психологиялық зерттеу және тексеру жұмыстарының хаттамаларының сақталуына және құжаттарды жүргізуге жауапты.

Психологтың этикалық кодексі:

1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.

2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.

3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.

4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.

5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.

6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.

7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.

8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.

9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.

10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!

11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!



Психологтың жұмыс бағыттары:

1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы  өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:

- балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);

- бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;

- оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық  ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен  ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;

- оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;

- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;

- интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

- оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;

- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.

Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:

- дарынды оқушылар;

- озат оқушылар;

- үлгермеуші оқушылар;

- «қиын» оқушы мәселесі.



Психолог сабақтарға қатысады:

- оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;

- оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент  ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;

- мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.



Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:

- мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;

- педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;

- ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;

- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

- мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;



Психопрофилактикалық жұмыс түрлері:

-психологиялық сауаттандыру,

-психологиялық кеңес беру,

-педагогикалық-психологиялық консилиум.



«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»

ПОЗ

60

Басқару функциясы мазмұнының оқыту процесіндегі көрінісі

Өстемиров, К. Кәсіптік педагогика. Алматы, 2006.-20 бет


Бақару функциясы

Жоспарлау – Мақсат: дидактикалық, тәрбиелік және дамытушылық.......

Ұйымдастыру –сабаққа дидактикалық құралдар дайындау.........

Реттеу- ......сәйкесіздік жағдай туса

Бақылау...........өткен материалын игергенін байқау.......

Есеп алау -...........баға қою, алынған білім, білік, дағдыларды журналға қондыру.....

Талдау.............қолданылған оқыту әдістері мен құралдардың тиімділігін..........анықтау


«Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент»

ПОЗ

Дайындаған: Е.М.Байзакова




Мектептің және сынып жетекшінің тәрбие жұмысының жоспары

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының жоспары – педагогикалық құжат. Тәрбие жоспарын құру, оның орындауындағы жауапкершлігін сынып жетекшісіне жүктеледі. «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалың хатта тәрбие жұмысы бір жылға, жарты жылға немесе бір оқу тоқсанына жоспарланады деп көрсетілген. Сынып жетекшісінің жоспары тарбиенің мазмұнын, түрлері мен әдістерін таңдап алуға дөген комплексті көзқарасты қамтамасыэ етеді. Онда тәрбие мазмұнын негізгі түрлерінің, ең алдымен мектеп оқушыларына жан-жақты жарасымды саяси-идеялық, еңбек, адамгершілік т.б. тәрбие берудің тығыз байланысын ескеру қажет.

Жоспар жасағанда сынып жетекшісінің окушылардың жас өрекшеліктерін, қызығушылықтарын, ықыластарын ескерген жөн.
- Жоспарды қандай мерзімге жасаған жөн? Мектөп тәжірибесі көрсеткендей жарты жылға арнап, іске асырылатын жоспар жасау өте қиын, ал бір жылға жасау одан да қиын. Оның үстіне бұл жоспарларының түрі өте көлемді болады. Сондықтан да тәрбие жұмысын тоқсан бойынша жоспарлаған жөн. Аталған басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесінде апталық жұмыс жоспарлары да кездеседі. Олар негізгі жоспарларды нақтылауға мүмкіндік беріп, тәрбие жұмысын ұйымдастырып өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу жылы басталар алдында сынып жетекшісі жоспарды мектеп директорының бектуіне береді. Одан әрі жоспардың қандай мерзімге жасалғанына қарай, тоқсан сайын немесе жарты жылдың бойында бекітіліп отырады. Орта мектептерде жоспарды бекітуді директор оқу тәрбие жұмысы жөніндөгі орынбасарына немесе сыныптан тыс тарбие жұмысын үйымдастырушыға тапсыруы мүмкін. Жоспар бекітілген соң онымен 
сыныптың барлық оқушыларын таныстыру керек. Жоспарды жүзеге асыру үшін сынып активін тартады. -
- Жоспар қаидай болуы керек, оган қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрмеңді құжат болуы үшін, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек.
I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбиө берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы көрек. Барлық жёкелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушларды жан-жақты дамытуга, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыэ ету керек.
ІІ. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы. Тәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар түрлі лекторийлар, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда.
ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып
жасалады. 

