Оқу құралы педагогикалық университеттің бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі факультетінің студенттері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған



Pdf көрінісі
бет27/68
Дата08.05.2023
өлшемі1,23 Mb.
#176235
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
Sauat ashu zhane zhazuga uyretudin teoriyasy men tehnologiyasy Karsybaeva

Бақылау сын жұмысы 
оқушының тақырыпты меңгеру 
дәрежесін тексеру мақсатында алынады. Нәтижесінде оқушы 
біліміндегі олқылықтар анықталып, оларды жою жолдары 
белгіленеді.
 
Мұғалім мәтінді әуелі толық, сонан соң әр сөйлемді жеке 
оқиды. Таныс емес ережелерге байланысты сөздер, тыныс 
белгілерін алдын ала ескертуге болады. Оларды жазарда 
анық, орфоэпия заңдылықтарын сақтай отырып оқыған дұрыс. 
Қайталауға, көмек беруге болмайды.
Сын жұмысына
мазмұнды, байланысқан мәтінді алған 


84
дұрыс. Бұл мәтіндер қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкес, 
тәрбиелік мәні бар, оқушылардың танымдық білімін кеңейтетін, 
мазмұны мен құрылымы сынып ерекшеліктеріне сай алынуы 
қажет.
1-сынып үшін алынатын сын жұмысында айтылуы мен 
жазылуында айырмашылық жоқ сөздерден құрылған мәтін 
болғаны жөн. Егер сын жұмысы мәтінінде ( 1-4 с) әлі оқылмаған 
ережелерге байланысты сөздер, тыныс белгілері кездессе, ол 
тақтаға жазылады. Мұғалім ол сөздерді анық, түсінікті оқуға 
баса назар аударады. Бақылау сын жұмысынан соң қатемен 
жұмыс жүргізіледі Оған арнайы сағат бөлінеді. Бақылау сын 
жұмысында грамматикалық тапсырмалар беріледі де, оған бөлек 
баға қойылады. Екі баға да журналға қойылады. Грамматикалық 
тапсырмалары бар бақылау сын жұмысы 1-сыныпта 25-30 минут, 
2-4-сыныптарда 35-40 минут уақыт бөлінеді.
Басқа сын жұмыстарындағы қатемен жұмысқа арнайы сағат 
бөлінбегенмен, келесі сабақта уақыт бөліп, қатемен жұмысты 
тиімді өткізу қажет. Қатемен жұмыс жазба жұмысы алынған 
дәптерде орындалады.
Ескерту: 
бақылау сын жұмысын алғанда мұғалім бір 
орында тұрып оқу, жазғызу керек. Ары-бері жүріп, оқушылардың 
зейінін шашыратуға болмайды. Сөздерді артық қайталай беру де 
оқушының сауатты жазуына кері әсер етеді. Барлық жұмысты
әдістемесін дұрыс сақтай отырып жазғызған тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет