Оқу пәнінің оқытушылары туралы мәліметтер



бет17/29
Дата19.10.2023
өлшемі2,27 Mb.
#186646
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
Силлабус 2022

Модульдік бірлік 14. Қазақстанның мәдени саясаты
Мәдени саясат ұстанымдары: "ҚР Мәдениет туралы заңы". Қазақстандағы мәдени реформалардың негізгі ұстанымдары.Қазақстандағы рухани жаңғыру үдерістерінің әлеуметтік-мәдени астарлары. Мәдени саясат модельдері мен қоғамның басты құндылықтар жүйесінің байланысы. Мәдени саясаттың қазақстандық моделі. "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясының қалыптасуы көпұлтты және поликонфессионалды қазақстандық қоғам мен оның мәдени қорының бірігуі ретінде. Қазақстан Халқы Ассамблеясы және оның қазақстандық қоғамның мәдени шығармашылығындағы рөлі. Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселесі. Қазақстандық өркениетті әлемдік стандарттар мен паттерндер деңгейінде ілгерілетудегі қазақстандық мәдениет, қазақстандық зиялы қауымның рөлі.
Әлемнің ұлттық бейнесін қолдау. Заманауи қазақстандық қоғамға отандастардың мәдени бейімделу мен қосылу (интеграция) мәселесі. Жаңғыртудың екінші және үшінші толқынының жаңа қауіп-қатерлері форматында жас ұрпақтың нақты мәдени жағдайға бейімделу (инкультурация) мәселесі. Жаңа құндылықтық бағдарлардың қалыптасуы, халықтың қоғамдық санасының жаңғыруы, рационалды өркениетті дүниетанымның жаңа жүйесіне шығу. Қоғамдық сананы жаңғырудың негізгі бағыттары: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің ашықтығы, білімді құрметтеу (культ). Қазақ мәдениетінің мәдени және өркениеттілік бірегейлік мәселесі.
Модульдік бірлік 15. "Мәдени мұра" Мемлекеттік Бағдарламасы
"Мәдени мұра" Мемлекеттік Бағдарламасы мәдени саясат саласы ретінде. Дәстүр мен жаңашылдықтың даму реті (динамика), мәдени тәжірибенің сабақтастық және тарату механизмдері. Мәдениет экологиясы: қиындықтары мен мәселелері. Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы. Жергілікті тарихты қарастыру жұмысын жасау мен дамытудағы мәдени институттар, мәдени ұйымдардың рөлі. Жергілікті тарихты қарастыру, мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті, аймақтық көлемдегі мәдени объектілерді қалпына келтіру мен сақтаудағы мұражай, білім беру мекемелері мен ұйымдарының рөлі. Табиғи ескерткіштерді жасау мен сақтау бағдарламасы Қазақстанның мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде. Мәдени мұра бағдарламаларының дамуындағы ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының рөлі.
Мәдени туризмнің дамуы және оның "Туған ел", "Қазақстанның сакральды географиясы", "Жаһанданған әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет", "Сандық Қазақстан" жобаларының қалыптасуы мен жүзеге асырылуындағы рөлі. Мәдени, мәдениеттік зерттеулер әдіснамасы.
Қазақстандағы гендерлік саясат. Гендерлік рөлдер және гендерлік мінез-құлық мәселелері. Гендерлік мәдениеттің негізгі құндылықтары.Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениеттің рухани құндылықтарының негізгі паттерндері. Қазақстанның ең танымал тұлғалары. Қазақстандық мәдениеттің жүз есімі. Қазақстанның ұмытылмас жүз орны. Қазақ мәдениетінің жүз рәмізі. "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы. "100 жаңа есім" аймақтық жобасы.Қазақстанның дене шынықтыру мәдениеті. Ұлттық спорт түрлері. Қазақстандағы дене шынықтыру құндылықтары.Жаһандану аясындағы білім беру мәселесі. Интеллектуалды ұлт жаңа моделін қалыптастыру мәселесі. Қазіргі Қазақстандағы ғылым мен техника. Компьютерлік сауаттылық және мәдениет. "Сандық Қазақстан" жобасы. Білімнің толеранттылығы, ашықтығы мәдениеті. Мәдениетаралық және этникааралық коммуникацияның жаңа құндылықтары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет