СМЖ-дегі жоғары басшылықтың рөлі – жоғары басшылық өзінің озықтығы және нақтылы іс-әрекеттің көмегімен қызметкерлердің СМЖ-нің тиімді жұмысына толықтай қатыстыру жағдайын жасай алады.
Құжаттама- СМЖ-де қолданылатын құжаттама мазмұны мен құжат түрлерін сипаттайды. Құжаттаманы әзірлеу мақсат қана болып қалмай керек, керісінше құндылықты үстемелеуі тиіс. Әрбір мекеме өзіне қажетті құжаттаманы көлемі мен оны тасымалдаушыны анықтайды. Бұл мекеменің түрі мен мөлшері, үрдістердің күрделілігі мен өзара әрекеттесуі, өнімнің күрделіліг, тұтынушы талаптары, сәйкес міндетті талаптар, қызметтердің көрсеткен қабілеті, СМЖ-нің талаптарын орындауды дәлелдеу қажет тереңдікке тәуелді болады.
СМЖ-н бағалау – СМЖ-нің үрдістерін бағалай СМЖ-нің аудиті, СМЖ-н талдау өзіндік бағалау мияқтыларды сипаттайды.
Ұдайы жақсарту – СМЖ-н ұдайы жақсартудың мақсаты тұтынушылар мен басқа да мүдделі жақтардың қанағаттануын жоғарылату мүмкіндік арттыру болып табылады.
Статистикалық әдістердің рөлі– статистикалық әдістерді пайдалану өзгермелікті түсінуге, сөйтіп мекемеге мәселелерді шешуге нәтижелік пен тиімділікті арттыруға көмектесе алады. Бұл әдістер сондай-ақ шешім қабылдауға көмектесетін қолда бар мәлеметтерді дұрыс пайдалануға жәрдемдеседі.
СМЖ мен басқа менеджменттер жүйесінің бағытталуы – СМЖ мекеме менеджменті жүйесінің бөлігі болып саналады. Ол мүдделі жақтардың қажеттіліктері, күтулері мен талаптарын қанағаттандыру үшін сапа саласындағы мақсатқа сәйкес нәтижелерге қол жеткізуге бағытталады.
СМЖ мен жетілу моделінің ара байланысы - ИСО 9000 стандарттар тобына келтірілген СМЖ-нің амалдары мен жетілу модельдері жалпы қағидаларға негізделген.
ИСО 9000 тобындағы СМЖ-нің амалдары мен жетілу моделдерінің арасындағы айырмашылық олардың қолдану салаларында ИСО 9000 стандарттар тобы СМЖ-не талаптар мен іс қызметті жақсарту жөнінен ұсынымдарды мазмұндайды. СМЖ-н бағалау осы талаптарды орындауды белгілейді. Жетілу моделі мекемелердің іс қимылына салыстырмалы бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін өлшемдерді қамтиды. Мұны іс- қызметтің барлық түріне және барлық мүдделі жақтарға қолдануға болады. Жетілу моделіндегі бағалау өлшемдері мекемеге оның іс қызметін басқа мекеменің іс қызметімен салыстыру негізін қамтамасыз етеді.