91
Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге,
сөздіктерді және ақпараттық әдебиеттерді дұрыс қолдана білуге,
ізденіп білімін толықтыруға кеңінен жол ашады.
Сыныптан тыс жұмыстардағы мұғалімнің мақсаттары:
- оқушылардың қарым- қатынас мәдениетін тәрбиелеу;
- білім қорын тереңдету және кеңейту, танымдық
мүмкіндіктерін қалыптастыру;
- танымдық қабілеттері зор, дарынды балаларды анықтау
және қолдау көрсету;
- нашар оқитын оқушылардың өз күшіне сенімін тәрбиелеу,
ол қасиетті ұштай түсуге баулу;
- оқушылардың психологиялық қасиеттерін (білім құмарлық,
танымқұмарлық, іскерлік, жаңашылдық, еңбекқорлық, ерлік-
жігер, қайсарлық, білім алу, дербес талаптылық пен құмарлық)
дамыту және жетілдіре түсу.
Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
түрлері сан алуан. Танымдық ертеңгіліктер, пікірталастар, КВН
(тапқырлар мен көңілділер клубы), интелектуалдық ойындар
(брейн-ринг, лингвистикалық бәйге), қазақ тілінің білгірлері
клубының отырыстары, сайыстар (ең жақсы қабырға газеті,
қолжазбалар жинағы, қазақ тілі туралы өлең оқу), өребәйге,
тақырыптық қабырға газетін шығару т.б. Сыныптан тыс жұмыстар
бірін-бірі жоққа шығармайды, керісінше екіншісін толықтырып
отырады, оқушының жан – жақты дамуына әсерін тигізеді.
Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар тоқсанына 1 рет
өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: