Оқулық 10-сынып 1-бөлім Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А. М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова Алматы, 2019



Pdf көрінісі
бет24/186
Дата25.01.2022
өлшемі3,92 Mb.
#129800
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   186
Байланысты:
10-сынып 1-бөлім Оқулық Кәсіпкерлік және бизнес негіздері 1-2 тоқсан kz-lite (3) (1) (1)

Қосшығұлов 
және оның 
ұлдары – 
Ұлы мәртебелі 
Император 
сарайының жаб-
дықтаушысы
Қосшығұлов және 
оның ұлдары 
– халықаралық 
сауданың 
жабдықтаушы 
компаниясы
Косшыгулов и сыновья 

поставщик Двора его 
Императорского Величества
Баймухамбет
 - 
мельник
Косшыгулов и сыновья 

компания - международный 
поставщик
ҰН
ПІРӘНДІК
МҰНАЙ
Косшыгулов и сыновья 

поставщик Двора его 
Императорского Величества
Баймухамбет
 - 
мельник
Косшыгулов и сыновья 

компания - международный 
поставщик
ҰН
ПІРӘНДІК
МҰНАЙ
Баймұхамбет 
– 
диірменші
20
1
-бөлім. 
Экономикалық құбылыс ретіндегі кәсіпкерлік


КӘСІПКЕРЛІК ТӘСІЛДЕМЕ: 
БАСТАМАШЫЛДЫҚ 
ЖӘНЕ ДАМУ МЕН 
ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА 
ҮЗДІКСІЗ ҰМТЫЛУ
Кәсіпкер қандай қасиеттерге 
ие болуы керек
Эко но мика лық даму, соның ішінде мемлекет-
тік дамудың негізгі факторы  — кә сіп кер лік бо-
лып  табылады,  өйткені  кә сіп кер  эко но мика лық 
қатынастардың мобильді субъектісі болып та-
былады және жаңа на рық тық жағ дай ларға оңай 
бейімделеді.
Сон дық тан,  елде  кә сіп кер лік  неғұрлым 
дамыса, соғұрлым  оның  эко но мика лық  өсімі 
қарқынды  жүр еді.
Қай аймақта шағын кәсiпорын көбейген ке-
зде, яғни оның жалпы өнiмi (яғни осы аймақта бiр 
жылда өндiрiлген барлық та уар мен қыз мет құны) 
өскен уақытта сол аймақтағы тұрғындардың 
өмiрi жақсара бастағаны байқалған.
Кез келген кә 
сіп 
кер 
ліктің негізі  — идея 
(дәлірек айтқанда, нені, қалай және қай жерде 
өндіру керек) болып табылады. Жақсы идеяны 
жүзеге асыру үшін, ең бастысы, оны іске асыру-
мен айналысатын адамдар қажет. Біз кә сіп кер-
лік ойлау қабілеті туралы айтқан болатынбыз, 
ал енді кә сіп кер дің қандай қасиеттері оның биз-
нес тегі жетістігін анықтайтыны туралы қа рас ты-
рамыз.
Біз кә сіп кер болу үшін ең алдымен көп ақша 
(бастапқы капи тал ) керек және мемлекетіміз дің 
заңдарын жақсы білуіміз қажет деп ойлаймыз. 
Егер қаржы жоқ болса және заңдарды білмесең, 
кә сіп кер лікпен  айналысу  мүм кін  емес  сияқты. 
Шындығына келгенде, өз жеке ісін ашып, ұйым-
дас 
тыру 
ға дайын және қолынан келе 
тін кез 
келген адам кә сіп кер бола алады. Тіпті капи тал 
болмаған жағ дай да да, ресурстар мен уақытты 
тиімді пайдалана білу дің өзі-ақ та быс қа жеткізуі 
мүм кін.
Нұр-Сұлтан қала 
сы 
ның 10-сынып оқушысы 
Арслан Даримов өз жеке ісін 2013 жылы бастаған. 
Ол халықаралық емтихандар тапсырамын деу-
шілерге ағылшын тілінен сабақ беруді ұсынады. 
Қала да ғы  үй лер дің  кіреберістеріне  жарнама 
парақша ла ры н іліп, өзіне оқушыларды жинайды. 
Алдын ала жиналған төлем нің есебінен кішігірім 
бөлмені жалға алады, парталар сатып алады. Қа-
зір оның Нұр-Сұлтанда Rocket Study мектебі нің 
тоғыз кеңсесі бар, онда 22 оқы тушы және ағылшын 
тілін меңгерген, халықаралық емтиханды ой-
да ғы дай  тапсырған  мыңдаған  оқушы ла ры  бар. 
Арслан биз нес ін бастаған кезде оның қаржысы 
болған жоқ, бірақ ол өз ресурсы — ағылшын тілін 
жетік меңгергендігін және адамдарды еліктіре 
алу қасие тін тиімді пайдалана алды.
Сонымен қатар, сол уақытта Нұр-Сұлтан тұ-
тыну шы ла ры  нені  қажет  ете тін ін  (қызықты  әрі 
жетік ағылшын тілі курсы), өз биз нес ін әрі қарай 
қалай дамытуға болатынын (мұғалімдермен бірге 
басқа мектеп терді ашу, білім беру дің жаңа түр ле-
рін енгізу, мысалы, клубтық пікірталастар неме-
се ағылшын тіліндегі театр қойылымдары) дұрыс 
•  Кәсіпкерлікті жеке уәждеме мен өзін-өзі іске асыру формасы ретінде қарастыру;
•  Кәсіпкер біліктілігі ретінде идеяның қалыптасу маңызын бағалау;
5
21


түсінгені Арсланға көмегін тигізді. Арслан өзін кә-
сіп кер  ре тін де  қа лып тастыра  білді.
Өз-өзін іске асыру
 — бұл өз қабілетіңді, 
мүм кін дігіңді,  шеберлігіңді  ұғыну және 
оларды таңдаған қыз мет іңде қолдану 
болып табылады.
Біз өз қабілетімізді өзге адамдарға қажеті бар 
қыз мет терде  қолдана  білсек,  қабілетті лі гі міз ді 
айқындай түсеміз (суретші ешкім қызық пай тын 
сурет салмайды және кинорежиссер ешкім көр-
мей тін фильм түсірмейді). Сон дық тан өз-өзін іске 
асы рудың кемелденуі кәсіби істерде ашылады.
Ересек адамдар, әдетте, аптасына 5 күн, 
тәулігіне 8 сағаттан жұ мыс істейді (бұл о лар-
дың барлық уақытының үштен бір бөлігі). Сон-
дық тан адамға өзі істеп жүр ген жұ мы сы ның кө-
ңілінен шығуы өте маңызды. Өз-өзін іске асыру 
қажеттілігі — әрбір адамда о бастан жаратылы-
сында бар нәрсе.
Біз айналысып жүр ген барлық істің өз себебі 
немесе уәжі бар.
Уәжділік
 — бұл  ниеттің  қа лып тасуына 
әкеле тін ішкі серпін.
Сонымен қатар, уәж деп бір іспен айналысу 
ние тін айтады. Қандай да бір әрекетті мәжбүрлеу 
бойынша да жасауға болады. Адам алдына келген 
кедергіні күш-жігерін жұмсау арқылы жете 
тін 
мәж бүрлеуден уәждеменің айыр ма шылығы, ол өз 
еркімен нә тиже ге қол жеткізу болып табылады. 
Өкінішке орай, кә сіп кер лікте болсын, кез келген 
басқа істе болсын, көңілге жақпайтын, қы зық-
сыз күйбең тірліктер кездесіп жатады. Сон дық-
тан, уәжділіктен басқа, кә сіп кер тәртіпті лік пен 
мақсатқа жету сияқты қасиеттерге ие болуы тиіс.
Кәсіби өзін­өзі жүзеге асыру барысын­
да адамда кәсіби ойлау қа лып тасады, 
ол үшін белгілі бір сипаттамалар мен 
қабілеттілік жиынтығы тән: жүйрік 
логикалық ойлау, көрегендік, даралық 
ойлау, қызығушылық, жаңа білім мен 
дағдыларды меңгере білу қабілеті, интуи­
ция, білімді болу.
Мысалы,  супермаркеттің  тә жі ри бе лі  әкімшісі  8 
наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне 
орай сыйлықтар үшін шоколадқа деген сұраныс 
артатынын білгендіктен, алдын ала көбірек шо-
колад өнімдерін сатып алады. Ол сондай-ақ са-
тып алушыларды тарту үшін сөрелерді шоколад 
пен гүлдермен ерекше етіп безендіріп, дайын 
сый лықтар  әзірлеуде  сатып  алушы лар дың  кө ңі лі-
нен шығатындай басқа тәсіл ойлап табады.
Сондай-ақ  қа лып тасқан  кә сіп кер де  мынадай 
сипаттар дамиды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   186




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет