9-сабақ үлгісі. Информатика пәнінен жаңа сабақ түсіндіру барысында терезе элементтерін, мәзірлерді, т.б. міндетті түрде компьютерден көрсетіп түсіндіруді қажет етеді. Компьютер болған жағдайда да сыныптағы барлық оқушыларды бір экранға қаумалатып түсіндірудің еш нәтиже бермейтіні анық. Сол себептен, Power Point бағдарламасын немесе ActivStudio ортасының мүмкіндіктерін пайдаланған анағұрлым тиімдірек. Төмендегі мысалда (11-сурет) «Электрондық кесте» тақырыбы бойынша Excel терезесінің элементтерін бағдаршалармен көрсету арқылы көрнекі түрде сабақ түсіндірудің үлгісі ұсынылып отыр.