Оқу сауаттылығы бойынша тест 1-мәтін: Киіз үйдің түрлері мен құрылысы



бет2/4
Дата20.11.2023
өлшемі34,02 Kb.
#192069
1   2   3   4
Байланысты:
ББЖМ Оқу сауаттылығы
Тақырып1.1 ЖҚ, Аманқұлова А Қазақ тілі әдістемесі (3), Есім хан, Документ Microsoft Office Word, ұұ, yemocionalniyy-intellekt-2-0 6570, ЛЕКЦИЯ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ, Алгебра ЖББМ 1 нұсқа, мұғалімнің табысқа жетуі, ББЖМ Оқу сауаттылығы, analitika anyktama 12 ay, 5 занятие 2
3. Әкесі неге риза болды?
A) Баласының аттың сырын білетіндігіне B) Баласының білімпаздығына
C) Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына D) Жақсы мысал табылғанына
E) Баласына орынды ақыл айтқанына
4. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал
A) Талайлымен таласпа. B) Жақсы бала – әкеге құт. C) Күш атасын танымас.
D) Тілі тәтті – көңілі қатты. E) Шешінген судан тайынбас.
5.Баланың әкесіне атысты сипаттама
A) Сабырлы B) Сымбатты C) Көңілді D) Адал E) Еңбекқор
6. Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын» деген сөзінің мағынасы
A) Ақылы жасына сай болсын дегені. B) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені.
C) Қатарынан қалмай өссін дегені D) Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені.
E) Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені.


3-мәтін
Бақытсыз бай
Ертеде бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да – жинаған мал-мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп, оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: “Мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр,”– деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе, жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.
– Ақымық, бүгін қиралаңдап дұрыс істемедің! Түнімен балаларыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! – деп ақырды.
– Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам,– деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді жалшысы.
–Нағыз ақымақ екен! – деп, үйден атып шыққан бай енді: “Мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы,”– деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлыған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес. Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрінді. Бай ақыры:
– Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр,– деді. Сонда жалшысы:
– Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күндк кешке үйімді торуылдайсың. Менің байлығым – екі балам мен жан жарым жане денсаулығым мен қара күшім. Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін,– деп жауап берді.
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. “Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті”.
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет