Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет243/674
Дата02.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134045
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   674
Байланысты:
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
172 
B)Қайсар, Батырхан 
C)Дана, Сабыржан 
D)Қымбат, Әсем 
E)Жамал, Ақылгүл 
12. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады? 
A)барлық мезгілде 
B)көктемде 
C)жазда 
D)күзде 
E)қыста 
Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне 
бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың 
куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл 
кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап 
біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан 
қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға 
көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза 
бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе 
алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған 
үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге 
болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін 
білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. 
Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта 
отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің 
үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы 
сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» 
кірісті. 
Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің. 
Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға 
мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл 
жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын 
жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді. 
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді 
өзінен көрсін деуші едік. Ал енді мына балаларға не айтуға болады?! Адам ата-
ананы таңдап алмайды. Сол бір жауапсыз жандардың кесірінен бақытты шақтарын 
көшеден азық іздеумен алмастырып жүргендері өте өкінішті-ақ... Оқушы біткен 
жазғы демалыстың аяқталмауын тілеуде. Ал, мына балалардың екеуі мектептерін 
аңсап жүр. Арнаулы мектепке баратындардың ол жерде киер киімі ұқыпты
тамақтары тоқ, жатар орны таза. Мектеп жасына толмаған қалған екеуі ше? Олар 
не күн көреді? Жазда, жарайды, әрбір қарағаш оларға сая, кез-келген шүберек киім. 
Қыста ше? Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? Жоқ әлде, 
көмусіз аң-құстың азығына айналар ма екен? Бұл тұста қылышты кімге сілтерімді 
де білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анаға ма, жоқ әлде тек екеуді 
қамқорлығына алған үкіметке ме? Ата-анадан енді қайыр жоқ, ол белгілі жайт! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   674




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет