ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Рақымжан Берік Алтыбайұлы
Б.Тналин атындағы Берсуат жалпы орта білім беру мектебінің география пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы Аршалы ауданы Бірсуат ауылы
ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атына сай білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атына сай білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Білім беруді жаңарту –бұл үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8- бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллект байыту» делінген. Бұл еліміздің болашағы білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыру тәрізді мәселелерді және ұстаздарға өзінің білім, білік сапасын өсіру мен дамыту міндеттерін қойып отыр. Осы мемлекеттік талаптарды, міндеттерді жүзеге асыратын кім? Ол- жаңа заман мұғалімі. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – биік тұлға.
Бүгінгі таңдағы мұғалім қандай болу керек? Ол шығармашылық қабілетін шыңдай түсетін мұғалім деп, мынадай сызбамен беріп отырмын:
Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру қызметтері арқылы шәкіртін шығармашылық жолға жетелейді. Нәтижесінде қоғам талабына сай тұлға қалыптастырады. Шығармашылық деген шыңға түзу жолмен көтерілу мүмкін емес, ол жолдың соқпағы, сүрлеуі болады. Дегенмен, ізденімпаз, өзіне талаптар қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің шығар тауының биік болу мүмкіндігі мол.
Білімнің сапасы, ең алдымен, мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Бұл –жаңа кезеңде адамдарды өмір сүруге баулу үшін бұрынғыдан да мол деңгейде білім беру деген сөз. Демек, бүгінгі заман мұғалімі қазіргі қоғамдық-әлеуметтік талаптарға жауап беретін, жан-жақты, білімді, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын жаңашыл тұлға болуы керек. Бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Осыған орай қазіргі білім саласының мамандары үнемі оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында іздену үстінде. Білім беру жүйесіндегі шешуші жолдардың бірі- оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп түсінемін.
Қазіргі заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып келеді. Түрлі зерттеулер нәтижесінде бұл технологиялар мектеп тәжірибесіне де енгізілген. Әрі қарай технологиялар мәселесін қазақ тілі пәні төңірегінде өрбітсем, қазақ тілі мұғалімінің міндеті – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу, тіл үйренушіні сол тілде сауатты сөйлету.
Педагогикалық технология бойынша оқушының тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту керек. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама дайындау қажет. Ол үшін әр түрлі бағыттағы бағдарлама құру, әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек
Біз өз іс- тәжірибемізде Ж. Қараевтың «Деңгейлік оқыту» жүйесіне, Н.Оразахынованың «Сын тұрғысынан ойлау» жобасына, ақпараттық коммуникативтік технологияға (АКТ ) сүйеніп сабақ өткіземіз. Бұл технологиялармен жұмыс істеу барысында әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруге мүмкіндік береді. Әр технологияның өзіндік ерекшеліктері бар. Оны оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғару, оқушыға тиянақты білім беру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру жолының бірі деп есептеймін. Мысалы, сын тұрғысынан ойлау- ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Аталмыш жобаның негізгі идеялары мен қағидалары – оқушы өзіне керекті ақпаратты таңдай біліп, оны игеру тәсілдерін үйрену керек. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығуды ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс, түртіп алу (инсерт), ВЕНН диаграммасы сияқты т.б. кезеңдерден түзіледі.
Ой шақыру. Үйрену үрдісі-бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сабақ, негізінен, қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту жүзеге асады. үйренушінің белсенділігі артады. Мысалы, қазақ тілі сабағындағы «Етістіктің осы шағы» тақырыбында жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын қызығушылықты ояту кезіндегі «ой шақыруда» (интерактивті тақтадан жұпыны теректің суреті көрінеді), теректі жайқалту үшін сондағы сұрақтарға жауап беру керек. Жауаптары дұрыс болса, теректің әр бұтағы жапырақ жаяды. Сұрақ үлгілері: «Етістік нені білдіреді? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді? Етістіктің қандай категориялары бар?», т.б. Терек жайқалып «дана ағашына» айналғаннан кейін жаңа тақырып түсіндіріледі.
Мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Ең бастысы, оқушы өзінің белсенді әрекеті арқылы өз білімін анықтайды.
Ой-толғаныс. Күнделікті оқыту үрдісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру. Сол арқылы тәрбиелікке, даналыққа бастау алады. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Жаңаша оқытудың ерекшеліктері арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін білуге болады. Сабақты қорыту кезінде етістіктің үстеумен сабақтастығын ВЕНН диаграммасын қолдану арқылы қорытындыладым. Бұл стратегияда ұқсастық пен ерекшелік салыстырылады, оқушының байқағыштығы мен ажырата білуі байқалады, сабақ нәтижесінде оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, сенімі қалыптасады.
Оқыту технологияларын сабақта тиімді қолданған күнде ғана білім
сапасы артады және оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағынасына, ерекшеліктеріне қарай таңдап, қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық. Әрбір оқытушы – жаңалық жаршысы. Ол барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқытуды жетілдіре түсу, жастарға білім берумен қатар, оларды халықтың ұлттық дәстүрі үрдісінде адамгершілікке баулу, білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетуіне күш салуды өзінің басты міндеті екенін естен шығармау керек.Сонда оның оқытуы нәтижеге бағытталып, жеке тұлға тәрбиеленеді.
Жаңа технологиялардың тиімділігінен мынадай оң нәтижелерге қол жетеді
оқушылар өз бетімен ізденуге үйренеді,оқуға деген қызығушылығы артады,
іскерлік дағдысын дамытады,ақпаратты саралауға, жүйелеуге дағдыланады,
сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге дағдыланады,мақсатқа өз бетімен ұмтылады,ойлау белсенділігі, тапқырлығы артып, негізгі түйінді табуға машықтанады,шығармашылық белсенділіктері артады.
Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:
Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).
Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:
Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
Ақыл - ойын дамытады;
Шығармашылық белсендігін арттырады;
Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;
Тіл байлығын жетілдіреді;
Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.
Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |