«І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019-2020 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы Анықтама
2019-2020 оқу жылының жоспарына сәйкес «І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын оқытуға байланысты іс-шаралар жоспары түзіліп бекітілді.
06.09.2019ж күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңымен таныстыру мақсатында мектеп ұжымы арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Мектеп директоры Ә.Мелдебек бұл заңның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға бағытталғаны туралы түсіндірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екендігі айтылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршамызға ортақ іс» тақырыбында баяндама оқылды.
10.10.2019ж күні 9-11 сыныптар арасында «Біздің таңдауымыз-заңды мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел барысында оқушылар сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмыстарының қаншалықты маңызды екендігі туралы ойларымен бөлісті. Талдау, пікір алмасу, ой бөлісу арқылы оқушылар өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын білдірді.
15.11.2019ж күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға «сыбайлас жемқорлық» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар өз ойларын ортаға алды. Топтық жұмыстарды орындау барысында оқушылар жемқорлыққа қарсы пікірлерін білдіріп, онымен күрес, жемқорлықсыз мәдениетті қалыптастыру жолдарын іздеді.
14.12.2019ж күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді. Көрмеге қойылған суреттерде сыбайлас жемқорлық фактілері, оны болдырмау жолдары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары көрініс тапты.
16.01.2020ж күні 1-4 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.Тәрбие сағатының мақсаты-оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету.Сыбайлас жемқорлық ұғымы туралы анықтама беру. Тәрбие сағаттарының барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлық туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді.
18.02.2020ж күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Парасаттылық және академиялық адалдық» тақырыбында дөңгелек үстел және тәлімгердің ұйымдастыруымен «Жемқорлық құқық бұзушылықтың картасы» тақырыбында пікірталас өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін оқушылар бойында адалдық, парасаттылық, мәдениеттілік негіздерін қалыптастыру. Дөңгелек үстелде оқушылар әлемдік озық мемлекеттердің сыбайлас жемқорлықпен күресу тәсілдері туралы пікір алмасты.
16.03.2020ж күні «Сыбайлас жемқорлық деген не? Онымен күрес қағидалары» тақырыбында баяндама оқылды.Баяндамада баршаның заң және сот алдындағы теңдігі, мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік туралы баяндалды.
22.04.2020ж күні 8- сынып оқушылары арасында «Парасаттылық-адамгершілік айнасы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар қойылған сұрақтарға өз ойларын білдірді. Адалдық,адамдық туралы мақал-мәтелдерге тоқталып, ситуациялық сұрақтарға жауап берді.Тәрбие сағатының барысында оқушыларға «Адалдық сағаты» бейнеролигі көрсетілді.
15.05.2020ж күні сынып жетекшілер мен қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек» «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі» тақырыптарында оқушылар арасында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты- сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтарды танымал ету, есте сақтау және нығайту,жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мәселесіне жастардың назарын аудару.
Достарыңызбен бөлісу: |