Оқу жылының ТӘрбие жұмысының жылдық жоспары


Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады



бет2/16
Дата20.11.2022
өлшемі329,5 Kb.
#159026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
7г тәрбиесы

Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:


Бірінші бағыт - «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие»
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Екінші бағыт – Рухани-танымдық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін
және көзқарастарын қалыптастыру.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
Төртінші бағыт – Отбасылық тәрбиесі
Мақсаты:Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Алтыншы бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын
қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.
қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет