99. Шекердің ең алғаш шыққан жері
А) Полинезия В) Иран С) Үндістан Д) Америка Е) Венеция
100. Еуропаны шекермен қамтамасыз еткен плантациялар
А) Полинезияда В) Мысыр елінде С) Венецияда
Д) Кариб аралдарында Е) Үндістанда
101. Венециядағы шекер саудасының әлсіреу себебі
А) Францияны шекермен қамтамасыз еткендіктен
В) Арабтардың шекерді ауқымды өндіріс түріне айналдыруы
С) Жұмыс қолының жетіпеуі
Д) Қызылшадан да шекер өндіре алатындығының анықталуы
Е) Үндістанда шекер саудасыынң жолға қойылуы
102. Адамдардың жаңа шекер көзін іздеу себебі
А) Шекер сапасының төмендеп кетуі
В) Франция импреаторының Еуропа құрлығын қоршауға алып, шекер жолдарын жабуы
С) Христофор Колумбтың Кариб араладрында шекер өсіре бастауы
Д) Шекер саудасымен айналысқандардың жұмысының шыңға өрлеуі
Е) Крест жорықшыларына шығыс шекерінің қатты ұнауы
103. Бірінші азатжолдағы ақпарат
А) Рафинадталған шекердің орталығы
В) Кариб араладрындағы плантациялар
С) Арабтардың шекерді өндіріс көзіне айналдыруы
Д) Неміс ғалымының ашқан жаңалығы
Е) Шекердің байлардың арасында сәнге айналуы
104. Парсы билеушісінің еліне әкелген жаңалығы
А) шекер В) қызылша С) алтын Д) какао Е) кофе
105. Мәтін мазмұнына сай дұрыс ақпарат (-тар)
1. шекер плантацияларының пайда болуы құлдар сауда-саттығын күшейтті.
2. Васко да Гама Венециялық шекер монополиясын құлдыратуға себепші болды.
3. Ачард Марграфтан шекер қамысын өңдеу әдісін үйренді.
А) тек 1 В) 1 мен 2 С) 2 мен 3 Д) тек 2 Е) 1 мен 3
106. Мәтін бойынша жаңа шекер көзін тапқан ғалым
А) Христофор Колумб В) Марграф С) Наполеон Д) Ачард
Е) Васко да Гама
7.8-мәтін
1. Гүл патшасы қызғалдақ біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүретін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Шу-Іле таулары, Талас Алатауы мен Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы аумағының орталық, батыс және солтүстік беткейлерінде грейг қызғалдағы өседі.
2. Қызғалдақ – далагүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда отыз екі түрі кездеседі. Биіктігі 30-50 см. Саабғы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Шренк қызғалдағы сияқты он үш түрі қорғауға алынған. Олар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
3. Ерекше әсем көркімен дараланатын қызғалдақтың Отаны Қазақстан болып саналады. Бүгінде жер жүзінде үш мыңнан астам түрі бар. Олар – біздің дала қызғалдағының ұрпағы.
4. Қазақ жерінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде Жетісу жеріндегі «теңдік» қорғанынан біздің заманымызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырлардағы сақ патшалары мен көсемдерінің киімдерінен қызғалдақ тәрізді оюмен әшекейленген жалпақ алтын тіліктер табылды. Орта Азия аймағынан табылған Х-ХІІІ ғасырлық қыш бұйымдарда да қызғалдақ суреттері салынған. Орта ғасырларда мемориалдық архитектурада өсімдік тектес оюлардың пайдаланылғаны мәлім. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жұқа кірпіштерде, Отырардағы ортағасырлық қыштарда гүлдердің әшекейлеу үшін қолданылғаны – соның нақты айғағы. Құлпытастарда да қызғалдақ суреттері салынған.
5. Қазақ қолөнерінде де қызғалдақ бейнесі көп бұйымдарда бедерленген. Олар: ер-тұрман жабдықтары, тері белдік тоғалары, сақина, білезік, қамзол қапсырмалары, ағаштан жасалған жиһаздар. Өсімдік пен гүл пішіндері кестелерде де, сырмақ, текемет, кілем, алашалары да бар. Шеберлер алтын жіппен ұлттық киімдерге, киіз үй жабдықтарына, қоржын-дорбаларға да қызғалдақтың бейнесін салып әшекейлеп, кестеленген.
Достарыңызбен бөлісу: |