Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар


Жүгері мезофиліндегі хлоропластың құрылысы



бет7/27
Дата16.04.2022
өлшемі1,5 Mb.
#139559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
О у п ніні та ырыбы бойынша д ріс тезистері ж не д ріс курсын о

Жүгері мезофиліндегі хлоропластың құрылысы



1-екі мембранадан тұратын қабығы; 2-строма; 3-граналар мен тилакоидтар; 4-гранааралық тилакоидтар; 5-тесіктері (А.М.Силаеваның моделі бойынша).

2 - сурет




3 Дәріс
Тақырыбы: Өсімдік клеткасының культурасы. Қоректік орталардың жалпы сипаттамасы. Қоректік орталардың құрамының оптимизациясы.

Жоспар:
1.Өсімдік клеткасының культурасы.


2. Қоректік орталардың жалпы сипаттамасы.
3. Қоректік орталардың құрамының оптимизациясы.
Клеткалардың бір фазадан екіншісіне өтуін ішкі және сыртқы факторлар бақылайды. Ішкі факторларға пролиферативтік қор, созылып өсу ұзақтығы және клетканың күйі жатады. Сыртқы факторлар: қоректік ортаның құрамы, рН, оттегінің мөлшері, температура, клеткалар тығыздығы т.б. Пролиферативтік қор деп бөлінетін клеткалар санының клеткалардың жалпы санына катынасын атайды. Оны қатынасты процентпен көрсеткенде митоздық индекс деп атайды. Өсірген клеткалардың барлығы бөлінбейді, сондықтан пролиферативтік қор төмендейді. Оның себептері: 1) біржолата, қайтымсыз дифференциялану; 2) клеткалардың тыным кезеңіне өтуі (О0); 3) клеткалардың құруы. Клеткалардың бөлініп өсуі мен құруы теңескен кезде олар стационар күйінде болады. Бұл кезде әр түрлі фазаларда болған клеткалар саны сол фазаның ұзакгығына тура пропорционал келеді.
Өсу процесін әр түрлі факторлармен реттеп, мына көрсеткіштер аркылы бакылауға болады: клеткалардың мөлшері, көлемі, массасы, саны, белок пен ДНК мөлшері. Әрбір көрсеткіш тәжірибенің максатына байланысты есептеледі. Мысалы, клеткалардың өсуін зерттеу үшін белок пен ДНК мөлшерін анықтау және клеткалардың санын есептеу қолайлы келеді.
Суспензиядағы жеке клеткалар мен олардың кішігірім топтары қоректік заттардың құрамына қатты ортада өскен клеткаларға қарағанда талғағыш келеді. Жеке клеткалар араластырылып тұрган сұйык ортада бөлінуге қажетті кейбір заттарды жоғалтады. Сондықтан сұйық қоректік орталардың құрамын органикалық заттармен байытады. Сонымен қатар, суспензияға баска ойдағыдай бөлініп өскен клеткалардың қоректік ортасын алып косады. Агарда өскен клеткалардың өсуін жаксарту үшін баска жақсы өсетін каллусты қолданады, оны «бағушы каллус» деп атайды. Сол каллустың үстіне нашар өсетін каллусты салады. «Бағушы каллустың» өсуді қоздыратын заттары үстіңгі каллуска өтіп, оның бөлінуін арттыра түседі.
3.4. Дифферендиация, морфогенез және регенерация
Бір калпты бөлініп ретсіз өсіп жатқан каллуста қайта дифференциялану процесінің арқасында ұлпалар (гистогенез), мүшелер (органогенез), ұрык тәрізді құрылымдар (эмбриоидогенез немесе сомалық эмбриогенез) пайда болады. Алдымен каллус өсіп, белгілі бір денгейге дейін өз массасын көбейтеді (критическая масса). Сонан соң ол морфогенезге бағытталады. Бірак, каллустың тек қана бірлі-жарым клеткалары өзінін даму бағдарламасын өзгерте алады. Өйткені тек сол клеткалар детерминацияланады, яғни өздерінің даму жолын өзгертуге дайын болады. Дәл осы кезде сырткы факторлардың, әсіресе индуктордың әсері. шешуші болып шығады. Индуктор ең әсерлі қоздырушы, онсыз морфогенез процестері басталмайды. Көбінесе индукторлық қызметті фитогормондар атқарады. Сөйтіп клетканың күйі мен индуктордың әсері дәлме-дәл сәйкес келген кезде морфогенез процестері басталады.
Сонымен клетка редифферениияланады, баскаша айтқанда ол қайтадан дифференцияланады. Бұл өте күрделі процесс, ішкі және сыртқы факторлардың әсерімен реттеледі, геномныңинформациясын іске асыру программасы өзгеруіне байланысты. Ретсіз өсіп жатқан каллуста ұйымдаскан кұрылымдардың, яғни меристемалық аймақтардың пайда болуын реттейтін факторлар жөнінде әлі анық түсінік жоқтыңқасы. Сол меристемалықаймактардан сабақтар, тамырлар немесе эмбриоидтар түзіледі. Бұл процесте ең басты факторлар гормондар, әсіресе олардыңбір-бірімен ара қатынасы. Алғашқы рет бұл заңдылыкты Скуг пен Миллер 1957 жылы анықтады, кейін оны көптеген тәжірибелер растады.
7-сурет бойынша ауксин мен цитокининнін деңгейлері орташа келгенде темекі каллусына айтарлықтай өзгеріс байқалмайды, ол бөлініп өсе береді. Ауксин/цитокинин ара катынасында ауксин мөлшері жоғары болғанда тамырлар пайда болады (ризогенез), ал төмендегенде бүршіктер пайда болады (геммогенез).
Сондай-ак бір каллуста төтенше жағдайда әр түрлі морфогендік құрылымдар пайда болуы мүмкіи. Бұл құбылысты каллустыңәрбір бөлігінде ерекше гормондардың концентрациялык градиенті түзіліп, сонын арқасында морфогенездің түрлі жолдары индукцияланады деп түсінуге болады. Сонымен каллуста пайда болатын меристемалық аймақтардың түрі ауксин мен цитокиннің ара катынасына байланысты болса да, олардың морфогенездіккезеңдерінде нактылы катысуы әзірше анықталмай отыр.
Алайда, толып жаткан өсімдіктердің каллустарынан гормондар балансын өзгертіп бүршік немесе тамыр шығаруға болмайды.

4 Дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет