Оқу сауаттылығы. Оқылым Мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
1-мәтін Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген. Өкінішке орай, қазіргі таңда табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Дүниежүзінде туындап отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған жағдайлар ұшан теңіз. Күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, қоршаған ортаның қоқысқа көмілуі – осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен мәселе.
Авторы:Қ Мұқашева
Мәтінде қандай мәселе көтерілген?
А) ауаның ластануы
В) құстардың жоғалып кетуі
С) өзен-көлдердің тартылуы
D) экологиялық зардаптар
Е) экологиялық мәселелер
2-мәтін Қызыл кітап – белгілі бір түрлердің жойылу қаупін сақтап қалуға арналған анықтамалық кітап. Кей аң-құстардың жойылу қарқыны шапшаңдай түсті. Міне, сондықтан да Қызыл кітапты енгізу қажеттілігі туды.
Жер бетінен қаншама биолоиялық түр жойылып кетті. Бұл үдеріс өте ерте кезден басталды. Ал ХІХ ғасырда құстар мен сүтқоректілердің 70 шақты түрі, ХХ ғасырдың бірінші жартысында тағы да 40 түрі жоғалды...
Ақпарат дереккөзі: kitaphana.kz Қызыл кітап ненің белгісі?
3-мәтін Көшпенді халық уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірибе жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын және соған лайықты сөз өрнектерін тауып, жылды, тоқсанды, айды, аптаны, тәулікті бөлудің шаруашылыққа сай реті мен ыңғайын да орайластыра білген. Уақыт өлшемдеріне келгенде, қазақ тілі атауларға бай. Мысалы, мерзім өлшемдері: қас қағым сәт, ә дегенше (1 секуд), сүт пісірім (5-10 мин), ет пісірім (2-3 сағат); уақыт мезгілдеріне байланысты атаулар: таң сәріде, қас қарайғанда; қашықтықты анықтауда: таяқ тастам жер, ит арқасы қиянда; салмақ өлшемдеріне қатысты атаулар: келі, пұт, батпан, қадақ, бір торсық, т.б.
Уақыт мезгілдері мен қашықтықты анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп, айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әрі түрге де өте бай. Мұны халықтың өзі белгілегеніндей, «салмақ өлшемдері, көлем өлшемі мен мөлшері, ұзындық өлшемі, қашықтық өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері» деп бөлуге болады.