Мектептің жылдық жоспары

Жалпы білім беретін мекемені қазіргі жағдайда басқару мектепшілік жоспарлауға ғылыми тұрғыда қарауды талап етеді. Мектепшілік жоспарлау және жоспар бойынша жұмыс атқару дегеніміз педагогикалық ұжымның еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру.



Жоспарлау – бақылаудың негізгі функцияларының бірі.

Мектепшілік басқару мен бақылауды жоспарлауға кіріспес бұрын, ең алдымен басты назарды мектептің жылдық жоспарының мазмұнына, оның құрлымына, жоспарланған жұмыстарды іске асыру түрлерінің құқықтылығына аудару қажет.

Жылдық жоспарда мектеп мақсаттарының орындалу жолдары, әдістері белгіленеді, жоспарланған жұмыстарды орындайтын жауапты қызметкерлер бекітіледі. Жоспарда міндеттер белгіленіп, ұжымның жұмыс ырғағын анықтайды.

Осындай жылдық жоспар аясында мектепшілік жоспарлау жүйеленеді.



Жылдық жоспар – ұжымдық шығармашылықтың құжаты. Жоспардың жобасын дайындауда мектеп әкімшілігі, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар комитеті, мектептің қоғамдық құрылымдары қатысады. Жылдық жоспар барлық оқу жылын, жазғы демалысты қосып қамтиды.

Жоспардың жобасын дайындауда, ол мазмұнды, терең болу, үстіртін болмау үшін, мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға жаңа оқу жылына жоспарлауды жетілдіру бойынша пікірлерін, тілектерін білдіретін сауалнамалар ұсыну керек. Мысалы, мұғалім қандай қоғамдық тапсырманы үнемі орындағысы келеді, қандай іс-шараларға жауапты болғысы келеді және тағы басқа.



Жоспарлаудың мәні: бақылаудың негізі объектілерін таңдау, оның мақсатын, нақты орындаушыларды айқындау. Бақылау орынды, жүйелі, алқалы, объективті болуға тиіс. Бақылауға төмендегі объектілерді белгілеуді ұсынамыз:

1. оқу тәрбие үрдісінің жағдайы;

2. мектептің номенклатуралық құжаттарының жағдайы;

3. мұғалімдердің жұмыс тиімділігінің сапасы;

4. оқушылардың жұмыс тиімділігінің сапасы;

5. мектепалды даярлық топтағы жұмыс жағдайы;

6. мектептің табысты жұмысының ұйымдастыру – педагогикалық жағдайы туралы;

7. сабақтан тыс тәрбие жұмысының жағдайы;

8. қызмет көрсетушілердің (обслуживающий персонал) жұмыстарының сапасы;

9. әдістемелік жұмыстың жағдайы;

10. санитарлық-гигиеналық тәртіптің жағдайы;

11. қаржы-шаруашылық жұмыстардың жағдайы;

қауіпсіздік техникасыны Бақылау жоспары жылдық жоспардың басқа бөлімдерінің біртұтас бөлігі болып саналады. Мектепшілік бақылауды кез келген формада жоспарлауға болады: мәтін, кесте, график түрінде.

Кесте түрінде мына бөлімдерді алуға болады:

1. бақылау мақсаты;

2. бақылау объектісі;

3. зерттеу мәселесі;

4. бақылау мерзімі;

5. бақылауға қатысушылар;

6. қорытындылау түрі;

7. ұсыныстардың орындалу мерзімі.



Жылдық жоспарды дайындау процесі оқу жылы бойы 4 кезеңде жүреді.

І кезең. Жоспарлауға дайындық. Бұл кезеңде мектеп басшысы жаңа оқу жылына оқу тәрбие жұмыс жоспарының жобасын дайындау туралы бұйрық шығарылады.

ІІ кезең. Негізгі бағыттар бойынша жоспардың жобасын құру процесі.

ІІІ кезең. Дайындалған жобаларды бағыттары мен тармақтары бойынша үйлестіру және оларды бірыңғай жоспарға біріктіру.

ІV кезең. Мұғалімдер кеңесінде жылдық жоспарды бекіту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет