Тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күшті Ампер күші деп атайды. Оны 1820 жылы А.Ампер тағайындаған.
Ампер күші
Ампер заңы: индукциясы біртекті магнит өрісінде орналасқан күші І тогы бар өткізгіштің l кесіндісіне әсер ететін күшінің модулі
Магнит индукциясы өткізгішке перпендикуляр болғанда Ампер күші өзінің ең үлкен мәніне жетеді.
Ампер заңының негізінде магнит өрісінің күштік сипаттамасы ретінде магнит индукциясының физикалық мағынасы алынады: және магнит индукциясының өлшем бірігінің күштің өлшем бірігіне сәйкес тағайындалды:
егер сол қолымызды жаза ұстаған кезде алақанымызға магнит индукция векторының перпендикуляр құраушысы кiретiндей, ал жазыла ұсталған төрт саусақ токпен бағытталатындай етiп орналастырсақ, онда 90o-қа қайырылған бас бармақ өткiзгiш кесiндiсiне әсер ететiн Ампер күшiнің бағытын көрсетедi.