Оқу практикасына шықпас бұрын студенттерге конференциялар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, практикадан өту барысында практика бағдармаласында көзделген тапсырмаларды толық орындау, практика күнделігін жүргізу



бет4/4
Дата29.12.2023
өлшемі25,26 Kb.
#199866
1   2   3   4
Байланысты:
праактика есебі (1)

4. Ойын «Саяхатқа шығу» 
Мұғалім: «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде 4 үлкен қала бар:
1. Үлкен, 2. Құрмет, 3. Кіші, 4. Ізет
Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
4. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

5. «Құпия хаттарға» жауап беру 
Хаттардың мазмұны:
1 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

 2 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
Қонақтарға сөз кезегін береміз.
Қорытынды:
Мұғалім: Адам бойында жақсы–жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау-жастарымыз үшін бұлжымас заң.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет