|
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары
|
бет | 2/4 | Дата | 29.12.2023 | өлшемі | 25,26 Kb. | | #199866 |
| Байланысты: праактика есебі (1)«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» тақырыбында 9 сыныпқа арналған тәрбие сағаты жоспары.
Пән мұғалімі: Айболатова Жадыра Асылханқызы
Тақырыбы: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.
Міндеттері:
- Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
- жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту;
Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал-мәтел, суреттер.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар сіздерді бүгінгі
«Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер демекпін.
Бүгінгі өткелі тұрған тәрбие сағатымызды топтық сайыс түрінде өткіземіз.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан-дей отыра ортаға оқушыларымызды шақырамыз.
Кәне, балалар бәріміз бір - бірімізге жақсы тілек тілеп бастайық! (Жүректен-жүрекке)
1. Әдепті бол!
6. Мейірімді бол!
3. Кішіпейіл бол!
4. Қамқоршы бол!
5. Тәртіпті бол!
6. Инабатты бол!
7. Қайырымды бол!
Барлығы: Біз үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды ұрпақтармыз!
Мұғалім: Топқа бөлу: Тақырып бойынша (сөйлем құрау)
І топ: Үлкенге құрмет көрсетушілер
ІІ топ: Кішіге ізет көрсетушілер
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|