7-сабақ үлгісі. Бұл логикалық есепті (8-сурет) жас ерекшелігіне қарамай, кез-келген сынып оқушыларына беруге болады. Себебі, осындай үлгідегі тапсырмалар IQ-интеллектті анықтауға арналған тесттерде жиі кездеседі. Мұндай есептің ерекшелігі – көрсетілген суреттер арасындағы логикалық байланысты оқушы мұғалімнің көмегінсіз өзі анықтап, жетпей тұрған суретті табуы керек. Бұл флипчартты дайындауда Тор, Фотоаппарат, Мәтін, Қарындаш құралдары пайдаланылды. Қарындаш көмегімен салынған сурет элементтерін біріктіру үшін олар топтастырылды. Ал ортада көрсетілгентапсырманы оқушылар байқаусызда жылжытып алмас үшін олар флипчарт бетіне Құлыппен (Блокировка) бекітілді.