Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет252/674
Дата02.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134045
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   674
Байланысты:
O 1179 u Sauattyly 1179 100 n 1201 s 1179 a

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
180 
33-НҰСҚА 
Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі 
алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас 
шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін
айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол 
музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді 
мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын. 
Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе 
соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей 
көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын 
білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи 
сағыныш еді бұл. 
1.Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз. 
A)Көшерін жел, қонарын сай біледі. 
B)Мың асауға бір тосу. 
C)Ерді ел теңгерер. 
D)Жамандық қөрмей жақсы болмас. 
E)Туған жердей жер болмас. 
2.Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған. 
A)қыздар туралы 
B)кітап туралы 
C)аспап туралы 
D)ән туралы 
E)би туралы 
Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа 
келген мысық оған тыныштық бермепті. 
Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ 
табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа: 
– Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп 
жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана: 
– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – 
дейді. 
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта 
тығылып жүретін болыпты. 
Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай 
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген 
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін 
болыпты. 
3.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз. 
A)Тату-тәтті өмір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   674




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет