Талдау, синтез және бағалау айдарындағы тапсырмаларды орындатады
Микроскоппен жұмыс барысында кескіннен қандай қателер туындауы мүмкін, талдау жасайды.
Не себепті оптикалық микроскоппен салысытырғанда электрондық микроскоппен жұмыс істегенде сызықтық ұлғайту көлемі өзгеретінін түсіндіреді.
Люминесценттік микроскоппен жұмыс істеу принципін сипаттайды.
Биологтер үшін люминесценттік микроскоптарды пайдаланудың маңызын түсіндіреді.
Микроскоппен жұмыс істеу барысында кескінде қандай қателер пайда болуы мүмкін екеніне талдау жасайды.
Нысанның қалындығының өлшемін алу жолын таңдайды.
Нысан-микрометр немесе окуляр-микрометр көмегімен органеллаларды қалай өлшеуге болатынын түсіндіреді.
Сабақ бойынша рефлекция
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында білімгерлердің сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Жеке жұмыс:- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
Бағалау
Мұғалім білімгерлерді «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын!
Сонымен қатар 1-100 баллдық жүйе бойынша ,білімгерлердің сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
Оптикалық және электронды микроскоптардың суретін салу, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазу.