Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



бет15/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1.ҚР-да Мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізгі міндеттері;
2. ҚР-да стандарттау жөніндегі жұмыстарының мемлекеттік басқару;
3.Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның функциялары;
4. Стандарттау жөніндегі жұмыстарды басқару


Ақпараттық бастау: ҚР СТ 1.0 – 2000, ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы заңы».
4 - Тарау. ҚР МСЖ нормативтік базасы
4.1 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау тәртібі.

Стандарттардың жобасын әзірлеу жұмыстарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттау жоспары, техникалық комитеттің жұмыс бағдарламасы ( жоспары ) және стандарт әзірлеу туралы келісімдер бойынша немесе ынталы түрде стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер ( ТК ), мемлекеттік басқару ұйымдары, басқа заңды тұлғалар атқарады. Мемлекеттік стандарттау жоспарына енгізілген стандарттар туралы ақпарат Мемстандарттың енгізілуі тиіс.


Стандартты әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасында күші бар заңдар, мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттары, техникалық регламенттер, мемлекет үшін қажетті халықаралық, аймақтық, шетелдік, ұлттық стандарттар басшылықа алынуы керек.
Стандарттарды әзірлеу кезінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, тәжірибелік-технологиялық, жобалау жұмыстарының нәтижелері патенттік зерттеу нәтижелері және де басқадай отандық және шетелдік ғылым, техника және технология жетістіктері туралы ақпараттар пайдалынады.
Ұйымдастыру-әдістемелік бірлігін және стандарттарды қолдануға өз уақытында дайын болу үшін жағдай жасау мақсатында стандарттар әзірлеудің төмендегі тәртібі ескеріледі:
1 саты- стандартты әзірлеу жұмысын ұйымдастыру.
2 саты- стандарт жобасын әзірлеу ( бірінші редакция ) және оны құрау ұйғару үшін тарату.
3 саты- стандарт жобасының соңғы редакциясын жасау және бекітуге жіберу.
4 саты- стандартты бекітіп, мемлекеттік тіркеуден өткізу.
5 саты- стандартты басып шығару. Әртүрлі сатыларды өзара біріктіруге немесе қосымша сатылар енгізуге болады.
Стандарттардың құрылуы, баяндалуы, ресімделуі, мазмұны және белгіленуі ҚР СТ 1.5-ке сәйкес болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет