Оқулық 10-сынып 1-бөлім Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А. М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова Алматы, 2019



Pdf көрінісі
бет56/186
Дата25.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#129800
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   186
Байланысты:
10-сынып 1-бөлім Оқулық Кәсіпкерлік және бизнес негіздері 1-2 тоқсан kz-lite (3) (1) (1)

НАРЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ 
МЕХАНИЗМІ
•  Сұраныс пен ұсыныс заңдарын түсіну;
•  Сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторларды білу.
11
42
1
-бөлім. 
Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік


Сұранысқа әсер ететін 
факторлар
Ба ға ның  сұраныс  көлеміне  әсерін  қа рас ты рған 
кезде, біз нақты өмірдегі жайттарды ескермеген 
едік. Біз сұраныстың көлеміне әсер ете тін басқа 
да факторлар өзгеріссіз қалады деп есептедік. 
Алайда, сұраныстың өзгеруі іс жүзінде осы та уар 
ба ға сы ның өзгеруіне байланысты емес бірқатар 
факторларға да байланысты болады. Жоғарыда 
келтірген мысалға оралсақ. Мә селе н, Арманның 
та быс ы ұлғайып, енді ол алма сатып алуға ай 
сайын 800 теңге емес 1200 теңге жұмсайды деп 
болжайық. Осыған сәйкес Арман кг-на 400 теңге 
ба ға мен 2 кг алма емес, 3 кг алма сатып ала ала-
ды. Яғни, Арманның та быс ы ұлғайған жағ дай да, 
оның сұраны сы ның көлемі артты.
Сұраныстың өзгеруі, оның өсуі немесе аза-
юы бастапқы сұраныс қисығының жаңа жағ дай-
ында көрініс табады. Мысалы, сұраныстың өсуі 
кіріс тер дің ұлғаюы салдарынан D сұраныстың 
қисығын оңға жылжытады (1-сурет), ал та быс-
тардың азаюы сұраныстың төмендеуіне әкеледі. 
Бұл жағ дай да сұраныстың қисығы солға жылжи-
ды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын 
сұраныс қисығымен графикалық түрде көр се туге 
болады (1-сурет):
Ағылшын экономисі және статистигі Роберт Гиффен (1837—1910) ба ға ның өсуі сұраныс көлемі нің 
өсуіне алып келе тін жағ дай ды анықтаған. Бұл жағ дай Гиффен әсері деп аталады. Оның зерттеуі 
бойынша,  кедей  жұ мыс шы  отбасы ла ры  кар топ тың  ба ға сы ның  өскеніне  қарамастан  оны  тұ тыну 
көлемі өскенін байқаған. Оны кедей отбасы лар дың азық-түлік алу шы ғын ында кар топ тың үлес 
салмағының артуымен түсіндіруге болады. Олар кар топ тан басқа тағамдарды көп ала бермей-
тін . Егер кар топ ба ға сы өссе, кедей отбасы ет және басқа да қымбат азық-түлік терді сатып алу-
дан бас тартып, кар топ сияқты та уар ды сатып алуға өзі нің аздаған та быс ын жұмсауға мәжбүр 
болды. Бұл жағ дай да сұраныс қисығы оң қисық болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет