Оқу құралы, 050732 "Стандарттау, метрология және сертификаттау" мамандығына оқытылатын "Стандарттау" пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды


Стандарттау аумағындағы нормативтік құжаттарды қолдану



бет12/41
Дата26.07.2023
өлшемі98,52 Kb.
#179622
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы

Стандарттау аумағындағы нормативтік құжаттарды қолдану

ҚР-сы аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өнімді әзірлеу, өндіріске қою, өнімді жасау, өткізу (жеткізу, сату), пайдалану (пайдаға асыру), сақтау тасымалдау мен кәдеге жарату сатысында, процестерді (жұмыстарды) атқару және қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар қолдануы тиіс.
Ұсынымдық талаптары бар мемлекеттік және мемлекетаралық стандартты қолдану, егер оған республикада қолданылатын техникалық сипаттағы талаптар, нормалар мен ережелер бар техникалық регламенттерге сілтеме болса, міндетті болып табылады.
Халықаралық стандарттау жүйесі ережелеріне сәйкес, техникалық регламенттерге заңға сәйкес мемлекеттік басқару органдары қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік құжаттарды жатқызу керек, олардың құзыретіне міндетті талаптарды белгілеу (құрылыс, санитарлық және ветеринарлық нормалар мен ережелер, фармакопиялық баптар, өртке қарсы қауіпсіздік және төтенше жағдайлар, тау кен қадағалау, атом, экологиялық және радиациялық қауіпсіздік, жолдардағы және көліктің барлық түріндегі қауіпсіздік нормалары мен ережелері және басқалары), міндетті талаптар бөлігінде мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттар кіреді.


Нормативтік құжаттар туралы ақпарат. Әзірленетін және қабылданған мемлекеттік, мемлекетаралық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштері, техникалық регламенттер, ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары, міндетті нормалар мен талаптарды регламенттейтін стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ осы құжаттардың өзі пайдаланушылар үшін, оның ішінде шетелдік пайдаланушылар үшін олар мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын басқа да құпияны құрамайтын бөлігінде қол жетімді болуы тиіс.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәклетті мемлекеттік орган: мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар мен техникалық- экономикалық ақпараттың жіктегіштері, халықаралық, аймақтық стандарттар, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, басқа мемлекеттердің ұлттық стандарттары туралы ресми ақпаратты, сондай-ақ стандарттау, метрология және саласындағы халықаралық шарттар және оларды қолданудың ережелері, стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламалар мен жоспарлар туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен жариялауды ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет