12. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
Тақырып 1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихына» кіріспе
Тапсырма:
Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерттеу тарихы.
Отандық және шетелдік ғалымдардың Қазіргі заман Қазақстан тарихын зерттеуі.
«Мәңгілік Ел» идеясының негізгі мақсаты.
Орындауға арналған нұсқаулық: Қазіргі заман Қазақстан тарихы бойынша әдебиеттерді зерттеу барысында студент екі маңызды сәтке тоқталуы қажет. Біріншіден, Қазақстан тарихының кезеңделуіне назар аудару. Екіншіден, әрбір кезеңге қатысты деректер тізімін құрастыру.
«Мәңгілік ел» идеясының маңызын терең қарастыру және тарихи негізін анықтау үшін осы тақырып бойынша негізгі еңбектерді оқыңыз. «Ұлытау» тарихы бойынша Қ.А. Ахметовтың еңбегін оқып, сараптаңыз.
Негізгі әдебиет: [6, 7, 8, 9, 10, 11, 16, 17, 19, 22, 32, 33, 34, 35, 36]; Қосымша әдебиет: [7, 38, 48, 62, 64, 65, 68, 69, 70, 76, 80, 84, 85]
Тақырып 2. Қазақстан Тәуелсіздік жолында: ұлттық мемлекет идеясы қалыптасуының кезеңдері
Тапсырма:
Оқу-зерттеу жобасын құрастыру:
Саяси партиялар. Большевиктер, кадеттер, «Алаш» эсерлері, «Үш жүз», «Шуро-и-Исламия», «Шура-и-улемия»
Өзін-өзі бақылау жұмысы: тірек конспектісі
Орындауға арналған нұсқаулық: Ақпан төңкерісінің, 1917 жылғы Қазан төңкерісінің және азаматтық соғыстың (1917-1920 гг.) негізгі саяси және экономикалық оқиғаларын зерттеңіз. Тарихи картамен жұмыс істей отырып, Қазақстан аумағында құрылған майдандарды белгілеңіз, контурлық картада негізгі жауынгерлік іс-қимылдарды көрсетіңіз. Сұлбаларды, кестелерді және сандық деректерді пайдалана отырып, тірек конспект ресімдеңіз.
Негізгі әдебиет: [1, 5-11, 17]; Қосымша әдебиет: [7, 8, 19, 38, 40, 54, 62, 63, 64, 65, 68, 69, 70, 76, 78, 89]
Достарыңызбен бөлісу: |