№11 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: ACTIVstudio программасының құралдар тақтасының құрылымы
1.негізгі құралдар тақтасы
2.арнайы құралдар тақтасы
3.флипчарттың құралдар тақтасы
4.объектіні редакторлеу құралдар тақтасы
5.бетті редакторлеуқұралдар тақтасы
6.тез таңдау құралдар тақтасы
Негізгі құралдар тақтасы
Тақырып қатары-Негізгі құралдар тақтасын орнықтыру үшін оны шертіп ауыстыруға болады.
Басты Меню батырмасы-Құралдар тақтасы және баптау параметрлерін баптауға ACTIVstudio функцияларының кілті болып табылады.
Жоғары-төмен жылжыту батырмасы-Экранда орын босату үшін, негізгі құралдар тақтасын жабады.
Ішкі-сыртқы жабу батырмасы-Ярлык жолын көрсетеді және оны жасырады.
Флипчарт батырмасы-ACTIVstudio мен Windows қосымшасының арасында флипчартыңызды көрсетеді немесе оны жасырады. Егер жаңа флипчарт құрылмаған болса, онда оны құрады.
Жұмыс үстелінде аннотация жасау-Жазу жазып немесе оны жұмыс үстелінде Windows қосымшасында орнықтыру.
Қаламның жалпақтығын таңдау-Қаламның, маркердің және өшіргіштің қалыңдығын әр түрлі көлемде таңдау үшін шертіп, орналастыру.
Түстер Палитрасы-Флипчарттың объектілерінің түсін таңдау.
Еркін таңдау құралы-Бір немесе бірнеше объектілерді таңдау үшін оны шертіп, оларды редакторлеуге, басқаруға және оны араластыруға мүмкіндік береді.
Қалам құралы-Флипчартта аннотация жазуға немесе сурет салуға болады.
Маркер құралы-Жұқа қаламмен мәтінді, аннотацияны және кескінді белгілейді.
Өшіргіш құралы-Флипчарттағы объектілерді жасыру үшін қолданылады.
Мәтін құралы-Флипчартқа тақырып немесе ескертулер қосады.
Тазалау құралы -Флипчарттың бөлімдерін және нақты қасиеттерін өшіреді.
Болдырмау -Флипчартта орындалған соңғы командаларды немесе редакторлеуді толығымен қалпына келтіреді.
Қайтару «Болдырмау» батырмасын басқанға дейінгі жағдайды қайтарады.
Бүркемелеу құралы-Флипчартты жасырып, соңынан оны төрт жағынан – жоғарыдан, төменнен, сол жағынан және оң жағынан көрсетеді.
«Прожектор» құралы-Көрсетілген аймақтың ортасынан басқаның бәрін де бүркемелеп көрсетеді.
Фотоаппарат құралы-Флипчартта пайдаланылатын экрандағы суреттерді суретке түсіреді.
Беттің көлемі -Флипчарттың бетін үлкейтеді немесе кішірейтеді.
Арнайы құралдар-Арнайы құралдар тақтасы арқылы таңдау.
Тану құралы -Қолданушының қолмен жазған жазуын машиналық жазбаға айналдырады, геометриялық фигураларды түзулейді.
Құю құралы-Нақты аймақты түспен толтырады. ACTIVote-Тестілеу құрылғысы.
PowerPoint презентациялық редакторында анимацияның
мүмкіндігін қолдану арқылы презентация құру
Анимация дегеніміз маңызды жағдайларға зейін қоюға, ақпараттың ағымын бақылауға және көрмені қараушының қызығушылығын арттыруға арналған тамаша әдіс. Жеке слайдтардағы мәтін немесе нысандарға,слайд үлгісіндегі мәтін және нысандарға немесе қалауынша слайдтарды орналастыру толтырғыштарына анимация әсерлерін қолдануға болады.
PowerPoint 2010 бағдарламасында әр түрлі төрт анимация әсері бар:
Кіру әсерлері. Мысалы, нысанды біртіндеп кезелімге өзгерте аласыз, жиектен слайдқа ұшырта аласыз немесе көрініске қайтара аласыз.
Шығу әсерлері. Бұл әсерлердің құрамына нысанды слайдтан шығару, көріністен жоғалту немесе слайдтан түсу кіреді.
Бөлектеу әсерлері. Бұл әсерге құрамына нысанның өлшемін кеміту немесе ұлғайту, түсті өзгерту немесе оның ортасында айналу әрекеттері кіреді.
Орын алмасу жолдары. Бұл әсерлерді нысанның жоғарыға, төменге, солға, оңға немесе жұлдызды шеңбер бағытына қарай қозғау үшін қолдануға болады (басқа әсерлер арасында).
Кез келген анимацияның өзін қолдануға немесе бірнеше әсерлерді бірге бірлестіруге болады. Мысалы, Ұшу кіру әсері мен Ұлғайту/кішірейту бөлектеу әсеріне оны қолдану арқылы оның өлшемінің ұлғаюы кезінде мәтіннің жолын сол жағынан кіргізуге болады
№12 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: ACTIVstudio программасының арнайы құралдар тақтасы
Негізгі құралдар тақтасынан «Арнайы құралдар» батырмасын басып, осы құралдарды іске қосуға болады. Бұл тақтада қажетті 20 құралды пайдаланып, олармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.Тақырып қатары-Тақтаның орнын ауыстыру үшін, оны шертіп орналастыруға болады. Ал жабу үшін «жабу» батырмасын шерту жеткілікті. Сызғыш құралы -Өлшейтін экран сызғышын іске қосады. Циркуль құралы -Кез келген түстегі немесе сызықтары әр түрлі дөңгелек, доғаларды салады.Транспортир құралы-Экран транспортирі.
Сүйекпен ойнау құралы-ойнау үшін кез келген сандарды шығарады және санау сабақтарына қажет.Бөлшек құру құралының панелі -Математика сабағында бөлшектер құрады.
Калькулятор-Математикалық есептерді орындайды.
Пернетақта-Экранда пернетақтаны іске қосады және флипчарт беттерінде мәтінді енгізеді.
Веб-браузер-Сабақ кезінде ACTIVstudio-дан Интернетке қосылуға мүмкіндік береді.Лента-Мәтіндік хабарлама құрады. Ескертулер мен көрсеткіштер-Экранда ескертулер мен көрсеткіштерді жабыстырады (электронды наклейка).Координат центрі-Флипчарт бетінде айналу осьін орналастырады. Барлық объектілер осы нүктенің айналасында айналдыруға болады. Флипчартты жазып алу құралы -Флипчарт бетіндегі әрекеттерді жазып алады және оны анимация түрінде көрсетеді.Сағат-Экраннан сағатты көрсетеді.
Интерактивті тақтаның кітапхана құралының көмегімен флипчарт дайындау 1.Сақталған флипчартты ашу және жаңа бет құру
ACTIVstudio – ны іске қосып, Флипчарт 1 файлын ашыңдар. «Келесі бет» құралын қолданып флипчартта жаңа бет құрыңдар. Флипчартты «Менің флипчартым» бумасында жаңа атпен сақтаңдар. 2. Кітапхана ресурсын ашу-Флипчарт құралдар тақтасынан «Кітапхана ресурсы» батырмасын басыңдар. Кітапхана ресурсы терезесі іске қосылады. Кітапхана ресурсы ACTIVstudio бағдарламасында өте маңызды бөлімнің бірі. 3. Жалпы кітапхана ресурсы- ACTIVstudio бағдарламасы орналастырығаннан кейін «Жалпы кітапхана ресурсы»мыңдаған ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді. батырмасын іске қосыңдар. 4. Ресурс тірегін қолдану-Кітапхана ресурсының сол жағындағы батырмада көптеген қажетті ресурс түрлерін таңдауға болады. «Жалпы кескіндер» батырмасын басыңдар. Тақтада бірнеше кішкентай картиналар шығады. Көптеген суреттерді табу үшін Ресурс тірегін қолданыңдар. Мұнда барлық жалпы кескіндер орналастырылған бумалар бар. Ресурс Тірегінен + таңбасы, мұнда тағы да кіріктірілген бумалардың бар екенін көрсетеді. Ресурс тірегімен жұмыс жасап көрейік. 5. Кітапхана ресурсынан жалпы кескіндерді таңдау -Қазір кейбір құстарды іздестіріп көрейік. «Жалпы кескіндер» батырмасынан «Аңдар» бумасын табыңдар. Ондағы + батырмасын шерт. «Құстар» бумасын ашыңдар. Тақтада буманың мазмұнын көреміз. Әрбір суреттің астында аттары жазылады. Егер де жазу жоқ болса, «Меню» батырмасының жоғарғы сол жақ шетіндегі Кітапхана ресурсы терезесіндегі менюден «жазбалар» командасын таңда. 6. Флипчарт бетіне Кітапхана ресурсының объектілерін қосуКітапхана ресурсы терезесінің төменгі бөлімінде төрт бөлім бар. «Түссіздендірілген» бөлімі белгіленгенін тексер. Бұл суреттің фонын түссіздендіреді. Енді «Тасымалдау» бөлімі белгіленіп алғанын тексер. Бұл суреттерді флипчарт бетіне тасымалдауға мүмкіндік береді. Енді құстарды флипчарт бетіне тасымалдаңдар. 7. Кітапхана ресурсын бүктеу-Суреттерді флипчарт бетіне қойғаннан кейін, Кітапхана ресурсын беттің сол жақтың жоғарғы жағына «Бүктеу» батырмасын басып орналастырыңдар. Бүктеулі күйінде Кітапхана ресурсы экранда аз ғана орын алады және де оны кез келген мезетте қалпына келтіруге болады.
ACTIVstudio программасындағы бетті редакторлеу құралдары
Бетті редакторлеу тақтасын іске қосу үшін, флипчарт бетінде екі рет шерту жеткілікті. Құралды флипчарт бетінің қасиетін өзгертуге және флипчарттың құрылымын редакторлеуге қолданылады.Тақырып қатары-Тақтаның орнын ауыстыру үшін, онда шерту жеткілікті. Ал батырмасын шертіп тақтаны жабуға болады.
Қиып алу -Флипчарт бетін жояды және оны басқа жерде қолдану үшін буферге орналастырады.
Көшіру-Флипчарт бетін көшіріп алып, оны басқа жерде қолдану үшін буферге орналастырады.
Қою-Соңғы қиып алынған немесе көшірілген флипчарт бетін қояды.
Өшіру-Флипчарт бетін өшіреді. Қасиет-Флипчарт бетін және сыртқы түрін редакторлейді.
Бетін Сброс страницы-Соңғы сақталған флипчарт бетін қайтадан қалпына келтіреді.
Көшірме-Флипчарт бетін көшіреді.
Интерактивті тақтаны іске қосуға арналған программаларда PowerPoint презентациялық редакторында дайындалған презентацияны флипчартқа ауыстыруды орында
PowerPoint презентациясын объекті ретінде импорттау Фай >Импорт > PowerPoint® объекті ретінде таңдаймыз сұхбаттық терезе ашыларды, сол жерде өзіңізге қажетті PowerPoint®. белгілейсіз
файл сақталған Бумадан қажетті файлды, яғни импорттайтын файлды белгілейміз.
АШУ батырмасын шертеміз. Индикатор пайда болады, импорт орындалып жатқанын көрсетеді. Толық импорт орындалып біткенде индикатор жабылады. PowerPoint файлын сурет ретінде импорттау Менюі қатарына Файл> Импорт > PowerPoint® сурет ретінде.Процесс тура алдыңғы нұсқа сияқты қайталанады. Айырмашалағы әрбір слайд импортталғанда бір сурет ретінде флипчарт беттеріне түседі.
№13 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Интерактивті тақтаны қолдану барысында флипчарттарды жасаудың жолдары
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға боладыНегізгі құралдар тақтасынан батырмасын басып жаңа толық экранмен бірдей флипчарт құрады. Кез келген уақытта осы батырманы басып флипчарт құруға болады. «Флипчарт» батырмасына қайта басып тағы да флипчарт құруға болады.
ACTIVinspire программасындағы объектіні редакторлеу тақтасы
Бетті редакторлеу тақтасын іске қосу үшін, флипчарт бетінде екі рет шерту жеткілікті. Құралды флипчарт бетінің қасиетін өзгертуге және флипчарттың құрылымын редакторлеуге қолданылады.
ACTIVinspire программасында мәтіндік ақпарат және өңдеу ресурсын қолданып флипчарт құр
Флипчарттың бетінде ACTIVpen-нің көмегімен баспамен де жазуға болады. Мәтін құралын таңдап алып, жұмыс бетінің ортасында, яғни жазу жазатын орынды белгілеп алып, сол жерде шерт. Сонда флипчарт бетінде меңзер пайда болады. Мәтінді редакторлеу тақтасы мәтіннің түсін, көлемін және эффектілерін өзгертуге мүмкіндік береді. Пайда болған терезеден мәтіннің үлкен көлемін және қаріптің басқа түрін таңдап алып, қисайтылған, көлеңке түсірілген батырманы басып, әріптің басқа түрін таңда. Енді «абс» әріптерін жаз. Мәтін құралын іске қос. Енді беттің тақырыбын жазу керек. Ол үшін беттің сол жақ жоғарғы бұрышында шерту керек. Тақырыпты Форма құру және құю батырмасын үйрену деп жазып,қажет болса мәтін объектісін әдемілеп бір бетке сыйғызу керек
Жаңа сабақты түсіндіруде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану
Мұғалім қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалық түрде жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады. Тұжырымдарды және абстракциялы идеяларды түсіндіруде мұғалім үшін таптырмайтын құрал ретінде келетін, тақта оқушыларға жаңа материалдармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Тақтада логикалық байланыстарды туғыза отырып, объектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға болады. Оқушылардың ойларын экранның өзіне жазып және бірте-бірте оқушылардың зейінін аудара отырып, тақтада мұғалімдер өз іс-әрекеттерін түсіндіре, дауыстап талқылай алады. Зерттеу барысында оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі динамикалық ресурстарды пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады. Онымен жұмыс жасауда оқушылардың білімін тексеруге де болады. Мұғалімнің дұрыс сұрақтары оқушыларға тақтада не көрсетілген, материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік бере, дискуссияны кеңейтеді. Материалдарды пайдалануда шығармашылық іс-әрекетте интерактивті тақтамен жұмыс жасау қарапайым қарастырылған. Барлық материалдар даяр болған жағдайда, файлдар мен бет парақтарын (сабаққа қажетті) басқада бір ресурстарға қосуға болады. Бұл оқу ісін жоспарлауға және сабақты өткізуге өте қолайлы. Интерактивті тақтада объектілер мен жазуларды жеңіл қозғалтуға, мәтінге түсініктеме қосуға, суреттер мен диаграммаларды, бастау аймақтарды белгілеуге және түстерді қосуға болады. Сондай-ақ суреттерді немесе графиктерді, мәтіндерді жасыруға болады, сондан кейін қажетті уақытта көрсетуге болады. Мұғалімдер және оқушылар көпшілік назарын аудара отырып, осының барлығын тақтада сынып алдында жасайды.
№14 Тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: ACTIVstudio программасындағы кітапхана ресурсының қызметі
ACTIVstudio бағдарламасы орналастырығаннан кейін «Жалпы кітапхана ресурсы» мыңдаған ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді. Кітапхана ресурсының сол жағындағы батырмада көптеген қажетті ресурс түрлерін таңдауға болады. «Жалпы кескіндер» батырмасын басыңдар. Тақтада бірнеше кішкентай картиналар шығады. Көптеген суреттерді табу үшін Ресурс тірегін қолданыңдар. Мұнда барлық жалпы кескіндер орналастырылған бумалар бар. Ресурс Тірегінен + таңбасы, мұнда тағы да кіріктірілген бумалардың бар екенін көрсетеді. Ресурс тірегімен жұмыс жасап көрейік. Суреттерді флипчарт бетіне қойғаннан кейін, Кітапхана ресурсын беттің сол жақтың жоғарғы жағына «Бүктеу» батырмасын басып орналастырыңдар. Бүктеулі күйінде Кітапхана ресурсы экранда аз ғана орын алады және де оны кез келген мезетте қалпына келтіруге болады.
ACTIVinspire программасында қосымша шаблон беттерін қолданып флипчарт құр
Графикалық мәліметтерге интерактивті тақтаның мүмкіндігін қолданып сабақ өткізу
Интерактивті тақта бойынша флипчартты сақтау, ашу және жаңа бет құру жолдары ACTIVstudio-ны ашып, Флипчарт 2 – ні іске қос және де Флипчарт 3 атымен келесі флипчартты сақтап қойыңдар. Бұл флипчарт өте үлкен көлемді болмақ. Бірақ та, оны қайтадан жазбайсыңдар, көшірмейсіңдер және де қоймайсыңдар, өйткені барлық беттердің көшірмесін аласыңдар да, қажет емес элементтерді өшіріп тастайсыңдар
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға боладыНегізгі құралдар тақтасынан батырмасын басып жаңа толық экранмен бірдей флипчарт құрады. Кез келген уақытта осы батырманы басып флипчарт құруға болады. «Флипчарт» батырмасына қайта басып тағы да флипчарт құруға болады. ACTIVstudio – ны іске қосып, Флипчарт 1 файлын ашыңдар. «Келесі бет» құралын қолданып флипчартта жаңа бет құрыңдар. Флипчартты «Менің флипчартым» бумасында жаңа атпен сақтаңдар.
ACTIVinspire программасында камера құралының мүмкіндігін қолданып флипчарт құр
Интернет-браузерді ашып, толық суреттің көрінетіне көз жеткізіңдер. Негізгі құралдар тақтасынан Фотоаппарат құралына басыңдар. Пайда болған менюден «Аймақ» жолын таңдап алыңдар. Браузер терезесінде көптеген төртбұрыштар және Фотография құралдар тақтасы пайда болады. Бөлінетін аумақты суреттің қажетті аймағын белгілеп алыңдар. Фотография құралдар тақтасында оң жақ батырманы басыңдар. Бұл суретті флипчарт бетіне көшіріп алады. Браузерді жабыңдар. Суреттерді жылжытып орналастырыңдар.
ACTIVote тестілеу жүйесінің мүмкіндігін қолдану
ACTIVote құрылғысы ACTIVboard –тың көмегімен мұғалімге, не дәріскерге сұрақтардың жауабын алуға арналған құрылғы. Бұл қолданушының жауабын бірден қабылдайтын байланыс құрылғысы болып табылады. Сұрақтарды алдын ала сұрақ шеберінің көмегімен алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Екі жағдайда да кері байланыс қамтамасыз етіледі. Кері байланысты экраннан бірден көруге боалды, сонымен бірге жауапты электрондық кестеге экспорт жасап, оны кейінірек талдаудан өткізуге болады. ACTIVote құралы бойынша тестіні үш режимде жүргізуге болады, атап айтқанда, көрсету (демонстрация), жасырын (анонимный), атаулы (именованный
«Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түрінде компьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |