Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет176/187
Дата10.04.2024
өлшемі2,72 Mb.
#200704
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   187
Байланысты:
null repaired (2)

3-мәтін 
Баяғыда өз империясын гүлдендірген, жарқын жеңістерімен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, 
өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болыпты. Ол бала кезінде тым ерке болса 
керек. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазын шаршатып жіберетін. Ұрысқан жағдайда: «Мен патшаның 
баласымын, маған ештеңе істей алмайсың», - деп қоркытатын. Ұстаз патшаға шағымдану әдепсіздік 
болар деп біраз уақыт сабыр сақтап жүреді. Алайда еркелігі тым шектен шыға бастағанда, амалсыз 
әкесінің алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында, ол ұстаздын құлағына бұл 
жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз патша сөзіне таң калады. Мұндай әрекетке бара 
алмайтындығын айтса да, патша осы жоспарды орындау керектігіне сендіреді. 
Ертеңіне кішкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да 
әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келеді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып береді, 
бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып рұқсат сұрап кіру керектігін айтып қуып 
шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл жағдайды бақылап отырған 
ханзаданың тілі тұтылып не айтарып білмей абдырап қалады. Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс 
естіген еді. Көздері алақ-жұлақ етіп отырғанында, есік қағылып патша кешірім өтініп, рұқсат сұрап 
ішке кіреді. 
Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап ханзада еркелігін доғарып, ұстазының 
айтқанын екі етпейтін болыпты. 
7.
Мәтіндегі негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді? 
A)
Бала - бауыр етің 
B)
Әке балаға сыншы 
C)
Білім - бұлақ 
D)
Алып - анадан 
E)
Ата - баланың қорғаны 
8.
Патшаның құлағына сыбырлай айтқан сөзіне ұстаздың таңғалу себебі 
A)
Патша ұсынысы оғаш көрінді 
B)
Патша ұсынысы қатал көрінді 
C)
Патша ұсынысы әділетсіз көрінді 
D)
Патша ұсынысын ақымактык деп санады 
E)
Патша ұсынысынан қорқып кетті 
9.
Мәтіннің стилі кандай? 
A)
Ресми іс-қағаздар стилі 
B)
Ауызекі сөйлеу стилі 
C)
Публицистикалык стиль 
D)
Fылыми стиль 
E)
Көркем әдебиет стилі 
10.
Ұстаз бен патшаның мақсаты не еді? 
A)
Балаға әкесін сыйлау керектігін түсіндіру 
B)
Патша бүйрығын бәрінің орындау керектігін ұғындыру 
C)
Ұстаздың патшаны ерекше құрмет тұтатындығын дәлелдеу 
D)
Балаға патшаның ұстаздан қорықпайтындығын көрсету 
E)
Балаға барлық адамдарга тәртіп бірдей екендігін ұғындыру 
11.
Патша баласы кандай еді? 
A)
Ашуланшақ 
B)
Шолжаң 
C)
Сыпайы 
D)
Айлакер 
E)
Ақылсыз 
12.
Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді? 
A)
Әкесінің талап қойғыштығын 
B)
Ұстазы білімді екендігін 
C)
Ұстазды патша да сыйлайтынын 
D)
Ұстазының әкесінен қорқатынын 
E)
Сабақты жақсы оқу керектігін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет