Оқу пәніне арналған глоссарий Абстракционизм


Баққожа Мұқайдың «Өмірзая»



бет46/75
Дата08.02.2022
өлшемі195,59 Kb.
#120961
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75
Байланысты:
тауелсиз окулык

Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романында (Алматы, «Парасат» журналы, 2004. - 480 бет) кеңестік кезең, бейбіт өмір көріністері баяндалғанымен, ақыл-парасаттың өрісі тарылып, ақиқатқа апаратын жол кесіліп, шындық жүзіне тура қарайтын жандар азайған тұстағы қоғ амның кері әсері, өмірдің бұралаң жолы, тағдырлы тұлғалар іс-әрекеттері арқау етіледі.
Романның бастапқы тұсындағы авторлық аңдатпада: «Бұл еңбегімді қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы құрбан болған ерлердің аруағына арнадым» деп жазылған. Алайда, роман оқиғасы арғы арналардағы қилы-қилы кезең көріністерін емес, керісінше кеңестік дәуір тұсындағы жан әлемі бай, рухы биік те берік замандастарымыздың азаттық пен еркіндікті аңсау идеясын арқ ау етеді. Ұлт тарихының көлеңкелі тұстарын, әсіресе, Кенесары хан туралы еңбек жазған – профессор Алдияр Ақпанұлының жолын жалғастырған Аяған Қуатовтың Сыздық төре хақ ындағы зерттеуі ресми орындардың қарсылығына ұшырайды. Ұлтшылдық сипат алады.
Идеялық қателік деп табылады. Қуғын-сүргін басталып, оның соңы –профессор сал ауруына ұ шырап, төсекке таңылады. Аяған өмірі де тағдырлы, қиямет-қайымы мол болады. Өзі ертелі-кеш мың сан кедергі, тосқауылдарға тап болса, оның отбасына да кері әсері тиеді. Ә йелі Әсем отбасылық ауыртпалықтан мезгілсіз өмірден өтсе, балалары жетімдік зардабын тартады. Қуат шал Кеңес мекемелерінен шындық іздейді. Шенеуніктер шылбыр ұстатпайды. Ақиқат ауылы алыста екені уақыт тынысынан танылады.
Роман табиғаты мен тағылымынан –тәуелсіздіктің маңыз-мәні айқын аңғарылады. Басты мұрат –тәуелсіздікке табан тіреу, ол –қымбат қазына, сирек құбылыс. Роман мұраты, шындық шырағы, көркемдік тұғыр осыған келіп саяды.
Қысқасы, романның тұтас табиғаты мен көркемдік әлемінен адам мұраты мен еңбегі, адамдық-әділеттілік сынды қымбат қасиеттері, шынайылық пен шеберлік сипаттары терең танылады. Жазушы еңбегі мен шығармашылық мұрасы хақында қаламгер Ж.Дәуренбеков тө мендегіше толғаныстарға беріледі: «Оның еңбекшілдігі, табандылығы, тереңдігі, адамгершілігі, сөзіне беріктігі, салмақтылығы, әділетсіздікке төзбейтін қасиеттері көз алдыма келеді. Оған қоса өзіне тән бірсөзділігін, айтқанынан қайтпайтындығын айт.
Тағы бір оған тәндік: біріншіден, өз тақырыбын таңдай да, талғай білетін. Екіншіден, діттеген идеясын шығару үшін әбден пісіріп барып қолға алып, аяғына дейін тапжылмай отырып тындырады. Үшіншіден, әр сөзіне ұқыппен қарап, тілдің құнарын табуға ұмтылады, жарқылдақ сөздерге қаламын шаршатпайды. Төртіншіден, өзінің мінезіндей ойлары да, сө йлемдері де орнықты боп келді. Бесіншіден, адам бейнесі ол үшін құпия жұмбақ құбылыс. Соның кілтін табуға творчестволық барлық күшін салады. Осының бәрі оған шеберлік болып дарыған.
Оның әдеби шығармаларының ойы, идеясы терең, әдеби талғам кеңістігі парасатты. Ө мірде де, шығармаларында да жағымпаздыққа, көрсеқызарлыққа, екіжүзділік пен зиялылыққа төзбейді...
Қаламгер қашан да уақытпен үзеңгілес жүрсе де қоғамның проблемаларымен ауырады. Оның өзгерістері мен құбылыстарын, жаңарулары мен жаңалықтарын жүрегімен сезеді, жанымен қабылдайды. Түнімен ұйықтамай, күнімен толғатып жүру таланттың басына жазылғ ан тағдыр. Қаламгер одан қашып құтыла алмайды, қайта қайнап жатқан қазанына түседі. Баққ ожа да болып жатқанның бәріне бей-жай қарамады. Қаламына тиек етті, көсем сөзін, жүрек сө зін журналына («Парасатқа») үзбей жария етті. Жайдақ жаза салмады, ойын суытып барып, ө зегін тауып, толғап жазды.
Әдебиет - тынымсыздықтың үлгісі. Бейқам жанның қолымен әдебиеттің ошағы жанбайды, орағы өтпейді. Ал Баққожа тірлігі тынымсыздыққа, ізденіске толы болды. Көпірген қызыл сөзден көркем ой- кестелі сөз, қуатты, қасиетті, қадірлі. Баққожа соны терең сезініп, т ұғыр ете білді. Шығармалары, сөзі – соның айғағы.
Ол сырласқанда – сырбаз, ойласқанда – табанды, пікірлескенде – пайымды. Мұндай қ асиет қаламынан да көрініп тұрады. Баққожаның кез келген шығармасын аш, сен одан оның осы қасиеттерін көресің. Бәлкім, бұл да қаламгер құпиясының бір қыры, бір сыры болар. Ол шығармаларының бүгінгі өмірге осындай көзқарасымен, мінезімен қарап тұрғандай болады» ( Тау тұрпатты тұлға. – «Қазақ әдебиеті», 2010, 29 қаңтар).
Жазушы Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» (Алматы: Әл-Фараби, 1999. -752 бет) бес кітаптан тұратын роман-хамса. «Абай жолы» роман-эпопеясынан кейінгі жарты ғасырда жазылған көлемді туындыда –Абай әлемі, өмірі мен шығармашылық мұрасы арқау етіледі.
Роман-хамсаның прологында (Ілтифат-хат) жазушы: «Абай туралы жазылған бұл роман-хамсаға, негізінен ақын жасап өткен алпыс жылға жуық ғұмыр бойына сиятын басты-басты оқиғалар, интеллект тынысы арқау болды. Оның әр бөлімі –«Толғақ», «Жұлдыз құрбандық», «Қызғаныш», «Хақиқат мекені», «Нұрсипат» деп аталып, олардың жеке-жеке кітап хақында дербес қабылдануы көзделді» деп жазады.
Роман-хамсаның әр кітабы жеке әлем, дербес хикая. Қоғамдық ахуал, өмір-уақыт ағымы, адамдар байланысы мен тағдыры әрбір кітапқа негіз етіліп, оның өзі –Абай әлемі, өмірі мен ортасы төңірегінде кең өріс алады. Туынды табиғатынан –Абайдың адами-азаматтық әлемі, ақ ындық өнері мен өнегесі кеңінен көрініс береді. Қазақ тарихы мен тағылымы, ұлт тұлғалары мен тағдыры, ақын-әнші, би-шешендер өнегесі, Кенесарының кемеңгерлігі мен қолбасылық қ асиеттері, Абайдың даналығы мен даралығы, Құнанбайдың күрделі характері, Қодар мен Қ амария тағдырлары, Абай-Зуратай линиясы, Абай және орыс оқымыстылары, Абай-Шоқан арналары, Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» мен Шоқанның сот реформасы арқылы қазақ даласын басқарудың тұтас жүйесі т.с.с. өзіндік өзгешеліктермен, көркемдік ізденіс-қ орытындыларымен, баяндау-суреттеу ерекшеліктерімен ден қойқызады.
Басты байқалар жайт: роман-хамсаның әр кітабы жаңа тақырып, жеке мәселелер, өзгеше көріністерді арқау етеді. Өмір тәжірибесі, мол материалдар жиынтығы, кезең көріністерінен д әуір дидары, адам еңбегі, көзқарас-әрекеттер танылады. Абай әлемі, өсу-есею ерекшеліктері де келісті өрнектермен жүйелі жеткізіледі. Кезең-уақыт тынысы, адамдар қарым-қатынасы, ө мірдің бел-белестері дәуір дидарымен астасып, табиғи өріс алады. Қысқасы: «Рамазан романы тәуелсіздік дәуірінің ұлттық мәдени мұрамызды қайта қарап, жоғын жоқтап, барын түгендеп жинақтау, жүйелеп тәртіпке келтіру талабының өзінше бір жемісі. Роман-хамса Абайдың бұғ ан дейін ақтаңдаққа саналған ортасын, «интеллект тынысын» кеңейтті, адамгершілік биік парасатының жаңа беттерін ашты. Ол бүгінгі Қазақстанның тіршілік-тынысына қызмет ететін бағалы туынды» (Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы: ҚазАқпарат, 2006.-69 бет). Немесе: «Абайдың жұмбағынан» соң «Абай жолы» аласа тартқан жоқ. Ал, Рамазан Тоқтаров өзге ыңғ айдағы, бұрын белгілі себептермен тоқталуға болмай келген қазақтың зияткерлік тарихындағы елеулі эпизодтарды тұтас этнофилософиялық тұрғыда көгендеп, Абайды, оның айналасын тану ниетін панорамалық оқиғалар ауқымымен, өзіне тән ой синтаксисіне лайық өреде бейнелейді. Шығарма аса көлемділігіне қарамастан, қызық оқылады» (Б.Майтанов. Тірі ойлардың тынысы. –«Егемен Қазақстан», 2005, 1 қараша).
Р.Тоқтаровтың келесі романы –«Бітеу жара» (Алматы: Білім, 2001. -416 бет) автордың бастан кешкен ауыр хал – асқазанға жасалған операцияның мән-жайын баяндау арқылы қоғам мен адам, өмір мен уақыт, өнер мен өнеге хақында сыр толғайды. Уақыт тынысына мән беріледі.
Романның мазмұны мен құрылымы, баяндалу формасы жағынан өмір оқиғасы мен кө ріністерін, таныс-бейтаныс адамдар тағдырын, тұрмыс-тіршілік түйіткілдерін жіті тануға мү мкіндік мол. Ауыр дерт пен аурухана әңгімелері, өмір-тұрмыстың алуан сырлары, әдебиет пен өнер адамдарының ерекшелік қырлары т.т. бірде естелік, келесі кезекте сұхбат, жүздесулер негізінде өріс алады. Бұдан басқа, әсіресе Абай әлемі, сосын М.Әуезов, Ж.Аймауытұлы,
С.Сейфуллин, М.Әлімбаев, М.Иманжанов, С.Сарғасқаев, Ә.Нұршайықов, Ә.Тарази, Қ.Ысқақ, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, А.Сүлейменов, және алыс-жақын шетел қаламгерлері хақында келелі ойлар мен үзік сырларға орын беріледі. Ауыл-елдегі достардың қызық-қимас сәттері, «Бес тапал» сырлары (олар -Ә.Тарази, Қ.Ысқақ, С.Мұратбеков, Қ.Жұмаділов, Р.Тоқтаров), отбасылық өмірдің өзіндік өзгешеліктері уақыт бедері мен өлшеміне сай суреттеледі.
Алғашқы тұста –адам өмірі мен ауыр халі хақында басталған туынды кейінгі кезекте қоғ амдық ахуал, адамдар қарым-қатынасы, мәдени-рухани әлем елдік мұрат, ұлттық құндылық тар төңірегінде кемел де өрелі ойлар қозғайды. Жазушы интеллекті, өмір-тұрмыс тағылымы, адам әлемі мен мүмкіндіктері, денсаулық пен оны күтіп-сақтаудың қымбат қазыналар қ атарына жататыны дәйек-деректер, нақтылы әрекеттер арқылы көркем келісім тауып, оның өзі халықтық, әлеуметтік өреде сөз етілуі –романның рухани байлығы, қалың көпке ұсынған сү белі үлесі.
Бұдан басқа, атап айтқанда жазушы Ә.Таразидің «Жаза» романында (1998) Ауған соғ ысы, оның зардап-әсері сөз етіледі. Або (Қараспанов) мен оның айналасындағылар, жүйелі, ө згеше суреттеледі. Соғыс тақырыбы –адамзат трагедиясы ретінде кеңінен қозғалады. Қоғам, ө мір сырларын ашу арқылы адам әлеміне ден қойылады. Адам еңбегін, іс-әрекеттерін көрсету негізінде қоғамдық құбылыстар сыры ашылады. Өмір мәні көрсетіледі.
Ал, О.Сәрсенбаевтың «Шеңбер» романында (1998) кеше-бүгін мәселесі әр алуан, түрлі топтағы адамдардың таным-түсініктері, әдет-дағды, көзқарастары арқылы беріледі. Қоғам мен өмір, адам әлемі мен іс-әрекеттері әлеуметтік-психологиялық бағытта өріс алып, оның өзі роман кейіпкерлері –Т.Арыстанов, Ш.Дүйсенбаев, М.Құсниденов, А.Жаһилов, т.б. рухани дү ниесі, әр қилы тартыстары негізінде көрінеді. Арғы-бергі кезеңдер, аға буын өкілдерінің өмірі мен еңбегі, көзқарас мұраттары, талас-тартыстары, т.с.с. замана шындықтарына сай суреттеледі. Әсіресе, Тоқтарбай мен Мүбәрак бейнелері өмір ағымымен, тағдыр-таластарымен назар аудартады. Бір қоғам, бір уақытта өмір сүрген олардың өмірге, еңбекке көзқарастары әр түрлі. Олардың арасында абырой-мадақ та, бақталастық-құбылмалық та кездеседі. Әдеп-дағ ды, мінез тайыздығы, тоғышарлық сипаттары да молынан ұшырасады. Демек, романда кезең -уақыт шындықтарымен бірге адамгершілік иірімдері, мәдени-рухани һәм психологиялық арналар да жеткілікті дәрежеде орын алуымен назар аудартады.
Жазушы К.Ахметбектің «Қасірет» романы (1991) қазақ өмірін, арғы-бергі кезеңдерден қ алыптасқан ұлттық менталитет, дәстүрлер өнегесі мен жалғастығын қозғайды. Автор ауыл-елдегі аға буын мен келесі толқынның байланысын, бірлік-береке негізі –татулық пен туыстықты, жақын-жуық, дос-жар адамдар арасындағы сыйластық сырларын өмір-уақыт шындықтары арқылы көрсетеді. Керісінше, қоғамдағы жемқорлық, өмірдегі алаяқтық, отбасындағы тұрақсыздық мәселесін, жеңіл жүрісті шайпау әйел мен жүйкесі жұқарған, рухани азғындыққа ұшыраған еркектерді, ит-құс асыраған өзге ұлт өкілдерін, тарихы мен дәст үріне, тіл-дініне үстірт қараған жас ұрпақты қазіргі кезеңнің шындықтарына негіздеп, ол кө бінесе роман кейіпкері Ертағының көзімен, саралауларымен беріледі. Қоғамдық құбылыстар, өмір шындығы мен өнегесі жаңа уақыттың талап-тілектерімен үндестік табады.
Роман табиғаты мен тағылымы туралы ақын-қаламгер Қ.Құрманғали былай деп жазады: « Шы ғармада далада өсіп, қалаға қоныс аударған оқыған қазақтардың ұлттың болмыс-бітімінен айырыла бастағаны, олардың мәдениет туралы түсініктерінің таяздығы да ашына айғақталған. Жазушының бұл орайдағы пайым-парасаты Ертағының елден көшіріп әкеліп, қолдарына алған қарт шешесін қала тұмысына лайықтап киіндіруге, яғни келіншегі екеуі кимешегін тастатып, шашақты орамал салғызуы, қамзолын кигізбей плащ әперуі, шапанын шештіріп, пальтоға ауыстыруы сияқты әрекеттерінің жөн-жосықсыз екендігін түсініп, осыған байланысты көшелі ойларын ортаға салуы арқылы көрініс тапқан. Кейіпкердің «Осы біздікі не қылған шала бү лініс... Жұрт не істеп, не қойса, не ішіп, не кисе, соған көзсіз еліктей беру... кәдімгі тоғышарлы қ түсініктің өзі емес пе? Жасы келген кісінің... өз өмірі, өз танымы, өз тарихы бар, тіпті өз талғ амы бар деп неге санаспасқа...» Сөйтіп, келін мен бала өздерінің үстірт пайым, шала түсінігін елдің атына аударып, сонымен ақталмаққа тырысқан теріс түсініктерінен айниды. Міне, осылайша жазушы оқырманға ой салып, қазақы қалпымызды сарымайдай сақтау қажеттігін, сол арқылы ұлттық болмыс-бітімімізді ұстанған, халықтық қасиеттерімізді жоғалтпаған еңселі ел қатарында болатынымызды еске салып отыр...
Ал романда айрықша айшықталып, барша шындығы жарқырата жазылған отыз екінші жылғы қолдан жасалған ашаршылық пен отыз жетінші жылдың елді қан қақсатып кеткен нә убеті, одан ес жинауға дәрмен келтірмей басталған қырғын соғыс сияқты халқымыздың басына түскен қасіретті оқиғалар небір адам тағдырлары арқылы өзгеше кестемен ө рнектелген. Төл тарихымызда шет жағасы ғана айтылып келген осынау зұлмат заман шындық тары көркем әдебиетте де көп жазыла қойған жоқ еді. Мына роман сол олқылықтың орнын толтырып тұр.
Бұл небір нәуметті бастарынан кешіріп, қанша тауқымет тартса да адамгершілік қ асиеттерінен айнымаған, адалдық жолынан адаспаған, қазақы қалыптарын сақтаған Ошақбай, Жолымбет, Қарашаш, Қалдықыз, Ертағы, Қайым сынды орталық кейіпкерлердің образдары, іс -әрекеттері, болмыс-бітімдері арқылы халқымыздың талайына жазылған қасіретті тағдырын, сол келмеске кеткен кездердің енді қайталанбауын ойлап, соның ащы сабағынан тәлім алуды к өксеген жазушының арман-аңсары, ізгі ниеті, ақ тілегі, кейінгі ұрпаққа – ұлтына аманаттаған ө мірлік өсиеті деп қабылдауға лайық туынды».
(Қадірі бөлек Кәрағаң. - «Егемен Қазақстан», 2010, 9 ақпан).
Жазушы К.Исабаевтың «Серт» (1991), «Шоң би» (1993) романдарындағы қазақ-жоңғар, қазақ-ресей арасындағы бодандық-шапқыншылық кезең, Абылай саясаты мен Әбілхайыр хан ұстанымы, Кенесары хан бағыты, ұлттық қозғалыстардың қыр-сыры, Шоң бидің батырлығы мен өрелі іс-әрекеттері, адамдар қарым-қатынасы, замана шындықтары мол қарым, бай материал, шабыт шалқары аясында сенімді суреттеледі. Қаламгер еңбегі, ізденіс арналары, құ жат-материалдарды беру үлгілері көркемдікпен игеріледі. Деректік сипат, нақтылық мұрат етіледі.
Сол секілді К.Сегізбаевтың «Беласқан» романында (2001) қазақ тарихының қилы кезең дері, Алтай, Тарбағатай өңіріндегі өмір-тұрмыс суреттері, елдік мұрат пен ұлттық салт-дәстү рлер, этнографиялық көріністер көркем келісім құрайды. Батыс пен Шығыстың ерекшелігі мен қатыгездігі, қазақ тарихы мен тағылымы, бейбітсүйгіштігі мен патриотизмі т.с.с. елдік шежіре, өмір тәжірибелері негізінде беріледі. Жазушы еңбегінен ел-жерге сүйіспеншілік, ұлт мұратына адалдық, дінге құрмет айқын аңғарылады.
Ал, Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» роман-дилогиясы (1994,1996) қазақ-жоңғар соғысы, басты тұлға – Қабанбай батырдың ел қорғау жолындағы ерен ерліктері, Абылай ханның сенімді серігі болуы, қазақ батырлары –Бөгенбай, Жәнібек, Жасыбай, Малайсары, Баян, Саң ырық, Тайлақ т.б. жігерлі жорықтары мен қажырлы қайраттары, Үш бидің –Төле, Қазыбек, Ә йтекенің шешендігі мен шешімді көзқарастары ұтымды-ұнамды қырларымен есте қалады. Ең негізгісі, Абылай ханның қайраткерлік-қолбасылық қырлары жарқын да жасампаздық сипаттарымен танылса, қазақ батырлары –ел-жерге, отанға берілгендігімен ерекшеленеді. Эпикалық туындыда атамекеннің қадір-қасиеті, отан қорғаудың маңызы, ішкі-сыртқы жаулармен күрес шежіресі, тарихқа адалдық, тағдырға тағзым терең танылады. Өмір шындығ ы мен тарих тағылымы көркемдік талаптар тұрғысынан сөз етіледі.
Бұдан басқа –Х.Әдібаевтың «Отырар ойраны» (2001), Ұ.Доспамбетидің «Қызыл жолбарыс» (2000), «Абылайдың ақ туы», «Жылу- сыз от», С.Сматаевтың «Жарылғап батыр» (2000) романдарында ел өмірінің қилы кезеңдері, тағдырлы тұлғалардың ерлік-күрестері, «ақ табан шұбырынды» тұсындағы ұлт батырларының жанкешті әрекеттері арқау болады. Айталы қ, «Отырар ойранында» –Шыңғыс хан шапқыншылығы, Отырар трагедиясы, Кербұғы жыраудың ел-жер жөніндегі арман-аңсарлары, Отырар әміршісі Қайыр хан орны, Айша ананы ң қаралы келбеті т.т. қилы кезең көріністерін алға тартады.
Ал, «Қызық жолбарыс» –жоңғар шапқыншылығын, қилы-зардапты тұстарын Жетісу өң ірімен байланыстырады. Ел әңгімелері, дәйек-деректер көптеп кездеседі. Роман кейіпкерлері қ атарында –Ескелді, Балпық билер, Қабан жырау кездеседі. Жолбарыс хан мен Болат хан да жо ңғарлар шапқыншылығы тұсында көрініс береді. Қазақ-қалмақ батырлары, жекпе-жегі де орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет