«ОҚу процесінде акт әдісін қолдану»



бет1/76
Дата25.05.2018
өлшемі14,22 Mb.
#40724
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті



4 деңгейдегі СМК құжаты

Оқу бағдарламасы



Ф ӘН 042-39.1.24/01-2016

«Оқу процесінде АКТ әдісін қолдану» пәні бойынша

оқу-әдістемелік кешені



10.06.2016 ж

№1 басылым



Жаратылыстану-математика факультеті

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы



«ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ АКТ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ»
пәнінІҢ оқыту-әдістемелік кешенІ

Семей 2016 ж.



АЛҒЫ СӨЗ

«Оқу процесінде АКТ әдісін қолдану» пәнінің оқу бағдарламасы

5В010100- «Бастуыш оқытудың педогогикасы мен әдістемесі»

мамандықтарының элективті пәндер каталогы негізінде құрастырылған.



1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы.

Құрастырған: аға оқытушы __________ Д.А.Жумаханова

қолы аты,жөні

«____»___________ 2016 ж.



2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Информатика және АТ кафедрасының отырысында талқыланды

Хаттама№13 10.06.2015 ж.

Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының



меңгерушісі _________ И.С.Мусатаева

қолы аты,жөні

«____»_________2016 ж.


2.2 Физика-математика факультетінің әдістемелік бюросының отырысында

талқыланды.

Хаттама №6 11 .06.2015 ж.

Әдістемелік бюроның төрайымы _________ Б.О.Ерменова

қолы аты,жөні

«____»__________2016 ж.



  1. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқыту-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданып, бекітілді

Хаттама №1 .06.2015 ж.

Оқыту әдістемелік кеңестің төрайымы _________ Г.К.Искакова

қолы аты,жөні

«____» __________ 2015 ж.
БІРІНШІІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

МАЗМҰНЫ

  1. Түсініктеме




  1. Пән құрылымы




  1. Пән мазмұны




  1. Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық жабдықталуы




  1. Тәжірибелік және зертханалық сабақтар материалы



  1. Пәннің бақылау және тест сұрақтары



  1. Қолданылған әдебиеттер




АЛҒЫ СӨЗ

5В010100- «Бастуыш оқытудың педогогикасы мен әдістемесі» мамандықтарын меңгеруші студенттер үшін «Оқу процесінде АКТ әдісін қолдану» курсы таңдау пәні болып табылады.

«Оқу процесінде АКТ әдісін қолдану» пәні қоршаған ортаны талдаудың жүйелі-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын оқытатын, ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-әрекеті аумағын дамытып және үнемі кеңейтіп отыратын ғылыми білімнің іргелі салаларының бірі болып табылады.



Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны - студенттердің ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану үрдістері жайлы білімін жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде студенттерге қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық үрдістердің, қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ ролінің мәнін ашу.

Студенттерді ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында қалыптастырылған базалық мағлұматтарды және икемдіктерді өзінің кәсіптік қызметінде пайдалануға дайындау.

Ақпараттандыру және ақпараттық технология құралдарын меңгеруге негізделген ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Пәнді оқытудың міндеттері. «Оқу процесінде АКТ әдісін қолдану» пәнінің ақпарат, ақпараттық технологиялар, ақпараттық ресурстар, ақпараттық үрдістер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ұғымдарымен танысу.

Білім берудегі қолданбалы программалар, «виртуалды кітапханалар», желідегі ең үздік ресурстар және электронды кітапханалар, «Электронды үкімет» инфрақұрылымы, «E-learning» ортасын құрудың заманауи технологияларын білу. Болашақ мамандарды ақпараттық технологиялардың әдіснамалық практикалық негіздерімен таныстыру, жаңа ақпараттық технологияларды компьютерде сауатты орындау.



Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент білулері керек:

  • Қолданбалы программалармен жұмыс істеуді білу;

  • «E-learning» электронды оқыту жүйесін;

  • Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды;

  • «Электронды үкімет» туралы мәліметтерді;

  • Желідегі ең үздік ресурстармен жұмыс істеуді;

  • Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін.

«Оқу процесінде АКТ әдісін қолдану» пәні орта мектеп информатикасының біліміне сүйенеді.

«Оқу процесінде АКТ әдісін қолдану» пәнінен алған біліміңіз алдағы уақытта ақпараттық технологияларды пайдалана білуге, қолданбалы программалар, виртуалдық кітапханалар мен электрондық виртуалды зертханалар құруға, электрондық ресурстарды еркін меңгеруіңізге және ActivStudio программалау мүмкіндіктері мен InterWrite ортасын пайдаланып оқу-әдістемелік құралдар жасауыңызға зор ықпал етеді.



1 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдістемесі




Мақсаты: Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдістемесін оқуда ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру, қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ақпараттық сатыға өту кезеңінде мұғалімнің сабақ беруде интерактивті технологияларды қолданатын әдістері.

1-тақырып. Интерактивті тақта түсінігі және оның құрылымдары.

Ағылшынның Promethean LTD фирмасы Activboard арқылы оқу процесінде тыңдаушылардың (оқушылар) назарын сапалы, қызықты презентациялар (конференциялар) өткізу үшін электронды интерактивті тақта ұсынады.

Интерактивті құралдар:


ACTIVboard - Активті Экран интерактивті тақта дербес компьютер және проектормен бірігіп жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аудиторияға электронды конспект дайындап оны көрсету үшін өте тиімді.


ACTIVpen қаламы

ACTIVpen - электронды қарындаш компьютерді Активті Экран арқылы басқарып, Windows-та түрлі аннтотациялар жасап көрсете алады. Электронды қарындаш компьютердегі тінтуірдің жұмысын атқарады және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет