Оқу мақсаты • Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру. •



Дата14.04.2022
өлшемі117,74 Kb.
#139205
Байланысты:
10 сынып. Қауіпсіздік ережелері. Жүгіру және оның түрлері.


1- бөлім: Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы
Тақырыбы: Қауіпсіздік ережелері.
Жүгіру және оның түрлері.
Оқу мақсаты
Дене белсенділігін дамыту және бағалау үшін тәуекелді басқару стратегиясын жүзеге асыру.
Спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларының дәлдігін, бақылауды және икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде шеберлік көрсете отырып үйлестіру
Бағалау критерийі
1. Оқу тапсырмаларын орындау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.
2. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын көрсете алады.
Әдістемелік нұсқаулықтар
Тапсырма 1
Оқушылар 60-100м қашықтықты 2-3 рет өтіп, төменгі сөреден жүгіру әдісін жетілдіруге жұпта жұмыс жасайды. Жіберілген қателіктерді және оны дұрыстау әдістерін көрсетеді. Төменгі суретті қараңыз.
https://www.youtube.com/watch?v=JL9s0ny5VwE
Тапсырма 2
Ойынға екі команда қатысады. Бір-бірінен 3-4м қашықтықта орналасқан өздерінің А және В сөре сызығының бойына тұрады. Мәре С сызығы В сызығынан 9-11м қашықтықта орналасады. Мұғалімнің «Дайындал!» белгісімен оқушылар А және В сызықтарында бірдей бастапқы қалыпта тұрады – отырып тірену, жатып тірену, отыру, жоғарғы сөре және с.с. «Жүгір!» белгісімен екі команда бір уақытта жүгіруді бастайды. А командасының жүгірушісі алдында жүгіріп келе жатқан қарсы команданың ойыншысын С мәре сызығынан өткенше «дақтауға» тырысады. Әр «дақталған» ойыншы үшін қуалаушы командаға 1 ұпайдан беріледі. Келесі жүгірісті бастағанда командалар рөлдерімен ауысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет