Оқу процесін үшінші тоқсанда ұйымдастыру


- басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, жеке кеңес беру кестесін құру



бет7/7
Дата21.12.2021
өлшемі103,82 Kb.
#104439
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әд кеңес

- басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, жеке кеңес беру кестесін құру;

- кабинет жүйесін алып тастау, әр топ белгілі бір кабинетте болады;

- әр уақытта жеке консультациялар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;

- кіру кезінде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын өлшеуі;

- кабинеттер мен барлық үй-жайларды желдету, кварцтау;

- қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;

- сынып бөлмелерін ылғалды жинау;

- дәліздердегі, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар, кіші ауысымдар арасында ылғалды жинау;

- күнделікті Температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, оқшаулауға, ауырғандарды анықтауға, сынып балаларының жағдайын бақылауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;

- кабинеттер бойынша педагогтердің қозғалысына, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салу;

- білім беру ұйымдарын заттардың, кабинеттердің, рекреациялардың, холлдардың және басқа да үй-жайлардың бетін өңдеу үшін дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету.

Білім алушылардың жетістігін бақылау электрондық журналда жүргізілдеді. Электрондық журнал болмаған жағдайда – қағаз журналда.

«Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес бағалау өткізіледі.

Бірінші тоқсанда педагогтер 2-11 сыныптарда бөлімге (бұдан әрі – БЖБ) 1 жиынтық жұмыс және тоқсанға (бұдан әрі – ТЖБ) 1 жиынтық жұмыс өткізеді.

БЖБ 2-11сыныптарда 2021 жылдың 1-13 наурыз аралығында ТЖБ 2-11 сыныптарда 2021 жылдың 15 наурыздан бастап өткізу ұсынылады.

БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндер мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталады. Әдістемелік ұсыныстарда 2-11 сыныптарда БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндердің саны мен атауларын көрсететін кестелер бар (2 қосымша).

Аптасына 1 рет өткізілетін оқу пәндері бойынша формативті бағалау және 1 БЖБ жүргізіледі. БЖБ-ны өткізу мерзімін педагог дербес айқындайды. Қажет болған жағдайда БЖБ екі кезеңде жүргізіледі.

1-сыныпты бағалау жүргізілмейді.

Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантин сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады, ол журналдың жеке бағанында қойылады. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспауы тиіс.

Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері үшін балл қою кезеңділігін өзі анықтайды.

Электрондық журнал форматының қорытынды бағасын шығару кезінде балл саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ мен ФБ - 50%, ТЖБ – 50 %.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет