ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 241
A)Екеуі де дұрыс
B)Дұрыс жауап жоқ
C)Тек екіншісі
D)Тек біріншісі
E)Екеуі де бұрыс
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім,
аязға өте төзімді жануар.
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың
арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем
мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-
15-тен топтанып жүреді.Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз
туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-
жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан
Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен
будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын
шығарды. (166 сөз)
(Интернет материалдарынан)
3.Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?
A)Бағалы кәсіптік аң болғандықтан
B)Егіз төл беретіндіктен
C)Мүйізі үлкен болғандықтан
D)Суыққа төзімді болғандықтан
E)Меринос қойымен будандастыратындықтан
4.Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?
A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады
B)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті
C)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады
D)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді
E)Арқардан төрт түлік түрін шығарды
5.Арқардың негізгі жауы нелер?
A)Шөп қоректілер.
B)Сүт қоректілер.
C)Ет қоректілер.
D)Қос аяқтылар.
E)Үй жануарлары.
6.Арқар қандай жерлерді мекендейді?