Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


Келесі кітап – «Сондай да бір түн болған»



бет45/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Келесі кітап – «Сондай да бір түн болған» деп аталады. Осындағы алғашқы тарауда ақ түтек боран, қара дауыл, аспан асты – жер үсті азынаған жел мен өкірген теңіз, жарық пен кө леңке, өмір мен өлім арпалысы көркемдік шындықтар тұрғысынан баяндалады. Өмір оқиғ алары, адам еңбегі мен басты мұраттары да сенімді сипат алады. Автор табиғаттың асау да долы «мінезін» адам өмірі мен еңбегіндегі өзгерістермен қатар, салыстырмалы сипатта суреттейді. Әсіресе, Аралдың тартылуын, теңіздегі қозғалыс пен сең үстіндегі сергелдең сә ттерді – Жәдігер өмірімен, Әзім мен Бәкизат байланыстары арқылы нанымды ашады (257 бет).
Әзім мен Бәкизат боран мен дауылдан аман қалудың неше алуан айла – амалын жасап ба ғады. Өз өмірлерін де ауық – ауық естеріне алады. Жәдігер де осы тұстан көрінген еді. Оларды, ортақ жайттарды еске түсіріп, қылжаққа айналдырады. Әзімнің «ұлы жоспарын» қ айыра есіне салады. Ақ мақталы егінді алқап, тың көтеру жайы, сапалы жетістіктер жөніндегі «асыл армандарын» да әзіл – әжуа етеді. Сын – мін ретінде атап көрсетеді.
Қатал табиғаттың сындарлы сәтіне қарамастан Бәкизат өткен өмірін есіне алып та ү лгереді. Астана, Әзіммен кездесу, демалыс сәті бәрі – бәрі ойға оралады. «Әйел затын ғашығ ын сүйгені үшін жазғыруға бола ма?» - деп те сыр – сезімге ерік береді. «Құдыққа құлан құ ласа, құрбақа құлағында ойнағандай», Жәдігердің жігерсіз де табансыздығына Әзімді қарсы қ ояды. Әзіммен болған алаңсыз, әсерлі сәттерін, ақ қайыңды алқаптағы, тау етегіндегі қызық та қимас кезеңдерді жиі есіне алады. Әзімнің Арал ойпатынан тың игеріп, мақта егеміз. Ақ мақ таны – Ақ алтын деп бекер атамаған деген дәйексіз де негізсіз фәлсафаны көзсіз сенеді. Оған деген сенімін күшейтіп, сезімін алдыға шығарады. Адамды, өмірді сезіммен өлшейді. Оның мә нін, салмағын сезіне бермейді.
Ал, Әзімнің елге бұл жолғы келуі тым жұмбақ-ты. Бүгін келіп, ертең кетем дегенді де сө з арасында айтып үлгереді. Оның келуі мен кетуі, яки «жер қозғалса қозғалмайтын – мырғам, маңғаз жігітке ұқсамады» (277 бет). Әзімнің елдегі еркіндігі, асты – үсті сөйлеуі, ішімдікке шектен тыс берілуі – өміріндегі өзгерісті, яки ісінің кері кетуін көрсетеді. Көңіл асқақтығын ө мір мен табиғаттың тосқауылы жоққа шығарады. Өмір мен сеңдегі сергелдеңнен қатты опық жейді. Өмірдің – ұстаз, тәжірибе мектебі екенңне көзі жетеді.
Әзімге қосылу – Бәкизаттың әуелгі арманы болса да «бауырынан шыққан кемтар баланы көзі қиып қалдырғанын», ауыл әйелдерінің әңгіме – өсекке қарқ болғандарын бір сәт есіне алып үлгерді. Алайда, ар – ұятты аяққа таптап, Әзімнің соңына ереді. Ауыл – елдің қарсылығ ы, балалардың көз жасы оларды, әсіресе Бәкизатты ұзаққа апармайды. Мұз үстіндегі арпалыс, өмір – дүниеге ұмтылыс пен құштарлық тағдыр талқысы ретінде алдан шығады. Жәдігерге де жаны ашыды. Әзімге де қол созып, бәйек болады. Өмір жолының бұралаң, табиғат заңының қ атал да сындарлы болатынына да көзі жетті. Көңілі сенді. Артық – кем тұстары, жаза басқан сә ттері, әсіресе отбасының өмірі, «әйелдік әрекеттері» бәрі – баршасы көз алдынан өтті. Адал ө мір сүрудің мәні мен маңызына да алғаш көз жеткізді. Отбасылық өмір, әйел-еркектің сенімі мен сезімі төңірегінде мың сан ойларға беріледі. Өмір, отбасының берік байланысы мен қ ымбат та қасиетті діңгек екенін толық түсінеді. Артық-кем тұстарын есіне алады. Әйелдің – ардақты да, аяулы есім екеніне мықтап табан тірейді.
Романда Әзім бейнесіне де кең орын беріледі. Әзім әлемінде де еркіндік бар, «тереңдік» те жетеді. Биіктеген, аласарған тұстары да мол. Ол, әсіресе қаладағы өмірі мен қызметінен, адамдық іс-әрекеттерінен терең танылады. Кейінгі кезеңде Әзім өмірінің көлеңкелі тұстары қ оюланып, қалыңдай түскен. Сөзі мен ісінде алшақтық байқала бастады. Арыз – шағым шектен тыс көбейген-ді. Үлкен үйге де сол себепті шақырылған-ды. Оңынан ұрған жел де, өрлей жү зген қайық та бауырын тасқа соққан сәт еді бұл. Әзім өмірінің кері кеткен тұсы болатын. Жаза басқан, неден қателескенін ойлады. Артық ақыл адамға әрдайым көмектеспейтінін, ақыл мен айла серікке жарамайтынын, сезік пен секемге ден қоюдың қажеттілігін еске алды (332 бет).
Бұдан басқа: «...жақсылықтың жлы жіңішке; кейде кісіге мың дос аздық еткенде, бір дұ шпанның көптік ететіні кәперінен шығып кетті; осы қазақ басқа қонған бақытты құсқа бекер теңемеген; үргедек құсты қаһарлы қол жиып, қару асынып жетпей – ақ қолына шыбық ұстаған сотқар біреу «тәйт» десе де жетіп жатыр; кеше бір мықты ықыласы түскенде бере салған бақ ыт, сол мықты қаһарын тіккен күні қайтып алатын түбі бос шикі бірдеңе еді ғой; сен жазған соны да ұмыттың; жоқ, ұмытқан жоқ-ты, тек мына шіреніп отырған қырттардың алтын басындағы қор ғып, екі аяғының сарсылтып тұрғызып қойған қорлығы ызаңа тиді: бәрінен бұ рын жаныңа сол батты; бірақ амал қанша, күштіге күл шаша ма; қолыңнан келсе, сен де бү йедей бүржиген немерелерді отырған жерінен тұрғызбай үстіне үйдің төбесіне құлата салар едің; ондай құдірет болмағасын, тым құрыса, бұлардың алдында бас игісі келмеді де, қырсығы ұстап кекірейіп алғаны рас; кіріптар боп тұрып менменсіген қиқарлық кімге ұнасын» (341 бет).
Әзімнің бойында адамдық істен гөрі әділетсіз әрекеттер басым болды. Өктемдік пен озбырлық қатар өріс алды. Сөзі мен ісінде байланыс болмады. Ескі көзқарас, қасаң қағидадан ұзап шыға алмады.
Ол бюрода да жоғары жақты мадақ сезімге бөлеп, әсіресе Мәскеуге мақта керек, - деп табандап тұрып алды. Теңіз табанынан су қашқанын, Арал аспаны мен өңірі әппақ ақ шаңдақ пен тұзға тұншыққанын, адам мен оның ұрпағына бұрын – соңды көрмеген алапат індет келгенін ашық айтты. Алайда, ұжымның екі көзқараста болуы, су картасының зиянды тұстары мен іс-әрекеттерінде алшақтық байқалды. Өктемдік пен менмендік таразыға түсті. Өмір мен ең бектегі үйлесімсіздік айқын аңғарылады.
Осы көрініс, сәттер Әзімнің ақ түтек боранға тап келгенде, теңіз үсті мен жел өтінде тұр ғанда да есіне түсті. Адам мұраты, өмір мәні мен тұрмыс сәні турасында да ойға берілді. Құ рылысшы ағасын үлгі етті. Жастар жайлы, ұл - қыз туралы таным - түсінігіне де мән берді. Ағ асының көп ақылдарының бірін есіне алды: « - Өз әйелің сұлу болғаннан гөрі өзгелердің әйелі сұлу болғаны дұрыс» (370 бет).
Әзімнің мұз үстіндегі халі де тым аянышты, мүшкіл еді. Әлсіреп, қалжырағанының ү стіне өзінің неге кәнәлі екенін есіне алып та үлгерді. «Партиядан шығарды. Жұмыстан босатты. Астананы тастады. Астанадағы үй – күйін тастап, екі қолын төбесіне қойып беті ауғ ан жаққа тентіреп кеткенде, алдынан тағы да қаһарын төгіп қарын, боанын, қара дауылын қ аптатып несі бар» (374-375 беттер). Әзім өмір сынын, тағдыр талқысын осылай еске түсіреді. Қолмен жасаған қиянаты алдынан шығады. Өмірге өзгеше қарайды. өмір өз қолында екеніне де көз жеткізеді. Бәрінен де адам мен оның еңбегі биік те еңселі екенін мықтап түсінеді.
Әзім мен Бәкизат бір-біріне мұң шаққан сәттері дежиілей түседі. Кездескен, сырласқан с әттеріне де еркін енеді. Жәдігердің қайта оралып, оларды далаға шақыруы, Әзімнің бораған қ ар мен үскірік желге тап келуі – олардың арасындағы бұрыннан бар кереғар жайттарды еріксіз еске түсірген-ді (378-380 беттер). Өмір жолы бұралаң болғанымен, одан қашып құтылу қ иынның қиыны. Әзім мен Бәкизат әрекеті осыған келіп саяды. Олардың теңіз үстіндегі, сең дегі сергелдең сәттері – адамдық іс-әрекеттерінің таразыға түскен, өмір-тағдырдың талқысына тап келгенін айқын байқатты.
Жәдігер мен Бәкизаттың ақ түтек боранда, мұз үстінде жағалауға асығуы (385-390 беттер), қасқырға тап келіп, өткен күндерді қайыра еске алулары (414-416 беттер), көмекке келген ұшқыштар (428-433 беттер), Барса-Келместің арғы – бергі кезеңдері (430-433 беттер), б әрі – баршасы қысқа қайырымдар, шегіністер арқылы беріледі. Әсіресе, Арал мен Адамдарды ң тағдыр-талайлары, Жәдігер – Әзім – Бәкизаттың өмірмен еңбектегі, тұрмыстағы іс-әрекет, сыр-сипаттары терең танылады.
Қос кітаптың соңғы бөлігі, ондағы өмір шындықтарының көркемдік шешімі – Адам тағ дыры мен Арал мәселесіне келіп саяды. Кітаптағы ауыл – қала көріністері, қарапайым еңбек адамдарының тұрмыс–тіршіліктері, отбасылық өмір мен жақын–жуықтардың қарым–қ атынастары, бәрі-баршасы таныс көрініс бола тұра басты тақырыпты жан-жақты байытып, кө ркемдік мұраттар тұрғысынан да, рухани құндылықтар жағынан да биіктете түседі. Ал, Арал тағдыры – әлемдік мәселе болса, оның төңірегінде өмір сүріп, еңбек етіп жатқан адамдар, ә сіресе Жәдігер сынды кейіпкердің ел-жер, туған өңір төңірегіндегі қимыл – әрекеттері кімкімді де бейтарап қалдырмайды. Ауылдағы отбасылар саны азайып, жан-жаққа көшіп жатқан т ұста Жәдігер атамекен, атақоныс деп табандап тұрып алады. Атакәсіпке, ел-жерге адалдық танытады. Осы жолда кедергіге де тап болады. Кемшіліктерге де жол береді. Ақиқатында, Жә дігердің жан-дүниесіне тереңдеп енер болсақ, атамекенді – алтын бесік санап, атакәсіпті – ө мір арқауы етеді. Адамдық істі ардақтап, оған адалдық танытады. Жазушының өзіне жүгінсек: «...адам қандай жағдайда да адамгершілікті сақтап, адам боп қалу ләзім емес пе?» (Шындықты ң аты – шындық. – «Жас Алаш»,2006, 19 тамыз).
Жәдігердің өмір-тағдырының тұрлаулы, сергелдеңге толы сәттері шектен тыс көп болғ анымен, елдік мұрат-мүддеге адалдығы мен табандылығы оның бейнесін де, еңбегін де жарқ ырата көрсетеді. Өмірдің басты өлшемі – адам мен оның еңбегінің асқақтығында болса, ол – Жәдігер бейнесі арқылы биік белеске көтерілген.
Қалың көпшілік есінде осы қалды. Романның көркемдік мұраты, рухани нәрі де осында.
Қос кітаптың құрылымдық жүйесі, ондағы өмір оқиғаларының шындық жайттарға негізделіп, ортақ мұраттар төңірегінде өріс алуы – тақырып табиғатын, тағдырлар тағылымын терең танытады. Дөңгеленген дүниеге, жалпақ жұртқа Арал аймағын, телегей теңіз болып танылған кең өлкенің сусыз – нусыз күйге енуі, оның орнына ақ матадан мол өнім алуды кө здеген өктем де озбыр топтың алуан айла-амалға толы қилы әрекеттері, сең мен оның ү стіндегі сергелдеңге түскен тағдырлар талқысы, дала – табиғаттың алапатты – аласапыранды, сұрғылт та сындарлы сәттері сөз жоқ туынды табиғатын бейнелеп-бедерлеумен бірге, кө ркемдік-рухани қырларын да арттыра түседі. Дала-табиғат суреттері, атамекен мен атақ оныстың қадір-қасиеттері, ауыл адамдарының өскен өлке, туған жер төңірегіндегі толғам-толғ аныстары т.т. өзіндік өзгешеліктерімен, қарапайым көріністерімен есте қалады. Адам мұраты, өмірі мен еңбегі асқақтай түседі. Өмір шындығы алдыңғы кезекке шығады. Өйткені: «... қашан да көркем шындықтың негізінде өмірлік шындық жатады».
(Нұрғали Р. Телағыс. – Алматы. Жазушы, 1986. – 39бет)
Жазушы еңбегі мен шығармашылығынан байқалар басты белгілердің бірі – қаһарман ә лемінен көрініс береді. Кітаптың қайсібір тұстарынан көрінген кейіпкерлерді ұмыту мүмкін емес. Адамдық келбеті, еңбек мұраттары, жүріс-тұрысы, қимыл қозғалыстары, бәрі – баршасы есте қалады. Ой-санадан берік орын алады (мысалы, Жәдігер, Әзім, Бәкизат). Эпизодтық кө ріністерден көрінетіндердің өзін ұмыту қиын (Сары Шаян, Кәрі қақсал, Көткеншек Көшен, Сары Иван, «шофер бала» - Қожбан т.б.).
Бұл тұста ойға оралар басты жайттардың бірі – қаламгер негізгі тақырып пен өзекті мә селелерді елеп-екшеп, көркемдік қабылдау мен қорытулардан соң – ақ кейіпкерлер жүйесіне мықтап ден қояды. Қайсібір кейіпкерді де бүге-шүгесіне дейін танып-таразылап, жүріс-тұ рысын, кәсіп-дағдысын, ой – сөз жүйелерін оқиға, қимыл әрекеттер төңірегіне жинақтайды. Ә лгіндегі кейіпкерлердің әрбірі де өзіндік өзгешеліктерімен, әсіресе ел – жер, өмір – тұрмыс, ең бек хақындағы көзқарас мұраттарымен даралана түседі. Бұл ретте, жазушы туынды табиғ атына қатысты әуелгі мақсат-мұраттарын, көркемдік-рухани һәм философиялық-эстетикалық нысанасын – кейіпкерлер жүйесі арқылы бейнелі де бедерлі, жүйелі жеткізуді алға қойғаны анық. М.Әуезовше айтсақ: «Жұрт айтпаған ойды айту – анда-санда бір ұшырасатын бақыт, ол ырыс... Ойдың көпшілігі жұрт айтқан ой болуы мүмкін, бірақ соны басқаша түрде айта білудің өзі қасиет» (Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. 20 том. – Алматы:Жазушы, 1985. –
452 бет.)
Кітаптың қайсібір бөлігінен де ауыл мен қала көріністері қос ағыстай арна алады. Алыс ауыл өңірі – Жәдігер төңірегінде кең өріс алса, қалаға қатысты көріністер – Әзім айналасында айқын байқалады. Шығарма ауыл – қала хақында емес, әрине. Алайда, өмір оқиғалары мен шындықтары – Ауыл мен Қала байланыстары арқылы беріледі. ондағы адамдар, әсіресе Жә дігер – Бәкизат – Әзім төңірегіндегі қатынас пен қақтығыстар – Арал төңірегінде таныптаразыласа, Әзім Аралдың екінші тынысын – мақталы алқапқа, алтынды аймаққа айналдыру арқылы көрсетеді. Екі ада, екі көзқарас – Арал тағылымы мен тағдырын сан-саққа жүгіртеді. Жәдігер – атамекен мен атакәсіпке мықтап табан тіресе, Әзім ақ матаны аңсап, «кемел келешекті» көздейді. Кітапта бұл жайттар алуан әрекет, қилы көзқарас, түрлі тартыстар арқ ылы беріледі. Ұлт мұраты, ел тағдыры, ата-мекен орны кеңінен көрініс береді. Ең бастысы, ә рине ұлттан асқақ, адамнан қымбат, елден ешкім үлкен емес, - деген асыл мұрат айқын аңғ арылады.
Шындық жүзіне қарасақ, Жәдігер ұстанымы – адам мен ондағы еңбек адамдарының кү нделікті өмір шындықтарына негізделсе, Әзім көзқарасы –күдік-күмәнімен де, ғылыми негізсіздігімен де көңілге қона бермейді. Сол үшін де еңбек ұжымынан қарсылықкедергілерге кезігеді. Өмір – тағдырдың да талқысына тап болады. Әсіресе, қатал табиғат сыны, теңіз үстіндегі жанталас әрекеттер Әзімнің адами әлемін «айқара ашты». Адам факторы, өмір мәні, еңбек мұраты турасындағы үстірт те тиянақсыз, негізсіз көзқарастанымының тас-талқаны шықты. Қоғам-кезең, өмір-уақыт туралы «асыл ойлары» да қысқа, баянсыз болды.
«Қоғам оңалмай, адам оңалмайтыны» (А. Камю) осы реттен еске түседі.
Романның бастапқы бөлігінен соңғы сәттеріне дейінгі желісі мен жүйесінен, арқауы мен арнасынан бәр сәтте босамайтын басты тұлғалар – Жәдігер – Бәкизат – Әзімнің өзіндік ө згешеліктері бар. Бірінсіз-бірі анық та, қанық та көрінбейді. Туынды табиғаты, идеясы мен мазмұны – үштік тұлғалар төңірегінде өріс алады. Атамекен, Арал, Махаббат – Жәдігер – Бә кизат – Әзімнің арман-аңсарларын да, еңбек мұраты мен сенім-сезімдерінің де басты арқауы. « Қан мен Тердегі» сюжеттік желі – Еламан – Ақбала – Тәңірберген төңірегінде дамыса, «Соңғы парыздағы» - Жәдігер – Бәкизат – Әзім арасындағы қарым-қатынас, бақыт пен баянсыздық, сенім мен сезім иірімдері ауыл мен қала, дала – табиғат төңірегіндегі мұз бен теңіздің толқ ынында өтеді. Тегінде: «Суреткер образбен ойлайды. Былайша айтқанда, нағыз жазушының философиясы оның шығармасында тікелей баяндалмайды, түрлі образдар арқылы ашылады. Маңдайы ашық, мерейі үстем һас шебер суреттердің жай көп жазушыдан артықшылығын танытар да осы тұс. Сәтті образ – сәтті шығарманың ең бірінші белгісі».
(Шаймерденұлы Е. Әбдіжәміл әлемі. – «Нұр-Астана»,2006, 25 қазан).
Ақиқатын айту керек, жазушы шығармашылығында тақырыпқа адалдығы, қайсібір мә селені де кең көлемде қозғайтыны, үлкен-кіші кейіпкерлерінің өзі орын-орындарында тұрғ андықтан, табиғилығымен есте қалатыны, айнала-әлемді, алуан көрініс-суреттерді өмір шындығы мен оқиға өріміне сәйкес қолданатыны, ел-жерге қатысты атау-ұғымдарды бүгешегесіне дейін танып-түстейтіні айқын аңғарылар еді. Бұл, әсіресе аталмыш романдағы – Арал мәселесін, оның арғы-бергі тарихы мен тағдыр-талайын, атамекен мен адамдар еңбегін, ел-жердің қадір-қасиетін көрсететін тұстарда терең танылады. Теңіз бен табиғат, адамдар мен тағдырлар талқысы, көзқарастар эволюциясы, бәрі-баршасы – Арал теңізі төңірегінде табиғи ө ріс алады. Өмір шындықтары, уақыт пен кеңістік ара қатынастары да нанымды ашылады. Ең негізгісі, әрине адам өмірі мен еңбегі, мақсат-мұраттары елдік мәселелерімен, уақыт шындық тарымен сабақтастықта суреттеледі.
Бірінші, екінші кітаптар көлем жағынан өзара теңдес болғанымен, оқиғалар дамуы мен шындығынан, кейіакерлер жүйесі мен іс-әрекеттерінен шапшаң да шымыр тұстарының барын байқауға болады. Алғашқы кітапта балықшылар өмірі, ел-жер жайы, Жәдігер – Бәкизат төң ірегіндегі отбасылық әрекеттер кеңінен көрінсе, келесі кітапта теңіз бен табиғаттағы құ былыстар, сең мен сергелдеңге түскен тағдырлар талқысы, адам мұраты мен өмір мәні жан-жа қты ашылады. Адам факторы алдыңғы кезекке шығады. Өмір өлшемі, уақыт тынысы терең танылады. Өмір құбылыстары мен кезеңдік көріністерімен бірге адам мен табиғат арасындағы байланыс-үндестікке үлкен мән беріледі. Сол арқылы адам әлеміне үңілу, жан-жүрек сырларына, көңіл толқындарына ден қою мақсат етіледі. Айнала-әлем, өмір оқиғалары мен шындықтары – адам мұратына негізделеді. Адам өмірі мен еңбегі – бар асылдан да биік, қ астерлі саналады. Әлемнің әміршісі, қоғамның байлығы ретінде де зор маңызға ие болады.
Алғашқы кітаптың соңындағы: - Баланы тапсырамын, - деген Бәкизаттың, немесе:

  • Біз кетіп барамыз... Өз басым сезімнің жетегіне еріп, қызғаныш деген пәлеге құл болуға қарсымын... Бар болғаны сенен өзімнің бергенімді қайтіп алдым, деген Әзімнің әмірлі, өктем үнінен Жәдігерді кінәлау мен мұқату жіті көрінеді (252 бет).

Ал, екінші кітаптың соңында Бәкизат «кіп-кішкентай сұр торғайға» сыр ашады (443-445 беттер).

  • Шырылда! – деп үн қатып, келешек күндерге үміт артады. Құс - ғұмыр – жаңа өмір мен уақыттың бедерлі белгісіндей есте қалады.

Өмір оқиғалары мен шындықтары тағдырлар талқысымен тиянақ тапқанымен, Құс – ғұ мыр жаңа күн, өзгеше уақыттың барын байқатады. Жаңа шындығының жаңаша бағыт алып, кө ркемдік шешімнің соны сипаттарға ие болуы – ұнамды құбылыстар қатарына жатады. Роман табиғатынан:

  • Адам мұраты

  • өмір мәні

  • еңбек сапасы сынды қай кезең, уақытта да мән-маңызын жоймаған мәңгілік сауалдар жиі ұшырасады. Жәдігердің жанын жабырқатқан, көңілін сан саққа алып ұш қан шетсіз-шексіз мазасыз ойлардың бірі һәм бірегейі – адам мұраты мен өмір мәніне келіп саяды: «...сонда адам өмірінің мәні неде? Егер жарық дүниеге шыр етіп келген әр пенде өз тірлігінің ақыры бір жауған қар, бір бораған топырақпен көміліп қалатын із сияқты келесі күн көңіл алдар бірдеңе болса... Ана сорлы жатырында ақ жұмыртқа, сары уызды тоғыз ай, тоғыз к үн шайұап, толғақ азабын шегіп, тек ата-анаға ғана емес, ағайын-тума, ауыл-аймақ жарық дү ниеге тағы бір адам келді деп ел-жұрт боп қуануда қажет бар ма еді?..

Тірлікте татар дәм соңыра таусылғанда ше? Кеше туғаныңа қуанған халық ертең өлгенің е аңырап, қара жамылып жатса... сонда жарық күннің арты қараңғы түн болса, бүгін туған кісі ертең өлу үшін дүниеге келсе, бүгінгі қуаныш ертең қара жамылар қайғының басы болса, осы адам келесі күнгі алдамшы, жалғанға неге өлігін салады? Бүгін қолы жеткен болмашы бірдең еге мәз боп аспанға атқан адам ертең әлдебір шаруасы ойлаған жерден шықпаса, құдды суы тартылған көлдей пәс бола қалатыны не?» (247-248 беттер).
Адамзаттық жаратылыстан бермен қарай айтылып-жазылған – өмір – өлім мәселесі аталмыш романның өн бойынан танылып тұрады. Автор оны – Жәдігер төңірегіндегі өмір – тұ рмыс түйткілдіктеріне қатысты жиі қозғайды. Өмір-дүниенің жалғандығын, уақыттың ө ткіншілігін алуан мысал-деректермен байланысты сөз етеді. Далалық фәлсафа алға тартылады. Өмір тәжірибесі мен шындықтары өзек етіледі.
Біздіңше, қос кітаптан тұратын романның басты тағылымы мен көркемдік-рухани олжасы – Арал проблемасын кең көлемде қозғап-көтерумен қатар, Адам факторын өмір-уақыт шындықтарымен, тұрмыс-тіршіліктің иірім-сырларымен сабақтастықта суреттеуімен де мәнді. Әсіресе, ол жайттарды қоғамдық құбылыстармен, ел-жер тағдырымен табиғи байланыстырып, мәдени-рухани һәм психологиялық-философиялық аспектіде таныптаразылауы ұнамды да ұтымды. Көркемдік қабылдау мен қорытуы, өмір оқиғалары мен шындықтарына негізделуі тұрғысынан да аса маңызды болып табылады. Ең негізгісі, әрине адам мұраты, өмірі мен еңбегі – басты нысана, асыл арна ретінде алдыңғы қатарға шығады. Қо ғамда, өмірде: - Адам басты тұлға! – деген асыл мұрат терең танылады.
Тұтастай алғанда, жазушы Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы адамзаттық мәселе – Арал тақырыбы мен тағылымын, балықшылар өмірі мен олардың тағдыр-талайларын, жекелеген кейіпкерлердің (Жәдігер, Әзім, Бәкизат, т.б.) көзқарас-мұраттары мен қимыл-ә рекеттерін, адами һәм отбасылық тірлік-тыныстарын нанымды оқиға мен қилы тартыстар, ә серлі де әсем көріністер арқылы бейнелі бедерлеп, оны көркемдік мұрат пен шынайы шындық тар тұрғысынан сенімді суреттейді.
«Соңғы парыз» - Арал теңізіндегі сең мен сергелдеңге түскен тағдырлар талқысын кең к өлемде көрсететін тағылымды туынды.
Жазушы Ә. Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы, әсіресе «Курляндия», «Қан мен тер», «Соңғы парыз» туралы әдеби үдерісте әр кез-ақ айтылып келді. Кейінгі кезеңде жазушының өзі айтқан – «байтақ әңгіме» қалың көптің, әдеби жұртшылықтың назарын аударт қан-ды. Ұлт жанашыры, әдебиетші-ғалым М. Жолдасбеков Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұ лттық университетінің телестудиясында жазушы Ә. Нұрпейісовпен болған – «байтақ әңгімені» қалың көпке ұсынды («Мені тұлғалар өсірді». – «Егемен Қазақстан», 2010, 14-20 қаңтар).
Жазушы еңбегі мен шығармашылық хақындағы кездесу-сұхбатта Ә. Нұрпейісов өмірі мен кезеңін, қаламгерлік тәжірибесін, ұстаздары мен тұстастары туралы көзқарас-ұ станымдарын, жекелеген тақырыптар төңірегіндегі ой-пікірлерін кең көлемде сөз етеді.
«Байтақ әңгіменің» бастапқы тұстарында, соңғы бөліктерінде проф. М. Жолдасбеков жазушы еңбегі мен шығармашылығы, қаламгерлік келбеті мен өзіндік өзгешеліктері туралы ой-пікірлерін де ортаға салады. Оқып көрелік:
«Жазушы қаламынан ұзақ жылдарғы терең толғаныс, табанды ізденістен «Соңғы парыз» дүниеге келді. Кешегі кер замандағы Еламан, Тәңірберген, Ақбала кешкен сергелдең енді келіп, мына теңіз ортайып, көңіл көншіген шақта Жәдігер, Әзім, Бәкизат болып қайта тірілді...
Бір адамның немесе екі адамның жан әлеміндегі алай-дүлей түкпірлеу арқылы әлеуметті ң, қоғамның әлеуетін тінткілеу – «Соңғы парыздан» басталды десек асыра айтқанымыз емес.
Қалаңыз, қаламаңыз, эпикалық кең құлаш қусырылып кішірейе-кішірейе бір кісінің кеудесіне сыйған сыр сандығына айналды; қалаңыз, қаламаңыз – шер мен мұңды ежіктейтін ішкі монолог етек алды. Оқырманмен сырласу сипатындағы ой ағыны – поток сознания ү стемдік құрды. Оқиғаны сезім шиыры ығыстыра бастады. Кешегі сырт келбет, жүріс-тұрыс кескіндемесі енді адамның ішкі әлем айнасына айналып барады. Мұны бір сөзбен: жан драмасы дейді. Жан күйзелісі алғы межеге атойлап шықты.
Нұрпейісов шығармасы жан драмасының өзгеше, бөтенше биік құбылысы, пәсте жүз тү рленген кісі сезімінің шырғалаңы түрінде көрініс табады. Мистикалық бояу, болмыстың магиялық суреті – жазушының әлі күнге өрелі ізденіс үстінде екенінің кәміл куәсі...
Қайта қарап үстінен сан мәрте түземеген бір де бір кітабы жоқ. Бұл кісіге редактор болу – қияметтің азабы. Аудармашы болу – тамұққа түскенмен бірдей. Әдебиетіміздің адам жанына үңілуші спектр сәулесі, сезім шырғалаңы, натураға жақын мінез аясы – осы ағамыздың табандылықпен қосқан үлесі. Ой ағынын прозаға, қара сөзге алғаш енгізушінің бірі. Қара сөзді ң кемел сынықшысы...
көркем сөзбен қазымырлана жұмыс істеуді барынша жетілдіріп, сөзбен сурет салудың шыңына шықты. Алғашқы сөйлемнен-ақ өзгеше әлемге енгендей боласың. Нұрпейісов суреттеген адам тым кесек, тым ірі. Олардың қан қызуы, құштарлығы алапат. Кетіссе – ата жауындай алысады, икемдесе – жүрегінің төріне шығады. Мынау әлсіз еді деп жерге қарамай, анау астам еді деп тауға санамай, жан әлемін түгел кезіп, қалтарысын ерекше сүзіп, жарқ ыратып ашып береді. Сөз саптауы, сөйлем құрауы – бүгінгі біз білетін синтаксиске сыя бермейді, өзінше оқшау ойлар, бөтенше бітім, ырғақ, желі, үрдіспен түседі қағазға. Бейне тула ған телегейдің екпіндеп, ентелеп жететін толқыны. Авторының аты-жөні белгісіз жүз қағазды ң ішінен Нұрпейісов қолжазбасын жазбай танып, жүз сөйлемнен жазушы сөз саптауын айнақ атесіз табасыз. Сиқыры бар сөйлемдер сол!..
Нұрпейісовтің Әзімі – жаңа заманның жаңа қағазы, құштарлықтың құлы. Жұрт алдына т үсіп, жұрттан артықша болам деп жүріп досын алдайды, сүйген қызын опат қылады, ағайынтуысынан безеді, өзі шомылған Аралды саудаға салып, пайда көзіне айналдырады. Ақырында сергелдеңге түсіп, неғайбілге сіңеді, бар болып жүріп жоқтың тіршілігін кешеді. Көркем сөзді ң құдіреті деп осыны айтамыз!..
Қазақ әдебиеті бүгінгі биігіне бірден жете қалған жоқ. Таласты, даулы, итжығыс кезең дері көп болды. Социалистік реализмнің мектебінен өтті... тапшылдықты, ұраншылдықты бастан кешірді... ұлтшылдықпен де алысты... пафостық... магиялық реализм үлгісіне бой ұ рды... шығыстық байтақ романтикалық символдарға да молынан жүгінді... қайтсе де дәуір талабынан, қоғам тілегінен табан аудармады. Ылғи батыс пен шығыстың ғажайып өрнекті ү лгілеріне салыса бой түзеді. Әдебиеттің мазмұндық, түрлік сапасын баспалдақтап биіктетуге келгенде – бәзбір інілерінен гөрі баяғы ағалардың тындырғаны молдай көрінеді көзіме. Сол тындырымпаздың бел ортасынан мен үнемі Нұрпейісов тұлғасын көремін...» («Мені тұлғалар өсірді».«Егемен Қазақстан», 2010, 23 қаңтар).
Біздіңше, көрнекті қаламгер Ә.Нұрпейісовтің «Мені тұлғалар өсірді» атты сұхбат-әң гімесі – жазушы еңбегі мен шығармашылық үдеріс, жанр мен жауапкершілік, көркемдікэстетикалық арналар, шеберлік пен шешендік сипаттарынан өзге аға буын ақын-жазушылар мен жас ұрпақ байланысы, дәстүр мен сабақтастық сырлары, өмір мен өнердегі өнеге-үрдістер туралы ойлар мен толғаныстардың тағылымды үлгісі, көркем шежіресі.
Қазақ романдарынан да кезең-замана шындығы, адам еңбегі мен тағдыры, арғы-бергі тарихтың талайлы-сындарлы сәттері кең орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет