Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау деп нені атаймыз?



бет1/5
Дата30.09.2022
өлшемі36,58 Kb.
#151318
  1   2   3   4   5
Байланысты:
оқу


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Оқу үшін бағалау

Тексерген: Абдикалык Кунимжан Садиркызы
Орындаған: Сеитова Н.А.

Оқу үшін бағалау



Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау деп нені атаймыз

Оқуды бағалау – оқудың өз нәтижесіне жеткенін анықтайтын бағалау түрі. Оқуды бағалау оқушының қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтауболып табылады. Негізінен, ол келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне көпшілік көп мән беретін тестілеу әдісі оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін.Оқу үшін бағалау керісінше үдеріс жүріп жатқанда орын алады. Бұл бағалау түрін біз оқушы қажеттілігін анықтау үшін, өзіміздің келесі әрекетімізді жоспарлау үшін, өз жұмыстарын жақсарту үшін оларға кері байланыс жасау үшін және оқушылардың жетістікке жету жолында өз жұмыстарын көріп бақылау үшін қолдана аламыз. Әрқайсысы оқушының білім алуына өзіндік ықпал жасап, келесі қадамда нені жасау қажеттігін анықтауға көмектеседі.Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау бағалаудың әртүрлі формада (ауызша сауалнама, жазба жұмысы, тәжірибелік жұмыс, зертханалық жұмыс, жоба, тест және т. б.) жүзеге асырылады және жиынтық бағалау өткізгенге дейін мұғалім мен білім алушыға оқу процесін түзетуге, ықтимал болатын кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Тоқсан бойы жүргізіледі.Қалыптастырушы бағалауда жұмысты ұйымдастырудың білім алушыға оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттарына жету үшін көмек беруге мүмкіндік беретін жеке, жұптық және топтық формалары пайдаланылады. Қалыптастырушы бағалауда білім алушылар пәндер бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес оқыту мақсаттарына жетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет