Сіз сақтандыру компаниясында жұмыс жасайсыз. Сіздің міндетіңіз-компанияның қаржылық қызметін қадағалау.
Компанияның бүкіл ел бойынша әртүрлі филиалдары бар. Әр филиал атауымен, мекен-жайымен және телефонымен сипатталады. Компанияның қызметі келесідей ұйымдастырылған: Сізге сақтандыру шартын жасау мақсатында түрлі тұлғалар хабарласады.
Сақтандыруға қабылданатын объектілер мен сақтандырылатын тәуекелдерге байланысты шарт сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша жасалады (мысалы, автокөлікті айдап әкетуден сақтандыру, үй мүлкін сақтандыру, ерікті медициналық сақтандыру). Шарт жасасу кезінде Сіз жасалған күнді, сақтандыру сомасын, сақтандыру түрін, тарифтік мөлшерлемені және шарт жасалған филиалды тіркейсіз.
Шарттарды сақтандыру агенттері жасайтынын ескеру қажет. Агенттер туралы ақпараттан басқа (тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы, телефоны) агенттер жұмыс істейтін Филиал туралы ақпаратты сақтау қажет.
Сонымен қатар, агенттердің жалақысын есептеу мүмкіндігі болуы керек. Жалақы сақтандыру төлемінің белгілі бір пайызын құрайды (сақтандыру төлемі — бұл тарифтік мөлшерлемеге көбейтілген сақтандыру сомасы). Пайыз шарт жасалған сақтандыру түріне байланысты болады.
Практикалық тапсырмалардың мақсаты-пәндік саланы талдау, мәліметтер базасын жобалау, оны access ДҚБЖ-де физикалық іске асыру дағдыларын игеру.
Жұмыстың нәтижесі Access дерекқорының файлы ретінде ұсынылады, онда мыналар болуы керек: