Бекітемін: Келісемін:
«Қасым Қайсенов атындағы Мектеп директорының
№4 орта мектеп» МКМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
директоры Толендина З.Н. Тулепова Ф.К.
___________________ __________________
«____»__________2021 жыл «____»_________ 2021 жыл
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ
Мұғалім: Керимкулова Асель Куанышбаевна
Облыс, қала, ауданы, ауыл: Қапшағай қаласы
Мектеп, гимназия, лицей: «Қасым Қайсенов атындағы № 4 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Сынып: 7 «Г»
Қапшағай қ., 2021-2022 оқу жылы
«Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп» МКМ
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары
оқу жылы
Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани- адамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.
Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілуі тиіс.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі нормативтік құқықтық құжаттары:
Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы;
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі;
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы;
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы;
«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169- VI Заңы;
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
Достарыңызбен бөлісу: |