Айналу беттері
Айналу беттері ℓ (жасаушы) сызығын айналу осі – і түзуінің маңында айналдырғанда алынады. Барлық айналу беттерінің жалпы жағдайда, бірдей анықтауышы болады:
- анықтаушының геометриялық бөлігі екі элементтен түрады; алгоритмдік бөлігі і осінің бойымен ℓ жасаушысының айналу шартын құрайды;
- ℓ жасаушының нүктелері і осінің маңында шеңбер жасап айналады, сондықтан айналу беттерінің барлығы циклдік болуы мумкін.
а) ә)
Айналу бетінде жатқан шеңберлер бірі-біріне параллель жазықтарда жатқандықтан, оларды параллельдер, ал беттердің жазықтармен қиылысу осі арқылы өтетін жазық сызықтарын мериандар деп атайды.
Әрбір параллель барлық меридиандарды тік бұрышпен қиып өтеді. Параллельдер мен меридиандар айналу беттерінде ортогональ сызықтардың торлы қаңқасын береді. Ең үлкен параллель экватор деп, ал ең кішісі мойын деп аталады.
Айналу беттері түзусызықты және түзусызықты емес болып бөлінеді.
Түзусызықты айналу беттері
Айналу конусы ℓ түзуін өзімен қиылысатын і осінің төнірегінде айналдырғанда пайда болады. Сызбада конусты геометриялық анықтауышы элементтерінің проекцияларымен. немесе 1 және 2 жазықтықтарындағы очерктерімен беруге болады. Конус бетіндегі нүкте һ параллель көмегімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |