Оқу жұмыс жоспары 09130100 Емдеу ісі мамандығына арнайы пән оқытушысы Ақсамбай Қ. Е кұрастырды


Дендрит (грекше “dendron” – “ағаш”) – нейронның тармақталған көптеген қысқа өсінділері. Дерма



бет10/17
Дата02.11.2022
өлшемі86,42 Kb.
#156227
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
27,10,2022 анатомия силлабус

Дендрит (грекше “dendron” – “ағаш”) – нейронның тармақталған көптеген қысқа өсінділері.
Дерма (грекше “derma” – “тері”) – омыртқалы жануарлардың терісінің эпидермис қабатының астында орналасқан дәнекер ұлпадан түзілген қабаты. Оны кейде кутис (латынша “cutis” – “тері”) немесе нағыз тері қабаты деп те атайды.
Диафиз (грекше “di” – “екі”, “phis” – “бір нәрсенің бөлігі”) іші қуысты жіліктердің сүйектердің ортаңғы бөлігінің атауы. Оны кейде сүйектердің денесі деп те атайды.
Диафрагма (грекше “diaphragma” – “перде”) – сүтқоректі жануарларға тән кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бөліп тұратын жұқа күмбез пшінді сыңар бұлшықет. Оны қазақша “көкет” деп атайды.
Диартроз (грекше “di” – “екі”, “arthron” – “буын”) – сүйектердің бір-бірімен еркін қозғалыс жасайтын байланысы. Оны қазақша қозғалмалы немесе буындық байланыс деп атайды.
Дистальды (латынша “disto” – “артта қалу”) – дененің орталығынан алшақ қашықтықта немесе медиальды жазықтықта орналасуы деген ұғымды білдіреді.
Дорсальды (латынша “dorsalis” – “арқа”, “арқа тұсы”) – мүшенің немесе ұлпаның денесінің арқа тұсында немесе арқаға жақын жерінде орналасқан деген ұғымды білдіреді.
Дриопитектер (грекше “drio” – “ағаш”, “pithekos” - маймыл) – жойылып кеткен адамтектес маймылдардың тобы. Олардың қаңқа қалдықтары Батыс Европа, Оңтүстік Азия және Шығыс Африка аумақтарынан табылған. Дриопитектерді қазіргі Африкадағы адамтектес маймылдар мен адамның жалпы бастапқы арғы тегі деп қарастырады.
Жүрекше (предсердие) – көптеген жануарлардың жүрегінде болатын қуыс (камера). Жүрекшелердің қабырғасындағы бұлшықеттер қарыншалардың қабырғасындағы бұлшықеттермен салыстырғанда жұқалау болады.
Евстахиев түтігі (италиян анатомы Евстахий Бартлемеоның (1510-1574) атымен аталған) – көптеген омыртқалы жануарлардың ортаңғы құлағындағы қуысты жұтқыншақпен байланыстырып тұратын түтік. Олар ортаңғы құлақ қуысындағы ауа қысымын сыртқы ортадағы қысыммен теңестіріп тұрады. Оны қазақша есту түтігі деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет