1.7. Курс пререквизиттері:
Орман ботаникасы, дендрология, орман аңдары мен құстарының биологиясы, инженерлік геодезия, орман тұқымбақтары.
1.8. Курс постреквизиттері: Орманшаруашылығы және орман пирологиясы, орманды орналастыру, орманқорғау, орман таксациясы.
2.Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
а) Пәнді оқу барысында қажетті уақытты ұйымдастыру және жоспарлау бойынша кеңестер:
Семестрдегі оқу жүктемесін біркелкі үлестіру керек және әрбір студент міндетті түрде орындайтындай, тапсырмалар жиынтығын беру керек, және олардың орындалуын қатаң бақылау керек. Бұл үшін кафедрада бақылаудың әртүрлі формасы бар.
Әрбір пән бойынша өздік жұмысының сағат санын анықтау, оқу тапсырмаларын регламенттеу нақтылыққа, анықттыққа әкеледі, басқа сабақтардың есебінен СӨЖ дің көбейіп кетпеуін қамтамасыз етеді.Бұл қорытынды студенттердің пікірімен нақтыланады.
Пәнді оқу барысында сұрақтардың бір бөлігін студент өздігінен оқу керектігін білуі қажет.
Біздің кеңес: өз уақытыныздың шығынын талдау керек. Өз уақытынды есепте және бақылау жаса, оған ұқыпты қара.
б) Студенттің іс-әрекеті, немесе пәнді оқудың сценарий
Оқу материалын дұрыс орналастыру және пәнніңөткен материалдарын және басқа пәндерді байланыстыру.
Тақырыпқа байланысты сабақты өткізудің түрлері мен әдістері анықталады. Пәннің көптеген сұрақтарын нақты мысалдардан және зертхана жұмыстарынан меңгеруге болады.
Теориялық курс зертханалық- тәжірибелік жұмыстармен және тәжірибеден өту барысында, оның ішінде диплом алды тәжірибеден өту барысында бекітіледі.
Зертханалық сабақтар тақырып дәрістері оқылғаннан кейін жүргізіледі.
Сөзсіз, бұндай сабақтарда ойлау, талдай білу қабілеттері дамиды. Пәнаралық байланыс студенттердің ғылым негізін терең меңгеруге қажет. Олар ойкеңістігінің кеңеюіне, білуге деген қызығушылықтың дамуына, жаңа ғылымды өздігінен игеруге және оларды
тәжірибеде қолданудын белсенділігін жоғарылатады.
Пәнаралық байланыстың негізінде бір пәнмен келесісінің арасын жалғастыруға болады, оқу материалдарын көшіруді болдырмау керек. Оқу процесінде бұндай байланыстар туындауы мүмкін, оларды алдын ала анықтап және де оларды жұмыс бағдарламасына, жоспарына кіргізу керек.
в) Оқу- әдістемелік кешенінің материалдарын қолдану бойынша ұсыныстар.
ПОӘК енгізілген оқу- әдістемелік материалдаы дамыған ғылымның жетілдірілген деңгейін көрсетуі керек, оқу материалының логикалық мазмұның қарастыру керек, студенттердің оқу материалын терең меңгеру үшін және оны тәжірибеде пайдалану үшін жетілген әдістер мен техникалық тәсілдер қолдану керек.
Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ- нің үлесі өсіп, мәні жоғарылайды, ал бұл өз кезегінде студенттің жұмысын өзгертеді, оның іс- әрекетіне талап жоғарылайды.
г) Әдебиеттермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар.
Оқырманның мақсатын білмей, қандай әдебиет көздерімен жұмыс жасау керек екенін, қандай көлемде әдебиет қолдану керек екенін айту қиын. Студент оқу бағытын жоспарлай білу керек, табылған әдебиет көзіне тез және дәл есеп беріп, содан кейін оны кез- келген уақытта оңай табылатындай етіп қою керек. Өйтпеген жағдайда үлкен әдебиет қорын белсенді пайдалану мүмкін емес.
Пән бойынша арнайы әдебиетпен жұмыс ітеудің негізгі мақсаты келесідей болып бекітіледі: улкен көлемдегі материалдан өзіне керекті негізгі мәліметтерді, болашақ мамандарға қажетті материалдарды таңдап алу керек.
д) Емтиханға дайындалу бойынша кеңестер.
Жазғы және қысқы сессия – ең қиын жұмыс кезеңдері.
Қысқы сессия уақытында, семестр бойына жүйесіз жұмыс істеу нәтижесінде меңгеруге мүмкін емес үлкен материалдарды еске түсіруге тура келеді. Сессия уақытында материалдарды тек қайталап, бір жүйеге келтіріп және түсініксіз сұрақтар бойынша кеңестер алуға болады.
Сессияға дайындықты алғашқы, ынтамен тындалған дәрістерден және толық орындалған зертхана-тәжірибелік, семинар сабақтарынан бастау керек. Бұл Сіздің табысыныздың негізі.
Есте сақтаңыздар- түнгі дайындық сабақтары аз өнімділік береді. Олар ойдың жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі. Уақытты жоспарлау кезінде, қандай емтихан сізге қиын болады және қайсысына уақыт қорын көп қолдану керек екенін ескеру керек. Өзіндік дайындық үшін кафедра берген бақылау сұрақтарын және бағдарламаларын ұтымды пайдалану керек.
Семестірдегі ұқыпты жұмыстарыңыз және емтиханға деген екпінді дайындығыңыз сізге сенімділік туғызады және білімінізге сай бағаны аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |