Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет58/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

интерактивті әдіс. 
Өлең құрастыру әдісі.
Бұл жұмысты екі түрлі тәсіл арқылы 
жүргізуге болады.
а) дайын өлең жолын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды 
тапсыруға болады.
Мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде


135
«Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем», - ұсынылған жолдар. т.б.
ә) дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына 
арнайы ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:
Эссе жазу әдісі
– француз тілінен аударғанда «шағын 
көлемдегі ойталқы жазу», яғни белгілі бір көріністен алған 
әсерін, белгілі бір сұрақ төңірегінде ойға түйгенін қағаз бетіне 
түсіру деген сөз. Эссені жаздыру ойдың сауатты түрде анық 
қалыптасуына, ой логикасының жүйелі сақталуына көмектеседі.
Эссені қолданудың төрт түрлі жағдайын анықтауға болады:
1) 30 минуттық (бақылау) өзіндік жұмыс ретінде беріледі;
2) Жаңа материалды бекіту мақсатында 10 минуттық шығарма 
түрінде қолданылады;
3) Сабақ қорытындысын шығару үшін және сабақта туған 
ойларды жазып шығу үшін қолданылады;
4) Эссені өзіндік шығармашылық тапсырма ретінде, үй 
жұмысына беруге болады.
Эссе белгілі бір проблемалық сұрақ төңірегінде жеке ұғымдар 
мен анықтамаларды қолдана отырып, оқушыны ойландыруға 
мүмкіндік береді. Мысалы, мақал-мәтелдерді өту барысында 
еңбек жайлы мақал-мәтелді өткеннен кейін «Еңбексіз өмір 
жоқ» тақырыбына жазу. Эссе жазу оқушыға талқылау мәтінін 
құрастыруды үйретіп, өз ойын байланыстырып жазуға мүкіндік 
ашылады. Ой қорытындысын жасап, пікір білдіру әдеби нормадан 
ауытқымай, ойды сөзбен байланыстыру, сөзді орынды қолдандауға 
септігін тигізеді .
Балаларды сабаққа қызықтырудың тағы бір жолы сабақты 
өту барысында оқушыларға шығармашылық тапсырмалардың 
берілуі.
Мәтін құрастыру – бұл жұмыс сурет бойынша әңгіме 
құрастыру арқылы ұйымдастырылады. 
Шығармашылық жұмыстардың тағы да мынадай түрлерін 
жүргізуге болады. 
1) Шығарманың мазмұныны өзгертіп әңгімелеу;
2) Кейіпкерге мінездеме беру;
3) Мәтін бойынша сурет салу;
4) Жұмбақ құрастыру;
5) Шығарманы сахналау. т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет