Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет17/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

Оқу сабағы:
1

Оқылған ертегі немесе жұмбақ бойынша әңгіме.
2. Әңгіме барысында қолданылған сөйлемдердің ішінен 
үйретілгелі отырған жаңа дыбыстан басталатын немесе аяқталатын 
сөзі бар сөйлемді бөліп алып, оған оқушылардың назарын аудару.
3. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы 
үйретілетін дыбысты бөліп алу; осы дыбыстан басталатын немесе 
аяқталатын жаңа сөздер ойлап табу.
4. Талдауда балалар іштен сөйлеп талдап алмаса, бір сөзді 
де дұрыс жаза алмайды (әріп тастап кетеді). Мұның өзін өзі 
тексеру үшін маңызды екенін Н.И.Жинкин көрсетеді.
5. Кеспе әліппеден сөз құрастыру және оны оқу.
6. Бір буынын немесе әрпін ауыстыру арқылы жаңа сөз 
жасау;
7. Бір буынын немесе әрпін ауыстыру арқылы жаңа сөз 
жасау; буынның немесе сөздің басына, соңына әріптер қосып, 
жаңа сөз жасау.
8. Әліппедегі бағанада берілген сөздерді оқу.
Жазу сабағы:
1. Жазуға дайындық (оқушылардың дұрыс отыруы
қаламдарын дұрыс ұстауы, дәптерлерінің партаға дұрыс қойылуы) 
тексеріледі.
2. Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріп бөлінеді.
3. Жаңа әріптің элементтері бөлшектеліп көрсетіледі, мұғалім 
оны тақтаға жазып тұрады, оқушылар дәптерлеріне жазады.
4. Мұғалім жаңа әріпті тақтаға жазады; оқушылар осы 


56
әріптен басталатын сөздер ойлап табады, сонан соң олар әріпті 
дәптерлеріне жазып алады.
5. Оқушылар тапқан сөздерін буынға, дыбысқа талдайды, 
оқиды.
6. Талданған сөздердің ішінен барлық әрпі түгел өтілген 
сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазады.
7. Суретпен немесе ермексазбен жұмыс.
Әліппенің алғашқы кезеңдеріндегі сабақтар осындай 
жүйеде ұйымдастырылады. Ал әліппенің екінші, үшінші 
кезеңдерінде жаңадан үйретілетін әріпке (әсіресе баспа түріне) 
жаттығу жұмысы көбірек жүргізіледі. Мұнда өтілген әріптерді 
қайталау, қиындау буындардан құрастырылған сөздерді оқу, кеспе 
әліппеден сөз құрастыру және оларды оқу жұмыстары басым 
болып отырады. Сонымен қатар әріптері, буындары ұқсас жұп 
сөздер мен буындарды салыстырып оқу, жазу жұмыстары да 
молынан жүргізіледі.
Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ жүйелері
Әңгіме немесе ертегі оқу сабағы
1

Оқылатын әңгіме немесе ертегі тақырыбы туралы кіріспе 
немесе дайындық әңгіме жүргізіледі. 
2. Әңгіме немесе ертегі қысқа-қысқа бөлімдерге бөлініп, 
оқушыларға оқытылады.
3. Әр бөлім оқылып болған соң мұғалім онда не жөнінде 
әңгіме болғанын, ондағы басты-басты ойларға қысқаша тоқталу 
арқылы оқушылар зейінін жинақтауды іске асырады. Қажет 
болса, сұрақ қояды.
4. Әңгіме мәнерленіп қайта оқылады (пауза, дауысты 
бәсеңдету, басты ой айтылған жерлерде дауысты салмақтау т.б.).
5. Мәтіннің мазмұнындағы негізгі ойлар оқушыларға 
анықталынады. 
6. Мәтінмен жұмыс істеледі (мысалы, мәтіннен табиғатты 
суреттеген жерлерін тауып оқыңдар, көңіл-күйді суреттеген 
жерді табыңдар т.б.).
7. Мәтіндегі негізгі ойларды оқушылар өздері табады.
8. Мәтін оқу дағдысы нашар оқушыларға оқытылады.
Өлең оқыту сабағы
1. Өлең тақырыбына кіріспе әңгіме.
2. Мұғалім өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіре оқып шығады.
3. Өлеңнің шумақтары бөлініп, әр бөлігі әр балаға оқытылады. 


57
Мұнда бала ең болмағанда бір жол оқыса да, мәнерлеп оқуына 
баса назар аударған жөн.
4. Өлеңді мәнерлеп, іштен оқытады. 
5. Өлеңді тұтас, мәнерлеп, дауыстап оқиды, онда кездесетін 
кейбір сөздердің мағынасы анықталады, егер мүмкіндік болса, 
жаттатылады.
Жазу сабағы
1

Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру (дұрыс отыру, 
қалам ұстау, дәптер қою т.б.).
2. Мұғалім бір сөйлем айтады, оқушылар оны қайталайды.
3. Сөйлем сөзге, буынға, дыбысқа талданады.
4. Сөйлемді мұғалім тақтаға жазады, оны оқушыларға 
оқытады, содан кейін бұл сөйлемді жауып қояды.
5. Оқушылар сөйлемдерді дәптерлеріне жазады.
6. Тақтадағы сөйлем ашылады да, оқушылар өздері 
жазғандарын тақтадағымен салыстырып, тексереді.
7. Осылайша екінші, үшінші сөйлемдер жазылады.
8. Оқушылар жазған үш сөйлемін тұтас оқиды.
Оқылған әңгіме бойынша жазу сабағы
1. 
Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру.
2. Мұғалімнің тақтаға жазғанын оқушылар оқып шығады 
(2-3 сөйлем).
3. Мұғалімнің сұрағы бойынша әңгіменің мазмұны 
талданады. Мұнда мұғалім сұрақтарды күні бұрын дайындап 
қояды. Сұрақтар балалардың жауап берулері үшін оңай, сөйлемді 
дұрыс құруға жәрдемдесетіндей болуы керек.
4. Әңгімедегі әр сөзге фонетикалық талдау жасалады
жазылуы қиындау деген сөздер түсіндіріледі.
5. Мәтіндегі көп нүктенің орнында болған сөздер естерінде 
сақтап оқиды.
6. Мәтінді дәптерлеріне көшіреді; көшіру барысында көп 
нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.
7. Балалар өздері тауып жазған сөздерін тақтадағы жазылған 
сөздермен салыстырып тексереді.


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет