Оқу жоспары, оқу бағдарламасының білім мазмұнын талдау. ???????????? °Блум түймедағы°???????????? Қарапайым сұрақ



Дата06.02.2022
өлшемі18,12 Kb.
#81657
түріБағдарламасы
Байланысты:
Блум түймедағы Жайнагүл


Үй жұмысы
Оқу жоспары, оқу бағдарламасының білім мазмұнын талдау.
🌼🌼🌼 °Блум түймедағы°🌼🌼🌼

  1. Қарапайым сұрақ: Оқу жоспары дегеніміз не?

  2. Нақтылау сұрағы: Сенің ойынша жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы қандай құжат?

  3. Практикалық сұрақ: Мемлекеттік базистік оқу жоспарына міндетті оқытылатын пәндердің ішінен қайсыған бірінші жоспар құрар едіңіз?

  4. Қызықтыру сұрағы: Неліктен оқу бағдарламалары оқу жоспарының негізінде жасалады?

  5. Бағалау сұрағы: Сіз қалай ойлайсыз оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтарына қандай талаптар қойылады?

  6. Шығармашылық сұрақ: Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары болмағанда не болар еді?

Жауаптары:

  1. Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.

  2. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.

  3. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі, оқу және тіл дамыту, екінші тіл — орыс тілі, математика, дүниетіну, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру, музыка пәндері бар. Соның ішінен қай сабақ бірінші келсе соған қарай құратын едім.

  4. Себебі: оқу жоспары-негізгі мемлекеттік құжат, мемлекеттік стандарттың құрамдас бөлігі болып табылады.

  5. Оған қойылатын талаптар:
    - қысқа, нақты, деректі материалдардың енгізілуі;
    - ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы;
    - балаларға түсініктілігі;

  6. Жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары - негізгі мемлекеттік құжат болғандықтан олсыз сабақ өткізу мүмкін емес. Оқу жоспары болмағанда білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжатта болмас еді.

Орындаған: Мұратбекова Жайнагүл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет