ACTIVslate топпен презентация (конференция) өткізгенде қолдану өте ыңғайлы. Ол жұмыстың сапасын жақсартып, толықтырады. ACTIVslate А5 форматында жасалған ол ACTIVboard-қа радио порт арқылы жалғанған. Аудиторияның кез-келген жерінде ACTIVboard-пен жұмыс жасауға болады. Бір аудиторияда 64-ке жуық ACTIVslateXR-ті қолдануға болады.
ACTIVwand -электронды таяқша
ACTIVwand электронды таяқша ұзындығы 54 см болады. Ол тіпті өте кішкентайлар үшін тақтаның жоғарғы бөлігіне дейін жетуге ыңғайлы. Тінтуірдің сол жақ батырмасының қызметін атқаратын бұл жерде де кішкене батырма бар. ACTIVwand бағдарламалармен, web-беттерімен жұмыс жасауға, тіпті «солақайларға» тақтаның оң жағында да сол жағында да тұрып жұмыс істеуге ыңғайлы етіп жасалған.
|
ACTIVboard-қа калибровка жасау
ACTIVboard калибровка процедурасы кез келген уақытта тез және оңай орындалады. Егер де ACTIVboard тақтасы және проекциялық құрылғы стационарлы болса, онда калибровканы басқа компьютерді қосқанда ғана жасауға болады. Егер проекторды немесе үстелді басқа орынға ауыстырғанда (немесе қабырғаны, ACTIVboard тақтасы орнықтырылған) немесе сеанстың соңында калибровканы жұмыс жасау барысында қайтадан қалыпқа келтіруге тура келеді.
Калибровка жасау үшін, сол жақ төменгі бұрыштағы таңбаны басып, төменгі әрекеттерді орындау қажет.
Windows жүйесі орнатылған компьютер үшін калибровка программасы мына түрде орнатылады. Компьютерде орнатылған Windows жүйесінен калибровка программасын, тапсырмалар тақтасының жүйесіндегі таңба драйверінде тышқанның оң жақ батырмасын шерт.
Калибровка программада қаламды активті облыста басқаннан кейін экранда калибровка таңбасы пайда болады. Асықпай бұл таңбаның ортасына қаламды шерткеннен кейін келесі таңба пайда болады. Бес калибровка таңбасын шерткеннен кейін, программа автоматты түрде жабылады. Осымен ACTIVboard жүйесіндегі калибровка аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |