51
2. Оқушылардың көңілін «буын», «сөз», «сөйлем» дегендерге
аудару.
3. Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.
4. Сөйлемдерді сөзге талдау.
5. Сөйлемдерді буынға талдау.
6. Сөздің бастапқы немесе соңғы буындарын ауып қойып,
оны оқушыларға тапқызу.
7. Әңгімелеген заттардың суреттерін салу немесе ермексаздан
жасау.
Дыбыспен таныстыру сабағы
1. Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешкізу; осы жұмбақ
пен оның шешуі бойынша әңгімелесу.
2. Балалардың көңілін «дыбыс» сөзіне аудару.
3. Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді
буындарға, буынды дыбыстарға талдатқызу.
4. Дыбыс пен ауызша таныстыру (а-ра, ал-ма, а-та, т.б.
сөздерді талдай отырып, «а» дыбысына көңіл аударылады).
5. Таныс дыбыстардан басталатын сөздерді тапқызу.
6. Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.
Әріп элементтерін жазуға үйрену сабағы
1
.
Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау.
2. Оқушыларды жазуға дайындау. Қарындашты, қаламды
қалай ұстау керектігін үйретіп, саусақтарын бүгу, жазу, ауаға
жазып жаттықтыру.
3. Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.
4. Тақтаға жазып көрсету
және оны қайта ауаға жазып
көрсету.
5. Балалардың дәптерлеріне жазғызу.
Сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жаттығу
сабағының үлгісі
Тақырыбы: сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жаттығу
(ауызша).
Көрнекі құрал: «Әліппе» кітабының алғашқы беттеріндегі
жеке суреттер.
Сабақтың барысы:
жеке суреттерді қарап, оларды атау.
Сұрақ- жауап арқылы суретте көрсетілген заттардың әрқайсысына
лайықты сөйлем құрату. Мысалы, - «Үйрек қайтеді? – Үйрек
ұшады деген сөйлемде неше сөз бар? – Үйрек ұшады деген екі
сөз бар. Бірінші сөз қайсысы? – Бірінші сөз – Үйрек. – Жақсылап
52
тыңдап отырыңдар, мен бірінші сөзді нешеге бөліп айтар екенмін.
Үй-рек. Нешеге бөліп айттым? – Екі бөліп айттыңыз. – Бірінші
бөлігі қалай? – Бірінші бөлігі – «үй». – Екінші бөлігі ше? –
Екінші бөлігі «рек».
Осылайша екінші сөз (ұшады) де талданады. Енді бұл
сөздерді балалардың өздері айтады. Сонан кейін буынның мәнісі,
әр буынды айтқан сайын ауыздың ашылуы мен бірге иектің ілгері
қарай қозғалатындығы түсіндіріледі. Иектің қозғалысын байқату
үшін сөзді буынға бөліп айтқанда алақанды иектің астына ұстау
арқылы тәжірибе жасатып көруге болады. Иек екі буынды сөзде
алақанға екі рет, бір буынды сөзде бір рет тиетініне олардың
көздері жетеді.
- Сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік? –
Сөйлем
құрастырдық, сөйлемдегі сөзді буынға бөліп үйрендік.
- Енді суретке қарап, жақсылап тыңдап отырыңдар.
Мен сөздің бірінші буынын айтамын, сендер қалған буынды
жалғастырып айтып тұрыңдар: би-дай, үй-рек, та-уық т.б.
- Біз өткен сабақта не туралы әңгімелесіп едік? – Өткен
сабақта біз «бақша өсімдіктері» туралы әңгімелескенбіз.
- Бақшада не өсірілетін еді?
-
Бақшада қауын, қарбыз, сәбіз т.с.с. өсіріледі.
- «Бақшада қарбыз өседі» деген сөзде неше сөз бар?
- «Бақшада қарбыз өседі» деген сөйлемде үш сөз бар.
Олардың қандай сөздер екені қайталанып айтқызылады
және сол сөздер буынға талданады.
Үйге екі-үш буыннан құралған сөздерді ауызша ойлап келу
және бақшада істеген жұмыстары туралы айтуға дайындалып
келуді тапсыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: