Авторы: Қ Мұқашева
Мәтіннің мазмұнына сәйкес КЕЛМЕЙТІН тұжырымды белгілеңіз.
A) Келісімге дайын болу жəне экстремизм элементтерінен алшақ болу қажет.
B) Назарды əлеуметтік жəне гуманистік технологияларды күшейтуге бағыттау маңызды.
C) Төл тарихымыздың жаңғыруының ерекшеліктері мен негізгі тетіктері баршылық.
D) Өміршең үрдіс қайнарларын жинақтауға назар аударған жөн.
E) Ішкі дамудағы өзекті мəселелер бойынша нақты бағыттарды жоғалтып алмау керек.
5-мәтін Әкем қызметінен кейін үй шаруасымен айналысатын, ол кезде мен 7-8 жастағы баламын. Шамам келгенше әкеме қолғабыс жасаймын. Бірде әкем үйді қоршаған шарбақты жөндеп жатып, байқамай саусағын балғамен ұрып алды. Сонда саусағынан қан ағып жатса да, алған соққыны елемей, жұмысын әрі қарай жалғастыра берді.
Авторы:Қ Мұқашева
Мәтіндегі әке неліктен саусағының ауырғанын елемеді?
A) Ауырғанын сезбеді.
B) Баласын төзімділікке тәрбиеледі.
C) Батырлық, ерлік көрсеткісі келді.
D) Жұмысқа қатты беріліп кетті.
E) Сабырлы, шыдамды еді.
6-мәтін – Жастар туралы үлкендер не айтады? Тұрар Әбуов, дінтанушы: – Жастарымыздың көбісінің рухани деңгейі жоғары. Олар өздерінің білімділігі арқылы көпшілік ортада қоғамдық пікір қалыптастыра алады. Қуанарлық тағы бір жайт – жастардың адамгершілікке, имандылыққа деген бет бұрысы. Ұлтын ұлықтай білетін, Отанды сүйе білетін жігерлі жастар өсіп келе жатқанына қуанамыз. Ал кей жастардың материалдық құндылықтарды басты орынға қойып, көлік мініп, қымбат телефон ұстағандарына мәз болып, ұсақталып бара жатқаны – ащы шындық. Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының ұстанымдарын сонау мұхиттың ар жағындағы Куба елі әскерлеріне жарғы ретінде оқытады, ал біздің жастарымыз сол Баукеңнің бір шығармасын оқыды ма? Дінді ұстанам деп адасып жүрген жастар қаншама?! Ең қорқыныштысы – жастарымыздың қазақы қалпымызды сақтап қала алмауы.