Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау деп нені атаймыз?


Қандай техниканы қолдану керек екендігін қалай анықтауға болады?



бет5/5
Дата30.09.2022
өлшемі36,58 Kb.
#151318
1   2   3   4   5
Байланысты:
оқу

Қандай техниканы қолдану керек екендігін қалай анықтауға болады? 
Қалыптастырушы бағалаудың қандай техникасын қолдану керек екендігі бірнеше факторлардың қатарынан тұрады. Мұғалім оқушының қандай оқыту аспектісін өлшегісі келетінін анықтау қажет. Қалыптастырушы бағалаудың техникасы жеке, екі немесе одан да көп адамдарға немесе жалпы сыныпқа қолданыла алады. Мұғалім қалыптастырушы бағалаудың әр түрлі техникаларын қолдануы қажет, себебі ол әрбір оқушы туралы нақты көрініс пайда болады, сонымен қатар оның оқыту материалын қаншалықы меңгергенін және бұл ақпараттарға қарай отырып, қазіргі оқытуына өзгерістер енгізуініңқажеттілігін көрсетеді. 

Мұғалімдер бағалаудың ақпараттарды қалай қолданыла алады? 
Қалыптастырушы бағалаудың техникасы жұмыстың нәтижелілігін бағалауға 
көмектеседі. Егер де оқушыларда оқушыларда ілгерілеу көрінбесе , онда
мұғалім бұл ақпаратты басқа тәсілмен жеткізуді ойластыруы қажет, одан басқа 
қалыптастырушы бағалау техникасын бейімдеу және оқушылардың деңгейіне
сәйкес бағалау критерийлерін дайындау.


Оқушылар бағалаудың ақпараттарын қалай қолданыла алады? 
Оқушылар оқыту мақсаттарына жету үшін не істеу керек екендігін анықтауға көмектесетін ақпараттарды пайдаланыла алады, яғни ағымдағы оқуды бағалау және оқуда жаңа мақсаттарды қою үшін қалыптастырушы бағалау техникасын қолдану кезіндегі алынған ақпараттарды пайдалану.

Қалыптастырушы бағалау нәтижелерінің деректерін жинау және тіркеу. 
Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тіркелуі қажет. Мұғалімге оқушылардың оқыту мақсатына жылжыту деректерін тіркеуге арнайы жеке блокнот немесе журналдың болуы ұсынылады. Журналда жазылған жазбалар шартты белгілер ретінде болуы мүмкін, олар оқушының нақты жетістіктерін көрсетеді. Шартты белгілер оқушының тегі жазылған қарамақарсы торда сабақтың күніне сәйкес қойылады. Журналда оқушы туралы ұзақ мерзім бойы жинастырылған ақпараттар болуы мүмкін, яғни бұл ақпараттарды пайдалана отырып әрбір оқушының, жалпы сыныптың картасы және жұмыс жоспары жасалады. 

Талдау 
Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелерін талдау ең маңызды кезеңі болып табылады, себебі мұғалімге оқушының, жалпы сыныптың жылжытылуын толықтай қадағалауға және оқушының немесе өзінің қызметін дұрыс қалыпқа өзгертулерді енгізуге мүмкіндік береді. Талдаудың нәтижесінде әрбір оқушы өзінің алдағы оқытудағы жауаптылығын сезінеді. Талдау үстінде мұғалім келесі ақпараттарды алады:
- Орындау кезінде қиыншылық туғызған тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды өзгертудің және жетілдірудің қажеттілігі;
- Жеке оқушыға немесе бөлек топқа тақырыпты зерделеуге көмектесудің мақсатқа сәйкестігі;
- Болашақта оқыту процесінің нәтижелілігін жоғарлату үшін оның мазмұнын өзгертудің қажеттілігін және оқыту процесінің күшті және әлсіз жақтарын; 
Талдау кезінде ең бастысы оқушының қандай кезеңде болып жатқаны туралы мәліметтердің түсуі, оның оқыту мақсатына жетудің қиыншылықтары мен жетістіктеріне назар аударылады. Қалыптастырушы бағалау нятижелерін талдаудың арқасында ғана оқушы қажетті оқыту деңгейіне жетеді.

Қорытындылар: 
Қалыптастырушы бағалау техникасы мұғалімге оқушының, бөлек топтың және жалпы сыныптың оқытудағы мәселелерді шешуге көмектеседі. Қалыптастырушы бағалау техникасын оқытудағы барлық кезеңдерінде өткізілуі қажет, оқушыларды бағалау кезінде оларды қандай нәтижеге әкелгісі келетінін нақты білуі қажет. Журналда деректерді жинау және тіркеу қалыптастырушы бағалау техникасының қолданылуының нәтижелерін белгілеуге мүмкіндік береді. 
 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет