ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
https://vk.com/mega_education
423
олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар,
бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін
жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан
Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о
бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі
бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино
түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен
кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр
кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын.
13.4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?
A)Американдық Стивке
B)Тимур Бекмамбетовке
C)Ақтан Арым Құбатқа
D)Анар Қашағановаға
E)Нұртас Адамбаевқа
14.Сұхбат қандай мақсатпен алынды?
A)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін
B)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін
C)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін
D)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін
E)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін
15.Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.
1. Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.
2. Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.
3. Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.
A)Біріншісі
B)Үшеуі де бұрыс
C)Үшіншісі
D)Екіншісі
E)Үшеуі де дұрыс
16.Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын
сөзіне сәйкес келеді?
A)Көз – қорқақ, қол – батыр.
B)Қорыққан мен қуанған бірдей.
C)Ер сыншысы – елі.
D)Жылтырдың бәрі күміс емес.
E)Михнат болмай, рахат болмас.
17.Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?
A)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам.
B)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер.
C)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер.
D)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам.
E)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам.
18.Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:
|