ОҚу-тәрбие үдерісінде ұлттық ойындардың психологиялық РӨлі али Е. – 108-16 тобының студентті Ғылыми жетекші: Жуматаев О. К



Дата29.03.2017
өлшемі49,88 Kb.
#12463
УДК 371.351

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ РӨЛІ
Али Е. – 108-16 тобының студентті

Ғылыми жетекші: Жуматаев О.К. – магистр-оқытушы

ОҚМПИ, Шымкент, Қазақстан


Резюме

Данная статья поднимает и рассматривает некоторые актуальные вопросы применения национальных игр в обучении школьников.
Summary

Given clause lifts and considers(examines) some urgent questions of application of national games in training the schoolboys.
Қазақстан Республикасының орта білім мемлекеттік стандарттарында жалпы білім беретін мектептерде оқытудың мақсаты – жеткіншек жасындағы балаларды оқыту барысында оқушылардың алған білімі жоғарғы сыныптарда оқытудың тірегі болатындай шығармашылықпен, өз бетінше ойлай білетін оқушыларды тәрбиелеу екендігі айтылған. Осы мақсаттарға жету үшін оқушылармен оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық ойындарды күнделікті сабақ тақырыптарына сай іріктеп, тиімді және ұтымды әрі оқу мотивациасының мәнін арттырады.

Сондықтан, білім беру жүйесінің негізгі бағыттарның бірі - оқушылардың бойында білімге деген қызығушылықты, құштарлықты дамыту, соның ішінде жеткіншек жасындағы мектеп оқушыларының белгілі бір пәнге қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Бұл бағдарлама өзінің көкей тестілігімен ерекшелініп, қазақтың халық психологиясы мен педагогикасындағы идеялармен үндестік тауып жататындығымен де құнды.

Қазақ халқының ойындары арқылы оқу мотивациясын қалыптастыру сабағы оқушының алған білімін күнделікті өмірменен берік ұштастыруға қолайлы мүмкіндік жасайды. Пән сабақтарында халық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Мысалы, ойын сабақтың барысында не ортасында, не соңында қолданылуы мүмкін. Ойынды сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер ойын сабақтың ортасында қолданылатын болса онда мұғалімнің мақсаты – оқушылардың көңіл күйін сергіту, шаршағанын ұмыттыру, ерік жігерін дамыту. Ойын сабақтың соңында тақырыпты беру не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында да пайдаланылады.

Ұлттық ойындарды өткен сабақтарда қайталау кезінде де қолдануға болады ол жағдайда ойын элементтері сабақты түрлендіріп мазмұнын байыта түседі, балалардың қиалдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі өмір тәжірбиелерін толықтырады.

Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.

Оқу үрдісінде ойын әрекетінің негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу жаттығу ойындары. Жеке тұлғаның мәнді әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің және басқалардың ойынының нәтижесін бақылай, талдай, қорытындылай отырып, оны өзінің жақсы да жаман да істерінде ұтымды қолдануға машықтандырады. Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылғар оқушының белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті - оқытудың ойын формасы деп аталады. Қазіргі кезде оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін: имитациялық, символдық және оқу-зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр.

Оқытудың ойын формасын қолдануды екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагогтар, психологтар, әлеуметтанушылар зерттеуде. Мысалы, Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б. Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров тағы басқалар.

«Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек», - деп жазады Ж.Аймауытов.

Ұлтық ойындардың өзіндік психологиялық ерекшеліктері мен орындалу шарттары жөнінде Төтентайов Б., Сағындықов Е., Алдабергенов Ә., Табылдиев Э., Толбаев Қ., Қазыбеков М., т.б. еңбектерінде жан-жақты талдау жасаған.

Көптеген зерттеушілердің; Ысмайлова Ш., Әділманов Р., Горошенко В.П. т.б. ойынша оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың неғұрлым тиімді жолы ол халық ойындарын пән сабақтарында қолдануына көңіл бөлген.

Пәннен сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің белгілі әдіскер маманы Қ. Қаңлыбаев оқушылардың оқуға, білімге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін қолданудың да көздейтінін көрсетеді. М.Н. Перова, Ә. Табылдиев, Ж. Қалбеков, Б. Қосболова, П.Б. Горшенко, Б. Асанов, Б. Төтенаев т.б. пәнінен сабақ өткізу кезінде өз бетінше жұмыс ұйымдастыруды және өткізуде тұлғаның белсенділігінің қалыптасуы қарастырылады.

Халық ауыз әдебиетінің қағидасына сүйенетін болсақ, онда қазақ балаларын жас ерекшелігіне қарай: «бір жасқа дейінгі нәресте, бір жастан жетіге дейін сәби, сегізден он төртке дейін жас өспірім, он бестен жиырма беске дейін жігіт», - деп төрт топқа бөлінеді.

Қазақ халқының фольклорын ұлттық ойындарын жинаушы этнограф Я. Диваев өзінің «Қырғыз (қазақ) балаларының ойыны» - деген еңбегінде оның бала тәрбиелеудегі ролін маңызын айта кетіп, сол кездегі қалыптасқан әдеп – ғұрып жас ерекшелігіне қарай, балаларды негізінен үш топқа бөледі:

1. 1-жастан жетіге дейін нәресте;

2. 7-жастан он беске дейін боз бала;

3. 15-жастан отызға дейінгі жігіт.

Осы дәстүрлі қағиданың негізіне сүйене отырып біздерде ұлт ойындарын бес топқа бөліп қарастырдық:



  1. Туылған бір жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі;

  2. 1–ден 3–жасқа дейінгі кезең – бөбектер жасы;

  3. 3–тен 7–ге дейінгі сәби жасынжағы баланың ұлттық ойыны;

  4. 8–ден 11–жасқа дейінгі періште жасы;

  5. 12–жастан 16–жасқа дейінгі жас өспірім шақ.

Бала өзінің қоршаған дүние туралы алғашқы түсінікті ойын үстінде алады. Ол дүние сырларын түйсініп аңғарады, тәжірбие жинайды. «Адам ата – анадан туғанда есті болмады: Естіп, көріп, ұстап, тартып, ескіре дүниедегі жақсы жаманды, таниды дағы, сондайдан білгені, көргені, көп болған адам білімді болады » - деді ұлы ақын Абай Құнанбаев.

Ұлттық ойындардың психологиялық-педагогикалық мәніне тоқталатын болсақ «Кедеймін деп қысылма, өнерің болса бойыңда», «Өнерлінің өрісі кең» деген халық даналықтары өте дәл айтылған. Бүгінгі қазақ жастары қандай өнерді таңдап алып,соған деген мүмкіншілігі мол. Спортта өнер ретінде қарастырылады. Бірі-күштің толысуына әсер етсе, екіншісі жылдамдықты, үшіншісі-тапқырлықты, төртіншісі-адами қасиеттерді қалыптастырады.

Қазақ халқының әдет ғұрыптары негізінде дамыған алуан түрлі ұлттық ойындары көшпелі өмірге, дала табиғатына сай дами береді. Әр түрлі өнер белгілі бір жүйеленген ортада көріне алатындықтан, халық ойындары болғаны да даусыз.

Сонымен, ұлттық ойындар балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа, тәртіптікке, әрекетті жинақтауға және жоспарлауға үйретеді. Терең ойды талап ететін ойындарға дойбы, тоғызқұмалақты жатқызамыз. Қызығына ешбір тоймайтын халықтың даналығы қалдырған ойындардың бірі болып табылады.


Әдебиеттер

  1. Сағындыков Е. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы: Рауан, 1991. - 189 б.

  2. Елубаев С, Елубаева С. Дидактикалық ұлттық ойындар мен логикалық есептер. // Бастауыш мектеп. – 1998. - №6. – Б. 17.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет